Еуропа және Америка елдерінің бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси дамуының негізгі бағыттары – Qazbrand.info

Қоғам дамуының ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағы қорытындылары. Бірінші дүниежүзіліксоғыстың алдыңғыекі-үш он жылыдықтың ішінде Еуропа мен Солтүстік Америкада әлуметтік-экономикалық, саяси және рухани өмірдің барлық салаларында аса ірі өзгерістер орын алды. Дүние жүзі тарихының бұл өтпелі кезеңінің мазмұны капиталистік буржуазиялық қоғамның орнығу кезеңінің аяқталып, буржуазиялықреволютциялар дәуірінің өткендігімен айқындалады.

Партиялар мен талаптардың күресі ашық сипат алды. Консерватизім, либерализм, социализм және марксизм басты идеялақ ағымдар есебіне толық қалыптасып тиісті партиялар түрінде саяси көрініс тапты. Саяси өмірдің алғы шебіне әлуметтік мәселелер, мемлекеттің әлуметтік қызмсеттері, еңбек пен капитал арасындағы жұмысшылар мен кәсіпкерлер және мемлекеттік билік арасындағы қайшылықтар шықты. ХХ ғасыр соңында кәсіп одақтар қарқынды дами бастады. Қоғамды демократияландыру үшін шіркеудің рөлінің әлсіреуі, негізінен алғандаоның мемлекет пен зайырлы биліктен бөлінуі, сонымен қарат қоғамдық сананың еркіндік алуы, зайырлы мектеп принциптерінің орнығуы, жалпыға бірдей бастауыш білім беру сияқты құбылыстардың маңызы зор болды.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында басты капиталистік елдердеірі демографиялық өзгерістер орын алды. Еуропа халқы 1870-1914ж.ж. аралығында 300 млн-нан 450-ға млн дейін өсті. Еуропа елдерінің көпшілігіндеөмір сүру деңгейі едәуір артты. Аталған жылдар ішінде еуропалық елдерден мұхиттың арғы жағына 26 млн адам қоныс аударды, оның жартысы АҚШ пен Канадаға жайғасты. Бұл қоныс аудару тасқынында Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австро-Венгрия, Италиядан шыққандардың үлес салмағы басым болды.

Бұл әлуметтік шиеленісті бірсыпыра бәсеңдеткенімен, қарқынды индустрияландыру мен қалалардың күрт өсуінің әлуметтік мәселелерін шеше алмады. 1880ж. Еуропа халқының саны 1,5 млн асатын 8 қала болса, 1914 жылы олардың саны 29 жетті.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында капиталистік қоғамда маңызды өзгерістер орын алды, бірақ капитализімнің негізгі белгілері – жеке меншік, нарық қатнастары, пайда, бәсеке, экономикалық шешім қабылдау еркіндігі және т.б. сақталып қалды. Капиталистік жүйенің ішкі заңдылықтарымен, құрылып келе жатқан дүниежүзілікрынокпен, дүниежүзілік шаруашылықпен, өзгеріп отыратын мемлекет қызметтерімен анықталатын даму бағыттарының ауқымы өзгерді.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындаиндустриялды елдердің азғана тобының арасында Африкадағы, Азиядағы және Тынық мұхиттағы жерлерді басып алу жөніндегі бәсеке өрши түсті. Қорытындысында ХХғ. Басында отаршы елдердің арасында дүниежүзін территориялық бөлісу аяқталды.

ХІХғ. 80-шы жылдары басына дейінеуропалық отаршы елдердің Африкадағы территориясының 90 пайызына осы уақытқа дейін отаршылдардың етігінің табаны тимеген болатын. Ал 1900 жылдың тұсында Африканы жеті еуропалық ел түгелдей өзара бөлісіп алды. Ірі Африка елдері Нигерия, Кения, Уганда, Танганьика, Оңтүстік Африкада – Родезия және басқалары Англияның отарларына айналды. Англия Египет пен Суданды да басып алды.

Франция Батыс Африканы және Орталық Африканың бір бөлігін, Мадагаскарды иемденді. Германияның үлесіне Шығыс пен Оңтүстік-Батыс Африкадағы территориялар мен Того, Камерун тиді. Италия Ливия мен Сомалидің бір бөлігін, ал Бельгия Конгонды басып алды. Басқа мемлекеттер аз сыбағамен қанағаттанды. Міне, осындай негізде дүниежүзілік рынок қалыптасты. ХХ ғасыр межесінде отарларды қайта бөлісу үшін күрес басталды.

ХХ ғасырдың басында индустрияландырудың негізгі есебінде ауыр өнеркәсіптің жедел қарқынмен дамуы негізінен аяқталды. Темір жол құрылысының кең өріс алды.

ХХ ғ. басында бірнеше алдыңғы қатарлы елдер Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия, технолгиялық кәмілетке жетті. Оларда индустриялдық қоғам қалыптасты. Осы он жылдықта жедел индустрияландыру жолында Швеция, Италия, Ресей, Австор-Венгрия, Канада, Жапония, сияқты елдер түсті. Бірақ еуропа елдерінің басым көпшілігінде еңбекке жарамды халықтыңтең жартысынан көбі ауыл шаруашылығында жұмыс істеді. Азия мен Африкада, бірсыпыра Латын Америкасы елдерінде индустрияландыру әлі бастала қоймаған еді.

Көмір мен болат индустриясы дәуірінің аяқталуы экономикадағы жаңа процестермен байланысты. Капиталистік экономикалық даудың басты бағыты жаңа технолдогиялар мен жаңа техникаға, өндірістің жаңа салаларына бұрылды.

ХХ ғ. басында рыноктік өзін-өзі реттеу мен қоғамның өздігінен ұйымдасуының жеке шаруашылық нұсқасы сарқылып бітті. ХІХ ғасырыдң соңынан бастап біртіндеп аралас рыноктік- мемлекеттік экономика қалыптаса бастады. 1913жылы ішкі жалпы өнімдегі мемлекеттік шығындардың үлесі Ұлыбританияда, Францияда және Италияда шамамен 12,5 % болса,, Германияда 18 % болды. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында экономикалық дамудың біркелкі еместігі артып, бұрынғы «дүниежүзінің шеберханасы» Англия мен өнеркәсіп револютциясының екінші кезеңіне одан бұрынырақ бейімделген Германия, АҚШ, Жапония аралығындағы қайшылықтар шиеленісі түсті. Кейбір еуропа елдері мен АҚШ-тың технологиялық даму дәрежесі индустриялдық қоғамның күнбе-күн өсіп отырған қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін алғышарттар жасауға мүмкіндік береді. Өндірістік дамудың қарқыны ХІХ ғ. екінші жартысында жыл сайын Германияда 3,8 %, АҚШ-та 5,4, %, жапонияда 6 % Ұлыбритания мен Францияда 2 % құрады. Жалпы алғанда индустриялды елдерде өндірістің артуы халықтың өсуінен кем дегенде екі-үш есе артық болды. ХХ ғ. басында шорғырланған экономикалық күш-қуаты іске асырудың екі жолы анықталған.

ХХ ғ. басындағы реформизм. Экономикалық және қоғамдық дамудың жаңы обьективтік қажеттіліктері мен әлуметтік қозғалыстар, тап күресі күн тәртібіне мемлекттің жаңа рөлі туралы мәселе қойды.Мемлекеттің рөлі,мемлекттік саясат және оны іске асыруға әртүрлі таптар мен саяси партиялардың қатысуы туралы мәселе индустриялды мемлекеттердің біріне айналды.Мұнай реформаларының бастамшысы Германия болды. 1880 жылы Бисмарк үкіметі әлуметтік қамсыздандыру жоспарын іске асыра бастады. 1913 ж. Барлық Еуропа елдерінде өндірісте жарақат алғаны үшін өтемақы төлеу туралы заң қабылданып, қамсыздандыру мен мұқтаждарға жәрдем көрсетудің әртүрлі жүйелері енгізілді. 1911 жылы Англияда жұмыссыздықтан сақтандыру енгізілді. (Басқа елдерде кешірек Германияда – 1927 ж. АҚШ-та 1935ж. Кейін). 1913ж. Швеция индустриялды елдердің ішінде бірінші болып елдің барлық халқын қамтитын зейнетақылық сақтандыру сызбасын енгізді. 1910-1913 ж.ж халыққа білім беру ісіне жұмсалған шығындар АҚШ-та, Германияда, Ұлыбританияда, Францияда, Италияда, Жапонияда ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 2-2,7 % құрады.Денсаулық сақтауға жұмсалған шығындардың да көлемі шамамен осы дәрежеде болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталардың қарсаңында Батыстың индустриялды елдерінде ересек халықтың 9/10 сауатты болды, ал білімнің орташа деңгейі 8 жылға теңесті.

Сөйтіп, ХХ ғасыр басында дамыған капиталистік елдерде өоғам мен өндірістің құрылымында, ұлттық байлыққа сапалы өзгерістер іске асты. Индустриялдық өркениет қалыптасты.

© Дереккөзі

Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: