1918-1939жж Италия – Qazbrand.info

Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң. Бірінші дүниежүзілік соғыста Италия үкіметі бұлтақ саясат ұстап, 1915 жылы бұрынғы өзінің одақтастарына қарсы, яғни Үштік Одаққа қарсы Антанта жағында соғысты. Сол кездегі Италия мемлекетінің жай-күйі әсеріне ықпал етпей қоймады. Уақыт талабына сай дайындалмай соғысқа кірген итальян әскері майдан даласында бір жеңілістен екінші жеңіліске ұшырады да, соғысқа елеулі үлес қоса алмады. Оның дәрменсіздігін Антанта елдері елемей қойған жоқ. Осылайша Италия үкіметінің Антанта елдеріне сүйене отырып, үлкен территорияны иемдену, халықаралық позициясын нығайту мақсаты орындалмады. Ұзақ соғыс Италияны қанға бөктірді. Антанта елдері Италияны өзіне тең санаған жоқ. Италияға Трентино (Оңтүстік Тироль), Истрия, Триест жері ғана берілді. Аз ғана жерге ие болды, мүддесі орындалмады. Италия «жеңгендердің ішінде жеңілген мемлекет» болып қала берді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Италияға оңай тиген жоқ. 700 мыңдай итальяндықтар соғыс даласында қаза тапты. Соғыс шығыны – 46 млрд. лир, мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің 80%. Сыртқы қарыз 19 млрд. лирге өсті. Шикізат пен жанармайға валютаның жетіспеуі өнеркәсіп өндірісін күрт кемітті. Егістік кысқарды, өнім шықпады, мал басы кеміді. Финанс бұзылды, инфляция күшейді. Жұмыссыздык, халықтың жағдайы тым нашарлап кетті.

Елдегі жағдайдың қиындығымен қатар, Италияның Англия, АҚШ, Франциямен порт Фиуме (Риску) мен Далмацияны бермегені үшін арақатынасы құрделенді. Италияның славян халқы орналасқан территорияға көз тігуі жаңадан құрылған Серб-хорват-словен корольдігімен қатынасын шиеленістірді.

1919 жылдың басына қарай соғыстың аяқталғанына қарамай елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайының еш өзгермеуі, оның үстіне соғыстан қайтқан солдаттардың жұмыссыздықты одан сайын көбейтуі, қымбатшылық қалың көпшіліктің басқарушы топтың саясатына наразылығын тудырды. 1919 ж. 1555 мың адам қатысқан 1871 ереуіл болып өтті. Елде жұмысшының, шаруаның ұсақ буржуазияның, алдыңғы топтың қарсылығы елдің экономикасы мен саяси өмірінде түбегейлі өзгеріс жүргізуді қажет етті.

1919 жылдың басынан бастап, Италияның басқарушы тобынын арасында бірлік болған жоқ. Буржуазиялық диктатура системасында дағдарыс туды, мемлекеттің өкімет органдары бұзылды. Армия мен полицщ елдегі наразылықты баса алатын күш болудан қалған еді. Осы жағдайда басқарушы топтың бір бөлігі социалистік партия, әлеуметтік базасы бәсекеге түсе алатын буржуазиялық партия құруға ұмтылды. Осы мақсатта 1919 жыл қаңтарда Халық партиясы құрылды. Оның программасы: помещик иеліктерің сату арқылы шаруаларға бөліп беру; буржуазиялық-демократиялық реформа жүргізу т.б. Ал басқарушы топтың екінші бөлігі наразылықты күшпен, зорлықпен басуды ойластырды. Реакциялық ұлтшыл қайраткерлер жұмысшы ұйымдарымен күресетін арнайы бандалар ұйымдастырды. Соғыс кезінде социалистік партиядан шығарылып жіберген Бенито Муссолини «күрескер топтар», ал жазушы Габриэле Д’Аннунцио легионерлердің қарулы отрядтарын құрды. Оларды ірі өнеркәсіп иелері қаржыландырды. Олар 15сәуір 1919 жылы Муссолини отряды социалистік газет «Аванти» («Алға»} редакциясына террорлық шабуыл жасады. Италия басқарушы топтары халықаралық саясатта да бірауызды болмады. 2 лагерь қалыптасты: бірі ашық агрессорлық, жаулап алушылық саясат; екіншісі соғыстың авантюра саясатының салдарынан сескенген ымырашыл саясат.

Агрессорлық лагерьді ұлттық партия мен оңшыл либералдар басқарды, Лидерлерінің бірі – Соннино кезінде сыртқы істер министрі болған. Париж бейбіт конференциясында премьер-министр Орландо мен Соннино Италияға негізінен славян халықтары мекендеген Адриат жағалауынан территория беруді, Италияның Албанияға протекторат орнатуын, Измир мәселесің шешуді, Орталық және Солтүстік-Шығыс Африкадан отар жер талап еткені| болатын. Муссолини «Пополо д’Италия» (Италия халқы) газетінің бетінде Италия зор территорияға ие болуы керек дегенді насихаттады.

Солшыл либералдар (Нитти, Джолитти) Серб-хорват-словен корольдігімен Истрия, Фиуме мәселесі бойынша келісімге келуге шақырды, Далмацияны аннексиялауға қарсы шықты.

Париж конференциясында Италияның аннексиялық жоспарының жүзеге аспауы және осыған байланысты батыстық одақтастармел тутан қақтығыс Орландо үкіметінің беделін кетірді де, ол 1919 жылы маусымда отставкага кетуге мәжбүр болды. Нитти бастағаы жаңа кабинет Грешгямен құиия келісім жасасты. Ол бойынша Италия Измирге көз тігуін тоқтатып, Фнумо, Далмация мәселесі бойынша қанша талпынса да келісімге келс алмады.

Нитти үкіметі халықтың қысымымен Кеңестік Ресейге деген саясатын өзгертті. Итальян әскері Ресейден қайтарылды. Нитти үкіметінің ымырашыл пиртқы саясаты ұлтшылдар мен фашистердің ашу-ызасын тудьтрды. Ұлтшылдар «Фиуме немесе өлім!» деген ұран көтерді. 12 қыркүйек 1919 жылы ДАннунцио өзінің «легионерлер» отрядымен Фиумені басып алды. Итальян генералы басқарған одақтастардың оккупациялық әскері ешқандай қарсылық көрсетпеді. Фиумеде Д’Аннунцио «республика» жариялады.

16 қараша 1919 жылы парламенттік сайлау өткізілді. Пропорционалдық жүйе негізінде жүргізілген сайлау социалистік партияға зор жеңіс әкелді (5,6 млн. дауыстың 1840 мыңын жинаған), 156 мандаттық орынды иемденді. Ондаған жылдар бойы билік басында болған либералдар жеңіліс тапты. Екінші орынды Халық партиясы алды (1200 мың дауыс, 100 мандат). Алғаш рег сайлау күресіне қатысып, халықтың арасында әр түрлі уәделер бергенімен ол толық жеңіліс тапты.

Дегенмен парламенттік сайлау аяқталса да саяси күрес тоқтамады, өрши түсті. 1920 жылы сәуірде кәсіпкерлердің фабрика-завод кеңестерінің құқықтарын шектеуге тырысқан кәсіпкерлердің әрекетіне қарсы Гуринде жалпы ереуіл болып өтті. Турин жұмысшыллрының күресін солшыл социалистер Грамия, Тольятти басқарды. Турин металлистерінің ереуілін Пьемонттың бүкіл жұмысшылары қолдады. Бірақ 11 күн табандылық көрсеткен ереуіл Жалпы еңбек конференцияның реформистік лидерлерінің әрекеттерінен тоқтап қалды. 1920 жылы тамызда металлист-жұмысшылар жалақыны көбейтуді талап етті. Кәсіпкерлер қарсылық білдірді. Бұл Италия фабрика завод жұмысшыларының үлкен бас көтеруіне түрткі болды. Жұмысшы қозғалысы кеп ұзамай-ақ Солтүстік, Орталық Оңтүстік Италияны жайлады. Революциялык дағдарыс жалпыұлттық сипатқа ие болды.

Қозғалыстың кең етек алуы буржуазияға үрей туғызды. 1920 жылдың маусымында екімет басына келеген Джолитти үкіметі мен кәсіпкерлер қарулы күш қолдануға батылы жетпей, кәсіпорындарда жұмысшы бақылауын енгізу, жалақыны 10-20% көбейту туралы уәде берді. Жалпы ецбек конфедерациясының Д’Арагон бастаған реформистері бұл уәделерді жұмысшылардың үлкен жеңісі деп түсіндіріп, буржуазияның Италия тарихындағы жұмысшылардың наразылығын басып тастауға көмектесті. Халықтың қозғалысынан үрейленген социалистік партияның басшылығы қозғалысты басқаруға дәрменсіз болды және Джолитти мен Д’Арагонның келіскендігін де ашып көрсетпеді. Халық алданды, қымбатшылық өсті, жұмыссыздьщ көбейді.

