Атырау облысы, Құрманғазы ауданы.
Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі.
Информатика пәнінің мұғалімі
Бисенова Нұрсұлу Қатиетқызы.

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Ғаламтор.

Сабақтың мақсаты:   Оқушыларға компьютерлік желілердің негізгі, яғни хаттама, сервер, шина, браузер және жергілікті, ауқымды компьютерлік желілер жайлы мағлұмат бере отырып оқушылардың бойында нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Табыс критерийлері:

  1. Телекоммуникациялардың ұғымын білемін.
  2. Компьютерлік желілердің негізгі түрлері білемін.
  3. Ғаламторға анықтама бере аламын.

Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық»,

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».

Стратегиялық іс-әрекеттер: «Шаттық шеңбері», «Миға шабуыл», «Білгенге маржан»,  «сұрақ-жауап», «сәйкестендіру»,  «Тәжірибелі жұмыс», «Кері байланыс» , «Критериалды бағалау»

Сабақтың барысы:

Уақыт өлшемі Мұғалім іс-әрекеті  Оқушы іс-әрекеті Ресурстар
Кіріспе

5  мин.

Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі. «Шаттық шеңбері» құрғызу.

Шаттық шеңберін құрғызып, достармыздың көңілін көтеру мақсатында оларға деген жылы лебіздеріңізді білдіріңіздер. «Мен саған бүгінгі сабақта белсенді танытуыңды  тілеймін».

Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

Қағаздар

 

 

 

Тұсаукесер

10 мин.

Топқа бөлу.
Жаңа сабақты байланыстыра отырып   2 топқа бөлу.1. Желілер.2. Ғаламторлар.

 

Орындарына отырғызып  өткен тақырып бойынша не білетіндерін білу мақсатында «сұрақ-жауап» ойыныны арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Power Point не үшін арналған бағдарлама
Power Point — ты іске қалай қосуға болады?
Слайд дегеніміз не?
Презентация деп нені атайды?
Слайдтарды қалай қосуға болады?
Слайдқа объектілерді қалай кірістіреді?
Жаңа слайд ашу тәсілдері?
Слайдты көрсету әдістері?
Слайдты сақтау?
Слайдтарды толық экранға көрсету батырмасы?

 

 

Оқушылардың назарын сабаққа аударады.

«Миға шабуыл» Қандай мақсатпен компьютерлерді желіге біріктіреді?

 

Атауларға байланысты топтарға бөлінеді.

 

 

 

 

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

Сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.

 

АКТ

Негізгі бөлім

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 мин

 

 

5мин

 

Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз

«   Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Ғаламтор »

«Білгенге маржан» жаңа сабақ бойынша өз бетінше оқуға баулу.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалана білу керектігін атап көрсетті.
Компьютерлік желінің негізгі түрлері олар:
Компьютерлік желі
Жергілікті желі
Ауқымды желілер
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды
(диск, принтер, файл, құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.
Жергілікті желі – саны шектеулі әдетте 100 — ге дейін компьютерлерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті желі аймақты бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт, немесе компьютерлерді біріктіреді.
Ауқымды компьютерлік желі бұл бір немесе бірнеше желілерді өзара байланыстыру яғни қала, аймақ, ел, бүкіл жер шарын қамтуы мүмкін.
Қазіргі уақытта маңызды байланыстың бірі – Internet. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі XXI ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Қазіргі маман заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгерумен қатар Интернетте жұмыс жасай алуы керек.
Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге модем керек. Модем дегеніміз – бұл компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютерге иесіне лайықты провайдер тауып Интернетте жұмыс істеуге келісімге отыруға болады.

1.топ Желілер

2.топ Ғаламторлар

Компьютерлік тәжірибелік жұмыс

Оқулықтағы 221 беттегі Практикалық жұмыстарды компьютерде орындаттыру.

 

«Сәйкестікті тап!». Қазақ тілінде және ағылшын тілінде берілген терминдердің арасындағы сәйкестікті табу керек.
Браузер ——————————— e — mail
Домен ———————————— browser
Хабарламалар тақтасы ————- domain
Сеанс ————————————- gateway
Желі ————————————— BBS
Электронды пошта —————— session
Шлюз ———————————— network

 

 

 

Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.

Оқушылар   жаңа  тақырып  бойынша  мағлұматтарды оқып,  ортаға  салады.

Тақырып бойынша екі топ түсініктерін тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 топ оқушылары желілерге анықтама береді.

2 топ оқушылары ғаламторға анықтама береді.

Компьютерде денгейлеріне қарай тапсырмаларды орындайды.

 

Сабақта не үйренгендерін білу мақсатында оқушылар интербелсенді тақтада шыққан сәйкестендіруге жауап береді.

 

АКТ

 

 

 

Оқулықтар

Дәптерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтары

 

Қорытынды

3 мин

Кері байланыс.

Табыс критерийлері арқылы өздерін бағалайды.

Үйге тапсырма беру. §31

Смайликтерді табыс критерийлері бойынша түсінген өздеріне кажетті жерге жабыстырады.

Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.

Смайликтер.

 

 Компьютерлік, компьютерлік желілер, компьютерлік графика, компьютерлік вирустар, компьютерлік модельдеу, ғаламдық компьютерлік желілер, компьютерлік презентация, компьютерлік желілердің түрлері, компьютерлік желілер сабақ жоспары, компьютерлік тест, компьютерлік желілер 8 сынып, компьютерлік технология,

Бөлісу