Адольф Гитлердің өкімет басына келуі жән фашистік диктатураның орнауы – Qazbrand.info

Фашизм – XX ғасырдағы көбінде европалық саяси козғалыс, мемлекетті басқарудың арнайы түрі. Ол дүние жүзінің халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді. Нақты айтқанда Германия мен Италия сияқты фашистік мемлекеттер екінші дүниежүзілік соғыс отын түтандырушылардың басты айыптылары болды. Әрбір елде фашистік козғалыс өзіндік ерекшеліктерімен айкындалды. Герман фашизмі немесе нацизмІніц де біраз ерекшеліктері бар. Мұнда ұлтшылдық шегіне жетіп, нәсілдік формаға ие болған. Нацистердің көзқарасынша адамзат баласьшың тарихы әр түрлі ұлттардың немесе нәсілдердің өмір сүруі үшін күресі. Осы күресте күштілер жеңеді, женілгендер иә бағынады, иә қырылады. Олар өмІр сүруге ең кабілетгі нәсіл деп немістер жататын «ариилік», «нордилік» нәсілді есептеді. Фашистердің ойынша олардың тарихи миссиясы дүниежүзілік үстемдікті жаулап алу. Ол үшін Версаль бітімшартын жою, барлық немістерді бір мемлекетке біріктіру және Шығыста Германия үшін оған ешқашан блокада қаупІ болмайтын «өмір сүру кеңістігін» жаулап алу керек болды. Германия дүниежүзілік үстемдік үшін шешуші шайқасқа дайындалуды бастады. Шектен шыкқан үлтшылдык шектен тыс жүгенсіздІк туғызды.

Германияда фашистік козғалыс бірінші дүниежүзілік соғыстаи соц бірдси пайда болды. 1919 жылы қүрылгаи Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясы (НСДАП) бүкіл фашистердІ тартудын орталығына айналды. Бүл партияның лидері көп ұзамай-ак Адольф Гитлер болды.

Адольф Гитлер (1889-1945). Ол 1932 жылға дейін Австрия азаматы болған. Әкесі кеден кызмсткері. Алайда ол Гитлер 14-ке келгенде олген. Гитлер окуға аса ынталы емес еді. Әкесі өлген соң Адолья Вена суретшілер академиясына түсуге әрекеттенеді, алайда екі рет емтиханнан ете алмаған. 1913 жылы Гитлер Мюнхенге келеді. Бірікші дүниежүзілік соғысты куана карсы алған Гитлер өз еркімен Герман армиясына кіріп, соғыстын тврт жыл бойына Батыс иайданда согысады. Екі рет жараланады және ефрейтор шенін алады. Гитлер сол кездегі көнтеген немістер сияқты Германиянын женілісі оның ішкі жауларыныц – марксизм мен еврейлердің тіміскілеуінел деи түсінді. Әскерден кайтысымен ол ұлтшылдардық нартиясына кіріп, өзінің шешендік, «оқымыстылық» кабілетімен тез арада оның лидеріне айналды. Мұнан соң Гитлер бұл партияны ПСДАП деп кұрды. 1923 жылы ол өзінін жактастарымсн бірге Мюнхенлі басып алуға тырысты (Ол жоніндс шешім сыраханада қабылданғандықган, мұны «сырахана бүлігі» деп атады). Осы әрскеті үшін Гитлер 5 жылға түрмеге жабылды. Онда отырып өзінің саяси жзне нәсілдік идеясын корсеткен «Майи кампф» («Менің күрсеім») деген кііабының үлкен болімін жаздм. Бір жылдан соң түрмеден босатылып, саяси әрекетке бслсене кірісті.

20-шы жылдары фашистердіц жағдайы адам қызыгарлық емес еді. Олардың ықпалы 1929-1933 жылдарғы экономикалык дағдарыс жылдарыида тез өсс бастады. Экономикалык дағдарыс Веймар Республикасының дағдарысын да көрсетті. Сан мыңдаған жұмыссыздык, шаруалар мен қолөнершілердің жаппай қайыршылануы үкімсттің халыктың жағдайын жеңілдететін төтенше шаралар жүргізуін талап етті. Алайда бірінеп соң бірі ауысқан укімет ескірген басқару аясынан шыға алмай, онсыз да аз әлеуметтік шығындарды кысқарткан экономикалық саясаіты жүргізе бердІ. Осындай саясат үкімет басында отыргандарды, дсмократияны сынаушыларға жол ашты. Веймар Республикасы беделінің күлдырауына оны масқара Версаль бітімшартының туындысы деп сипаттау әсерін тигізді. Осылайша дағдарыс жылдарында демократияға қарсы иартиялар, әсіресе елді дағдарыстан шығаруға және мықты билік орнатуға уәде берген нацистер күшейді. Веймар Республикасын колдаған партиялар азайды. Нацистер Германияда ең мықты саяси иартияға айналды.

Фашистік қозғалысты ұлтшыл көңіл күйдегі қолөнершілер, шаруалар, соғыс ардагерлері, жұмыссыздар қолдады. Нацистерге Германия ірі капиталының ықпалды тобы колдау көрсетті- Жұмысшылар нацистердін ыкпалына бірден түсе қойған жок. Дегенмеи олардыц біраз бөлігі социалистік революцияны қолдағандарды – коммунистерді қолдап, Веймар Республикасына қарсы шықты. Коммунистер мсн социал-демократияның арасындағы бітіспес дау солшыл күштердің антифашистік әрекеттерде бірііуіне кедергі келтірді. Нацистер өз жағына демократияға наразы болған жасгарды көптсп тарта алды. НСДАП-ның 1/3 мүшесі 30-ға жетпеген жастар сді. Сайлаушыларға наңистердің сайлау алдындапл тактикасы үнады.

Эсэсовшылар мен штурмовиктер митингілерде саяси қарсыластарьша шабуыл жасады, басқа партиялардың белсенділерін үрып-соқты, аудандардын халқын қоркытты. Олардыц әрекетгері калаларды тәртіпті қамтамасыз етуге шамасы келмеген заңды биліктің әлсіз екенін әйгілелі-Веймар Республикасының тагдырына Гермаиияның дәстүрлі соғыс-бгорократиялык элитасының өкілдері шешуші роль аткарды. Дағдарыс аяқталуға жақын еді. Нацшмпіц жақтаушылары өкімет басына келу мүмкіндігіне сене койған жоқ. Дәл осы тұста саяси-бюрократиялық элита өзінің президент Гиндсбургке ықпалын пайдаланды. Оны үкімеггі қалыптастыру мандатын Адольф Гитлерге беруге көндірді. 20 қаңтар 1933 жылы А.Гитлер үкімет басшысы – рейхсканцлер болып тағайындалды.

Атқару билігін қолға алған нацистер Германияда саяси-демократияны жоюға белсене кірісті. Сылтау ретінде рейхстагты жактауын қолданылды. Нацистер өзінің саяси қарсыластарына қарсы ашык террор ұйымдастырды. Гитлер Гинденбургқа азаматтардың негізгі кұкықтарын жоятын және жазалаушы органдарға шексіз өкілеттілік беретін «халык пен мемлекетті күзету туралы» арнайы қарарға кол қойғызды. Веймар Республикасы конституциясы негізіне алынған билікті бөлу принципі лақтырылды. Заң шығару функциясы үкіметке берілді. 1934 жылы Гинденбург қайтыс болған соң, Гитлерге президент өкілеттілігі де берілді. Осылайша Германиядағы барлық билік Германияның «көсемі», «фюрері» атанған Гитлердің қолына топтасты. Жергілікті басқару органдары жойылған әкімшілік реформасы жүргізілді. Барлық жерде билік жоғарыдан тағайындалған шенеуніктердің қолына кошті. 1933 жылы НСДАП-дан басқа барлық саяси партияларға тыйым салынды. Бұлар зорлықсыз, күшсіз жүзеге асырылмайтын еді. Сондықтан мемлекеттің “жазалаушы органдарыныц ролі күшейді. Штурмовиктер мен күзету отрядтары мемаппараттың зорлык-зомбылығыньщ бір бөлігіне айналды- Елде күпия полипия (гестапо) күрылды. 1933 жылдан бастап Германияның барлык жерінде режимге карсы шыққан адамдарды ұстауға арналған концентрациялық лагерьлер пайда болды. Азаматтардың барлык саяси құкыктары – сөз, жиналыс бостандыгы, хат алмасу кұпиясы, тұрғын үйге тиіспеушілік жойылды.

