Қазақша Бата – тілек: Қоныс той | Qazbrand.info

Әмин, деп қол жайып,
Бата берем толғанып.
Баспанаңды бітірдің,
Еңбегің жанып оңдалып.

Жиһаз толсын ішіне,
Дос сүйсінсін ісіңе.
Мерейленіп ұйықтаңдар,
Жұмақ кіріп түсіңе.

Биік болсын төбесі,
Будақтасын өңеші,
Мықты ұстасын ағашы,
Әрбір қаққан шегесі.

Бақыт құсы үйірілген,
Той кетпесін үйіңнен.
Асқақтай бер қашанда,
Осы жақсы күйіңмен.

Қонақ кетпей үйіңнен,
Мерейің тасып өрлегін.
Отбасыларың аман боп,
Қиыншылық көрмегін.
Әмин, Аллаһу Әкбар!

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау