Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

 

Жоспары :
1. Кіріспе бөлім: 
а. «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін жан-жақты      дамыту».
2.Негізгі бөлім: 
а. « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» стратегияларын ұтымды пайдалану.
ә. « Оқушыны шығармашылыққа баулуда жаңа технология элементерінің        тиімді жақтары».
3.Қорытынды.

 

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап етеді. Мектепте білім беру жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат. Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттырумен бірге біліктілігін ұштап, жан-жақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. Заман талабына сай қажетті жаңартылған өзгерістер мен ізденістер қарастырылуда.

Білім берудің мақсаты, мазмұны өзгерді. Соған сәйкес оқытудын жаңа технологиясы енгізілуде. Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.

Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар — оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.

Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.

Мазмұнға  байланысты міндеттер:

1.Әңгімені оқып танысады.

2.Мазмұнын ашады.

3.Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:

Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.

Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:

  1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
  2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.

З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.

  1. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.

Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.

Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ өткізу мәнерін өзгерту деп білемін. Стратегияларды әр сабақтың мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.Сонда ғана оқушының оқуы мен жазуына, тілдік әрекетке өзгеріс енгізуге болады. Өз ойын айтуға еркіндік берілгенін бала сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады. Оқушылардың ойлау деңгейі жоғарлайды. Шығармашыл ұстаз ізденгіш, жаңашылдыққа жаны үйір, алдына дұрыс мақсат қоя білетін, оқушыны жаңа бір нәрсе білуге бағыттай алатын болуы шарт.

Қазақта бес саусақ бірдей емес деген мәтел сөз бар. Осы мәтелге сай сыныпта отырған оқушының барлығының қабілеттері бір  деңгейде емес. Ұстаз ең бірінші оқушылардың қабілет деңгейін толық біліп, айыра білгені жөн. Сондай-ақ қабілет деңгейінің әр алуандығын басты назарға алынуы қажет. Оқушылардың қабілет деңгейін анықтау үшін жұмыс түрлерін түрлендіріп, екінші сыныптан бастап жүргіземін. Бастауыш сынып оқушыларының  жас ерекшеліктеріне байланысты есте сақтау қабілеттері, материалды қабылдау мүмкіндіктері әр деңгейде және зейіндері тұрақсыз.

Сөйте тұра жас баланың неге бейім екенін аңғаруға болады. Бала тіпті ойын үстінде неге бейім екенін көрсетеді. Осы бейімділік келешекте қабілетке ұласады. осы бала бойындағы қабілетті көру және одан әрі дамыту біздің басты міндетіміз.

Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ортасы, ұстазы, ата-анасы қолайлы жағдай туғызу керек. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытудамын.

Мен өзімнің іс –тәжірибемде ең алдымен баланың күнделікті өмірде қарапайым көріп, біліп, байқап жүрген оқиғаларын баяндап, суреттей біле ме  және өз бетімен жаттаған өлең, тақпақтарын жатқа айту, сурет салуға бейімді ме, өздерінің теледидардан көрген мультфильдерінің  мазмұнын еркін әңгімелеп айта алу деңгейін ажыратамын. Әрі қарай жұмыстарым әр оқушының қабілетіне қарай ұйымдастырылады.

Ұлы педагог Ш. Амонашвали: «Педагогикалық процесте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңіліндегісін айтуға мұрсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысымен үйлесім тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұштасып кетеді. Мұндай жағдайда рухани тұтастық пайда болады» — дейді.

Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетіне қабілетті, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Олар:

Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

  1. Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
  2. Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;
  3. Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу;

Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. . Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады.

Шығармашылықпен жұмыс істеуде баланың сөздік қорының мол болуы көп нәтижеге қол жеткіздіреді. Бастауыш сынып оқушысы қазақ тілі сабағында тіл үйреніп, сөздік қорын молайтумен қатар, оқушы мәдениетті сөйлеуге, пікірлесуге, ойлауға, әңгімені одан әрі қиялмен жалғастыруға  үйренеді. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын оқытып, ойнатып отырып дамыту қажет. Оқушылардың шығармашылығын әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып арттыруға болады. Өзімнің іс-тәжірибемде оқушылардың шығармашылықтарын арттыру үшін төмендегі жұмыс түрлерін жиі қолданамын:

  • Әңгімені бөлімдерге бөлу, бөлімдерге тақырып қою;
  • Әңгімені рөлге бөліп оқу;
  • Образға ену және рөлдік ойындар;
  • Әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме беру, олардың жағымды және жағымсыз жақтарын ажырата білу;
  • Қиял арқылы әңгімені жалғастыру;
  • Әңгіме сюжеті бойынша сурет салу;
  • Үзіп оқу әдісі арқылы ой жалғастыру; (инсерт)
  • Болжау кестесі;
  • Венн диаграммасы;
  • Ассоциация;
  • Топтастыру, кластер;

Алдымда отырған оқушылардың қиялы дамып, сөздік қоры артып, өз ойларын ашық айтып, қызығушылықпен жұмыс істеуге осындай іс-тәжірибем арқылы қол жеткіздім. Бала бойындағы қабілет, таланттары шығармашылық жұмыс барысында ашыла түседі. Бастапқы кeзeңдeрдe тақырыпты анықтау үшін: миға шабуыл, топқа бөлу, эмоциалық рeфлeксия. Рeфлeксия кeзeңіндe «Конвeрт», «Ыстық орындық», «Сауал алу», «Синквeйн» әдістeрін қолдандым. Мeн үшін өте тиімді әдістер.
Сын тұрғыдан ойлауды модульді іскe асыру үшін сабақ барысында ынтымақтастық атмосфeрасын қалыптастыру үшін ұйымдастыру кeзeңіндe «Мeн сізді… таныстырғым кeлeді», «Шаттық шеңбері» ойындарын пайдаландым. Ойын шарты қасында отырған сыныптасы туралы қосымша мәлімeт алу. Бұл жeрдe оқушылар диалогқа түсті. Сабақ барысында оқушылардың жас eрeкшeліктeрін eскeрe отырып, төмeн дәрeжeлі сұрақтарды қолдандым. Диалог құрастыруларына бағыт бeріп отырдым. Сондай — ақ сұрақ қою тeхникасын қарастырып, әр оқушының түсіну дeңгeйін анықтауда әр оқушы өзін жәнe жұбын бағалатып отырды. Олар бір – бірін қолпаштап, мадақтады. Кeлeсі әр сабақта топтарға бөлгeн кeздe әртүрлі әдістeрді қолдандым. Оқушылар түстeр, асықтар, сурeт қиықтары, кәмпит арқылы топқа бөлінді. Осы тәсілді сабағымда қолдану өтe тиімді болды, сeбeбі топпeн жұмыс істeу барысында әр оқушы өз үлeсін қосып, eстe сақтау, ойлау қабілeттeрін дамытты жәнe сыни көзбeн қарап, әділ бағалауға үйрeнді.
Сабақтарда постeрлерге флипчарт құрастыру, ол барлығына қатты ұнады. Оқушылар оқығанды қатты ұнатпаса, сурeт салуды өтe құптайтыны байқалады. Оқушылар бір – бірін тыңдап, сұрақ қою, қолпаштау арқылы бағалайды. Тағы мeні таңғалдырғаны сабақта оқушылар бір – бірінің постeрін бағалау кeзіндe eкі жұлдыз, бір ұсыныс сыни тұрғыдан қарап, әділ бағалады.
Сабаққа кeлeтін болсақ топ басшылары тапсырмалық парақтарды алады. Тапсырманы орындар алдында оқушыларға өздігінeн табысты түрдe орындау үшін критeрий құрғызу керек. Бір минут ішіндe әр топ 1 — 2 критeрийді ойлап тақтаға жазады. Осылай сыни тұрғыдан бағалаудың тізбeктік көрінісін шығарттым. Сабақта қазақ тіліндe критeрийлeрді құруға тырысты. Бұл тапсырма жeтістіккe жeткeндігі көңілімнeн шықты.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» оқушылардың шығармашылық  әрекетін қамтамасыз етуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқушының еркін сөйлеуіне, өз пікірін айтуға, достарының ойын тыңдауға, жағдаяттарды шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз-ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген -білгенін талдап салыстырып,білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы –оқушыға білімнің дайын күйінде берілмеуі. «Не істеу керектігін» нақты жағдайда көрсетпей, мұғалімнің шеберлігі арқылы оқушының өзінің шығармашылық ойлауын,білімге қызығушылығын ояту,шешім қабылдауға  үйрету, жауапкершілігін арттыру. Жалпы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының мақсаты үш кезеңнен тұрады. Олар: қызығушылықты ояту,мағынаны тану,ой толғаныс кезеңдері.Оқшыларды ойлауға үйретуде ,тілдерін дамытуда РАФТ, INSERT, екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, дөңгелек үстел,үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп. Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі менің әр сабағымда  қолданыс табады.

  Алдарыңызға қазақ тілі сабағында шығармашылықпен  орындалған жұмыстарды ұсынамын:

Баланың шығармашылығын дамытуда мынадай әдістерді қолдандым. Әр тақырыптың идеясын оқушылардың өздері ашады. Кейіпкерге айналады, онымен бірге қуанады, қиналады, армандайды, қиялдайды, жағымды жағын алады. Мысалы: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» тақырыбын көрнекілік әдісі арқылы тақырыпты оқушылар өздері ашты. Ол үшін « Маса, айдаһар, қарлығаш, бала » сөздерін алдым. Бұл сабақта Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Болжау кестесі» стратегиясын қолдандым.

Не болады?   Дәлел.  Не болды?

Балаға бір қауіп төніп тұр. Маса баланы шақпақшы, қарлығаш баланы айдаһардан құтқармақшы. Баланың  ащы шырылы құлаққа тиді. Жаны ашыған қарлығаш жанында жүр.

Масадан адамның қаны ағып түседі.

Талқылау кестесі арқылы проблемалық сұрақ туғыза отырып, талқылау:

1) Қарлығаш аман, тірі қалсын ба? — Тірі қалсын.

2) Әлде айдаһар қарлығашты жеп қойсын ба? — Жоқ.

3) Қарлығаш баланы құтқарсын ба? — Құтқарсын.

4) Қарлығаш мақсатына жетті ме? – Қарлығаш мақсатына жетті.

5) Қарлығаштың құйрығы неге айыр болып қалды? – Қарлығаштың құйрығын айдаһар тістеп алды.

Оқушылардың шығармашылығының дамуына ықпал ету мақсатында мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау жұмыстарын тапсырамын. Мысалы: «Спорт » мәтінін оқушылар былай жалғастырған болатын: « Спорт- адамның  денсаулығына пайдалы. Спортпен айналыссаң мықты боласың, ауырмайсың. Спорт адамды төзімділікке тәрбиелейді.» Бұл сынды тапсырмалар оқушылардың сөздік қорларын молайтып, бала қиялын дамытады.

2-сыныптан бастап жоспар арқылы жазуға төселеді. Кейбір оқушылар ойын жазбаша жеткізуге қиналады. Ал, кейбіреулері ойын жазбаша еркін жеткізгенді ұнатады. Тірек сөздерді пайдалана отырып жазуға төселеді. Тапсырма түрлері өзгертіледі.Кейіпкерге мінездеме беру, автордың ойына өз ойларын қосу, мәтінді жалғастыру, кейіпкерге сипаттама беру, өзіндік көзқарастарын білдіру, авторға хат жазу, автор орындығы т.б. арқылы шығармашылығын арттырып, қызықтырып отырамын. Баланы жазуға машықтандыру жағдайы жазуды талап ететін өмірмен салыстырылды. Мысалы: «Көктем» тақырыбын бірнеше тақырыптарға талдап, ұнағанына жазады. «Көктем», «Көктемгі орман», «Көктемгі жан-жануарлар» Көктем туралы оқушылардың жазған шағын шығармалары:

Көктем келді.

Жердің аппақ қары еріді.Күн жылынды. Жерге көк кілем жабылды. Құстар қайта оралды. «Міне, саған гүлім!» — деп көктем келді.

Наурыз көктем.

Көктем келді. Күн жылынды. Құстар келіп ән салып жатыр. Жерде жасыл шөптер шыға бастады. Гүлдер гүлдеп, ағаштар бүршік атты. Барлығы келе жатқан Наурыз мерекесіне дайындалып жатыр. Мерекеде киіз үй құрады. Дастарханға бесбармақ қойып, бауырсақ төгеді.

Сонымен бірге 5 жол өлең құрастыру арқылы да оқушылардың тақырып бойынша ойын жинақтап, шығармашылығын дамыту жолын сабақта жиі қолданамын.

Жаңа тақырыпқа байланысты сөздік жұмысын жүргізген кезде, жаңа қолданылған сөздерге сөйлем ойлап жазумен бірге, сол сөздерді қолданып, 5 жол өлең құрастыруды да тапсырамын. Мысалы:

  1. Отан
  2. Үлкен, қымбат
  3. Қорғайды, дамиды, оқытады
  4. Отан- оттан да ыстық.
  5. Ел.
  6. Оқушы

2.Тәртіпті, білімді

3.Оқиды, санайды, жазады

4.Оқушылар біздің елдің болашағы.

5.Бала

Бастауышта сәтті сабақ белгіленген мақсатқа жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатын үрдіс.

Оқушы әректі:

  1. Өз ойын еркін жазу.
  2. Өзгені тыңдай білу және көмектесу.
  3. Бірлесе әрекет ету.
  4. Өз әрекетін талдау.
  5. Өз мақсатын анықтау.

Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.

Мысалы: 2-сыныпта «Киімдер» мәтінін өткенде сабақты Топтастыру стратегиясымен бастадым.

ББҮ — Білемін, білгім келеді, үйрендім стратегиясы бойынша жұмыс жүргіздім. Ол үшін тақырыпқа байланысты сұрақ қойылды.

Киім не үшін керек?

Білемін

Білгім келеді?

Үйрендім.

Киімнің түрлерін білдім. Киім адамға жылулық, сән береді.

Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне түсіреді. Бұл технологияны бастауыш сыныптан бастаған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып,
белгілі нәтижеге жетіп, оқушы танымын арттырып, шығармашылық қабілеттерін ұштап, белгілі бір жетістіктерге жетті. Оған дәлел оқушыларым « Мемлекеттік тіл – рухани жаңғыру тілі! » тақырыбында онкүндік апталығында «Ұлы дала жаңғырығы » атты әдеби- сазды концерттік шараға қатысқаны үшін 4 «Ж» сынып оқушысы Қайырғали Нұрмұхамед, 4 «К» Сырымбет Асылай мектеп директорынан алғыс хатпен марапатталды.  «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» оқушылардың шығармашылық  әрекетін қамтамасыз етуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқушының еркін сөйлеуіне,өз пікірін айтуға,достарының ойын тыңдауға,жағдаяттарды шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз-ой қозғай отырып,оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап,естіген -білгенін талдап салыстырып,білмегенін өзі зерттеп,дәлелдеп,өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы –оқушыға білімнің дайын күйінде берілмеуі.

«Не істеу керектігін» нақты жағдайда көрсетпей,мұғалімнің шеберлігі арқылы оқушының өзінің шығармашылық ойлауын,білімге қызығушылығын ояту,шешім қабылдауға  үйрету , жауапкершілігін арттыру. Жалпы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының мақсаты үш кезеңнен тұрады. Олар: қызығушылықты ояту,мағынаны тану,ой толғаныс кезеңдері.Оқшыларды ойлауға үйретуде ,тілдерін дамытуда РАФТ,INSERT,екі түрлі түсінік күнделігі,еркін жазу,дөңгелек үстел,үш қадамдық сұхбат,бес жолды өлең,эссе,түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп.

Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі менің әр сабағымда  қолданыс табады. Қазақ тілі сабағында «Эссе» стратегиясы бойынша «Егер мен жазушы болсам…..» тақырыбында  шығарманы қалай аяқтар едім деп өз ойын жазады. «Эссе» жазу арқылы өз ойынан әр түрлі пікірлер құрастырып,оны дәлелдеуге үйренді. Мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете түсінуде,еске сақтауда сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары оқушыларға көп көмегін тигізді.Тақырыпты толық ашып түсінуде  көмектесетін оқыту стратегиясы «INSERT» стратегиясын қолдандым. Шығарма бойынша оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында «V»- білемін; «-»- білмеймін «+»- мен үшін жаңа ақпарат «?»- мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.INSERT –оқығанын түсінуге ,өз  ойына басшылық етуге,ойын ашық білдіруге  үйрететін ұтымды құрал.Оқушылардың  ерекше қызыға орындайтын  тапсырмалардың  бірі «Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру».Балаларға дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөліп,мәтінді оқи отырып: Бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар,үзінділер жазады.Сол жағына сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады( нені еске түсірді, себеп салдары қандай,қандай сұрақ бар т.б) Әр оқушы мәтінмен танысып,дәптерлеріне жазбаша тапсырманы толтырып біткен соң бірінші жұппен,одан кейін топпен талқылау  ұйымдастырылады.Топ ішінен өз жұмыстарын бір-бірден шығып қорғайды.

Осындай сын тұрғысынан ойлауға арналған тапсырмалар оқушыларды топпен бірігіп жұмыс жасауға  үйретеді.Мәтінді өз бетінше меңгеруге  жағдай жасайды.Сонымен қатар сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды,оқыған  мәтінді түсіну оны түсінікті  етіп айтып беру,оған қатысты ойын,пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Қазақ тілі  сабақтарында оқушылардың еркін ойлау мүмкіндіктерінің ашылуына себеп болған стратегия – ой толғаныс  сатысы.  Ой толғаныс сатысы кезеңінде, жаңа алынған білімдерді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек. -оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу; -өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу; -болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу; -жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуде осы білімді қолдану; (Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.14-б) Сабақтың  ой толғаныс кезеңінде «Еркін  жазу» стратегиясын қолдану өте тиімді.

Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиғалар жайлы,одан алған әсерін,не үйренгенін,нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа өз пікірлерін қағаз бетіне түсіруді тапсырдым. Жазуға уақыт бердім.Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топта талқылап,ең жақсы деп танылған шығарманы ортаға шығып оқыды. Мәтіндегі негізгі идеяларды талқылауда қолданған әдістердің бірі «ыстық  орындық».Әр топтан бір оқушы алға шығып пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді .Кейбір оқушылар рөлге кіріп кейіпкерді сипаттап та береді.

«Ыстық орындық» кезінде оқушылар сыни тұрғыдан ойланатын сұрақтарды өте ұтымды қойып отырды.          Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер: Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға  ұмтылу;үзілді –кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою; Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды  бағалау;баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу. (Мұғалімге арналған нұсқаулық.54-б) Жалпы сыни  тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады,олар сұрақ қойып,дәлелдерді талдайды,мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады.

Қорыта келе сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын өз сабақтарымда қолдану арқылы оқушыларда психологиялық ахуал қалыптасты.Өзін жеке дара тұлға ретінде танып,бір-біріне құрметпен қарауға үйренді.Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өзін-өзі бақылау,сөйлеу,тыңдау қабілеттері артты.Білімді өз бетімен  алуға деген ынтасы,шығармашылық  жұмыстарға қабілеттері артты. Сыни тұрғыдан оқу мен жазу бағдарламасының нәтижесі төмендегідей болды. СТО құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім. Сабақта Сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым.

Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді. Оқушылардың білім сапасы артты. Пәнге қызығушылығы артты. Сонымен ортақ пікірге келсек, шығармашылық- ол таң қалу және танымдық қабілет, белгісіз жағдайда шешім таба алу іскерлігі, жаңалық аша білу және өзі ашқан тәжірибені ұғына білу қабілеті. Сабақта қолданылған стратегиялар оқушыларыма өздерінің, бір- бірінің ой пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа, тың идеялар туындауына жол ашты. Сонымен бірге ерекше белсенділік пен шығармашылық шабыттың шарықтауы нәтижесінде олар еркіндік әлемінде еркін шарлағандай болды. Ал, қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі — әр ұстаздан талап етіледі.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Садуова Ж.Н. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру.
  2. Бастауыш сынып. Начальная школа / №2, 2009 ж
  3. Бастауыш мектеп / №8, 2004ж, №12, 2001 ж. №7, 2006ж. №9, 2003 ж.
  4. Қазақстан мектебі /№2, 2003 ж/
  5. С.Ахметов. «Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру.
  6. М. Ұстаздық шығармашылық және дамыту Б. А. Тұрғынбаева Алматы.

Баяндаманың авторы:
Камеденова Айнур Сагындыковна,
Атырау қаласы, Жапақ Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейі

Бөлісу