Германияның экономикасында да маңызды өзгерістер больш жатты. Гитлер үкіметі дағдарыстан шығу мақсатында шаруашылық өмірді мемлекеттік реттеуді кеңейтті. Мемлекеттің қаржысына жалпыүлтгық автожол күрылысы басталды, ол жүмыссыздардың санын көбейтуге мүмкіндік берді. Басты назар соғыс өнеркәсібін жылдам дамытуға аударылды. 1933-1939 жылдары согыс шығындары 620 млн-нан 15,5 млрд, рейхсмаркаға дейін өсті. Экономикалық өсуді ынталандыру мақсатында салыққа жеңілдіктер енгізілді. Шығындардың өсуі мен салықтардың кемуінің қатар жүруі бюджет тапшылығын тудырды, ол ақша шығарумен жабылды, оның құнсыздануы мен бағаның өсуін болдырмау үшін үкімет бала мол жалақыға бақылау енгізді, бөлу жүйесін карточкаға бірте-бірте көшіру басталды. Экономиканы мемлекеттің реттеу ауқымы ұлғайды.

Нацистік Германия экономикасының ерекшелігі шаруашылықты тікелей әкімшілік реттеу больш табылады. Осы үшін барлық кәсіпкерлер, салалары бойынша ерекше үйымға – картельдерге бірікті. Ол империялык шаруашылық министріне бағынды. 1936 жылы соғыс өнеркәсібін дамытудың 4 жылдық жоспары жарияланды. Герман Геринг осы жоспарды жүзеге асыруға жауапты болып тағайындалды. Олар күрған ведомство елдің барлық экономикасын өз бақылауына алды. Мемлекет көптеген кәсіпорындардың тікелей иесіне айналды. Өнеркәсіпті «арийзациялау» барысында еврейлердің иелігі тәркіленді. «Герман Геринг» концернінде 600 мың адам істеді, жылына 7,29 млн. тонна болат балкытылды.

Фашистік мемлекет жұмысшы күші рыногы мен еңбек қатынастарына да бақылау орнатты. Нацистер мұнда ездерінің ұлтшылдық идеясының басым болуын қамтамасыз етуге жандарын аямады. Олар еңбек пен капитал арасында толық тіл табысушылық болады деп сенді. Сондықтан да нацистік Германияда кәсіподақ жойылды, онын орнына жұмысшылар мен жұмыс берушілерді біріктірген Неміс еңбек майданы құрылды. Кәсіподақ басшылары «еңбек ұжымының көсемдеріне» айналды. Еңбек қатынастары мен жалақыны бақылау үкімет арнайы тағайындаған «еңбек сенімділеріне» көшті. Көп ұзамай оған жалпы еңбек міндеттілігі берілді: енді мемлекет неміс қайда жүмыс істейтінін анықтайтын болды.

Екінші дүниежүзілік соғыстын басына қарай Германияның экономикасы түбегейлі өзгерді. Жеке меншік сақтала отырып, кәсіпкерлердің еркіндігі едәуір шектелді. Еңбек, тауар және қызмет көрсету рыногы мемлекеттік реттеумен ауыстырылды. Рыноктық экономика өмір сүруін тоқтатты. Осы шаралардың барлығы Германияны дағдарыстан шығуды жылдамдатқандай болып көрінді. 1935 жылы ол өндірістін дағдарысқа дейінгі деңгейіне жетті, ал 1939 жылы оны едәуір басып озды. Осыған сәйкес жұмыссыздық азайды: 1933 жылы 6 млн болса, 1938 – 429 мың адам. Неміс экономикасының жандануы таң қаларлык емес еді: 1933 жылдан бастап Батыстың барлык елдерінде экономика жандану кезеңіне кіргенді. Оның үстіне Германия экономикасының қалпына келтіру қарқыны оның милитаризациялануына да байланысты болатын. Осы табыстардын қүны -немістердің 1945 жылғы трагедиясы.

Фашистік Германиядағы өмір нацистердің даурыс қанындай емес еді. Зорлык-зомбылық күн асқан сайын күшейе түсті. 1935 жылдың басына қарай нацизмге қарсы 4200-ден астам адам өлтірілді, 517 мың тұтқындалды. 1939 жылдың басында саяси сенімсіз 300 мыңнан астам адам тұтқында болды. Алдыңғы қатарлы ой-пікірлі немістер эмиграцияға кетті, олардың қатарьнда творчестволық интеллигенция каймактары – физик Альберт Эйнштейн, жазушылар Томас және Генрих Манндар, Лион Фейхтвангер, Бертольд Гирехт, композиторлар Ганс Эйснер, Отто Клемперер, Пауль Хиндемиттер болды.

Фашистік мемлекеттің ресми саясаты – антисемитизм. 1933 жылдың коктемінен өкімет еврейлерге қарайтын барлык мекемелерге бойкот үйымдастырды. 1935 жылы еврейлердің герман азаматтығын жойған және оларға мемлекеттік аппаратгарда кызмет істеуге тыйым салғаң бірнеше қарар қабылданды. Аралас некеге тыйым жасалынды. 1939 жылдан еврейлер үйден жөне көшелерден кашып арнайы бөлінген орындарға геттоға көшіріле бастады. Оларға қоғамдық орындарда жүруге, әр түрлі істермен шұғылдануға тыйым салынды. Еврейлер үнемі киімдеріне тігілген сары жұлдызша тағып жүретін болды. 1939 жылы қарашаның 9-нан 10-на қараған түні өкімет еврейлерді жаппай қыруды ұйымдастырды, мыңдаған адам қырылды. Осылайша еврейлерді соғыс кезінде қыруға дайындық жасалды: ол кезде нацистердің нәсілдік ақымактығынан 6 млн. еврей құрбан болды.

Фашизм адам ақылына да бақылау орнатуға тырысты. Көпшілік хабар қүралдары – радио, баспасөз насихат министрі Иозеф Геббельске тікелей бағынды. Өнер де нацистерге қызмет етті: суретшілер, ақындар, композиторлар өз шығармаларында Гитлерді мақтап, арий нәсілі мен жаңа тәртіптердің артықшылығын дәріптеді. Германияның үлылығын орасан зор, циклоптық сәулет құрылыстары бейнеледі. Нацистік үйымдар халықты алақанында үстады, бітпейтін саяси кампанияларға тартылды. Неміс еңбек майданында 23 млн. адам, «Гитлерюгенд» («Гитлерлік жастар») үйымында -8 млн-нан астам адам болды. Оған мүше болу міндетті. Бүдан басқа мамандығына, хоббиіне байланысты біріккен үлтшыл-социалистік одақтар баршылық еді. Барлық немістер митинглер мен жиналыстарға, көпшілік шараларына қатысуға тиіс болды. Оларға қатыспағандар аяусыз жазаланды.

Германияда өкімет басына фашистердің келуі Европадағы жағдайды өзгертті. Версаль-Вашингтон жүйесіне қауіп төнді. Нацистердің программасы әуелден-ақ Версаль бітімшартын қайта қарауды ғана көздемеп еді. Өйткені Веймар Республикасы дипломатиясының бүған қолы жетіп еді. Өкімет басына нацистер келгенге дейін-ақ Германия репарация төлеуді тоқтатқан және ¥лттар Лигасының мүшесі болған. Алайда бүл табыстар Версаль-Вашингтон аясында жүзеге асқан. Германия дипломаттары соғыстан кейінгі өз статусының әділетсіздігіне барлығын сендірді, үлы державалар арасындағы қайшылықтарды шебер пайдаланды. Гитлер дүниежүзілік үстемдікті күшпен орнату мақсатын қойды. Ол соғысқа Версаль бітімшартын елемей ашық дайындалды.

1939 жылға қарай Германияда жалпыға бірдей әскери міндеттілік қалпына келтірілді, соғыс авиациясы мен танк әскері құрылды. Гитлер Германияға Австрияны қосты және Чехословакияны бөлшектеді. Германия Европаның күшті державасына айналды. Қосып алған территорияларымен бірге Англия мен Францияны басып озып, дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісінің 15%-ын берді. 1939 жылдың басында Германия Европада ең күшті армияға ие болды: 2,75 млн адам, 10 мың зеңбірек, 3,2 мың танк және 4 мыңнан астам самолет. Фашистік Германия үлкен соғысқа дайын болды. Ол басталды.

 

© Дереккөзі

Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: