Қазақша Бата – тілек: Алтын той, Күміс той | Qazbrand.info

Алтын той батасы
Алтын тойдың дастарқаны,
Дастарқаны мол болсын.
Берекелі қол болсын,
Тойға келген қонақтың.
Бәріне сәтті жол болсын.
Тілектерің оң болсын,
Жұқармайтын қоң болсын.
Екеуіңнің кигенің,
Алтын жағалы тон болсын.

Немереңді өсіріп,
Шөбереңді жетектеп,
Шашқан Алла ырзығың,
Тере бергін етектеп,
Құт болып, мекен тұрағың,
Жайқала берсін құрағың,
Лайланбасын бұлағың.
Жарқырай берсін шырағың,
Жастарың жүзге жеткенше
Тарқамасын бір-біріңе құмарың.
Әумин.

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: