АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ

«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі –ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» — деп Елбасымыздың сөзімен бастағым келіп отыр. Халқымыз мемлекеттік тілді одан әрі дамыта түсіп, орыс тіліне қолдау білдіріп, ағылшын тілін меңгерулері тиіс деп есептеймін.

Біз — дамушы мемлекетпіз. Экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылу мақсатында, сондай – ақ,  бізді әлем мойындауы үшін де үштілділік саясатын ұстанып отырмыз. XXI ғасыр ағылшын тілін меңгеруді талап етеді. Сондықтан, ағылшын тілі тілдердің үш тұғырының бірі ретінде жұмыс жасауының  негізгі алғышарты — оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы, әлеуметтік — экономикалық, мемлекетімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне – халықаралық сипатқа ие болған ағылшын тілінің қоғамда алатын орны ерекше.Елдегі тұрақтылық пен татулықты, бірлікті сақтаушы-тіл.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,- деп халықты тілді құрметтеуге ұлы ақынымыз Қадыр Мырза Әли шақырған болатын және осыны қазақ жастарының бойына сіңіріп өсіріп келеді.

Жалпы, қазіргі әлемді және біздің өмірімізді ағылшын тілінсіз елестету мүмкін емес, ол оған толықтай еніп, қарым-қатынасымызды толығымен өзгертті. Әрине әр адам қандай тілде оқып, білім алғысы келетінін өзі шешеді. Бірақ әлемде болып жатқан ғылыми жаңалықтарды, әртүрлі бағыттағы жаңа мүмкіндіктерді игергісі келсе, ағылшын тілін үйрену керек. Бұл болашаққа сеніммен қадам жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны айрықша. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан сөзінің астарында үлкен мағына жатқанын аңғаруға болады. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Мемлекеттік тілді білуге тиісті емессің, міндеттісің деп айтар едім. Шет мемлекеттің алдында еліміздің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді меңгеру кем болмаса,  артық етпейді.Ағылшын тілін оқу арине қиынға соғатыны белгілі. Сондықтан  ағылшын тілінде көптеген аудио- видео, онлайн программалармен жұмыс жасап, оларды күнделікті орындап отыру қажет. Ағылшын тілін меңгеремін, үйренемін деген талабы бар әрбір азаматқа ең алдымен сөздік қорын байыту қажет.

Мен, бүгінгі күні Е.А.Бөкетов атындағыҚарағанды мемелекеттік университетінде, жылу энергетика мамандығында білім алудамын. Мен болашақ маман ретінде ағылшын тілін білуім тиіс деп есептеймін.Себебі, қазіргі заман талабы білікті азамат, білімі жоғары, шет мемлекеттердің білім стандартына бәсеке бола алатын маман даярлап шығаруды талап етуде. Қазақстандағы жаңа өндірістік жабдықтардың, қондырғылардың тілі ағылшын тілі. Яғни ағылшын тілін білмей,заман талабына сай, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толықтай қол жеткізе алмайтыңымыз айқын.Осындай қателіктерді жібермеу үшін қазірден бастап  ағылшын тіліне ерекше назар аударуымыз керек.

Мемлекетіміздің әлемдік бәсекелестікке шығуға ағылшын тілінің ықпалы айрықша. «Бүгінгі еліміздің болашағы жастардың қолында» —  деп Елбасымыз бекер айтпаған.Елімізде жыл сайын шет мемлекеттерде білім алып жүрген жастарымыздың саны күннен – күнге артуда. Бұл еліміз үшін қуанарлық жағдайлардың бірі. Сол себепті де ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мектептер, жоғары оқу орындары тілге жұмыла күш салуда. Республикамыздың көптеген аймақтарында да, ағылшын тілін меңгеру үшін көптеген курстар ашылған.Ал осы тілдің дамуында жастардың, яғни біздердің қосатын үлестеріміз айрықша.Біздің еліміздің болашағы -жастардың қолында.

Тоқтаболат Гүлнұр Гайдарқызы

 

Бөлісу