І920 жылдың күзінде Джолитти үкіметі Серб-хорват-словен корольдігімен даулы мәселелерді уақытша реттеді. 1920 ж. 12 қарашадағы 1’аполль бітімі Фиуме өзінің маңайындағы жерлерімен «Фиуме ерікті мемлекетіне» айналуы керек деп көрсетті. Италия Далмациядан Царь портын, Лдриат теңізінен бірнеше аралдарды иемденді. Д’Аннунцио Фиум жөніндегі келісімді мойындамады тек, итальян үкімет әскері бомбылайтын болған соң ілна оны тастауға мәжбүр болды. 16 ай өмір сүрген Д’Аннунцио «республикасы» өзінің өмір сүруін тоқтатты.

1920 жылдың соңынан монополистік буржуазия жұмысшылардың қозғалысын аяусыз басуға кірісті. Джолитти үкіметі фашистерді үнемі қолдап отырды. Фашистік ұйымдар қатары кулактар, помещиктер, шовинистік ниеттегі ұсақ буржуазиялық элементтер арқылы толыға берді. Қаруланған фашистік бандалар жүмысшы белсенділерін ұрып-соқты, өлтірді, жүмысшы ұйымдарының үйлерін бұзды, өртеді, муниципалитеттерді таратты.

1921 жылы мамырда парламснттік сайлау өткізілді. Нәтижесінде Джолигшдің солшыл партияны әлсіретемін деген үміті аяқталмады.Солшылдармен біріккенфашистер парламентке 35 кандидат ғана өткізе ал социалистер мен коммунистер 138 және Халық партиясы 108 орын алды.Сайлаудың нәтижесі Джолиттидің үлкен жеңілісі еді. Маусымның ол отставкаға кетті. Оның орнына Джолитти тұсында соғыс болған және қарулы фашистік отрядтардың қалыптасуына ат салысқан, бұрынғы социалист Бономи отырды.

1921 жылы шілдеде депутаттар палатасының төрағасы Де Никола фашистерменсоциалистерарасында«ымыраласупактісін»(Пакт умеротворения) жасасу қажет деген ұсыныс енгізді. Бұл ұсыныстың мақсаты жұмысшылардың антифашистік бірыңғай майдан құруына жол бермеу еді. және Социалистік партияның басшылығы Де Никола ұсынысын қабылдап қол қойды. Тек Италия Коммунистік партиясы ғана (1921 жылы бұл пактінің шын бейнесін ашып көрсетті. Коммунистердің партиясына Бономи үкіметі, оны 1922 жылы ақпанда ауыстырған Факт үкіметі фашистерге барынша жәрдемдесіп, Джолитти саясатын жалғастыра «Ымыраласу пактісі» фашистік террорды тоқтатуға әрекеттенген де

Халықтың қысымымен Социалистік партия, Жалпы еңбек конфедерациясы және басқа кәсіподақ ұйымдары 1922 жылы ақпанда Еңбек Одағы (Аллеанцадель Лаворо) құрды. Антифашистік мақсатта құрылғанмен, оның реформистік бағыттағы жетекшілері пролетариаттың бас көтеруін ұйымдастыруды қажет деп таппады. 1 тамыз 1922 жылы Одағы фашистік террорға қарсы жалпы саяси ереуіл ұйымдастырды. Оған мыңдаған адам қатысып, кей жерлерде полициямен, фашистік бандалармен қанды қақтығыстар орын алды. Күрестің белең алған тұсында Еңбек Одағының реформистік лидерлері ереуілді тоқтату жөнінде бұйрық берді Жұмысшылардың біразы бұйрықты орындамаса да, кейбірі ереуілді тоқтатып арандатты. Реформистердің бұл сатқындық әрекеті халықтың ашу-ызысын тудырғаны сонша Социалистік партияның центристік басшылығы реформистермен алшақтатуға мәжбүр болды да, 1922 жылы қазанда и өткен съезде реформистер партиядан шығарылды.

Тамыз ереуілінің жеңіліс табуы фашистердің өкімет билігін қолға алуына жол ашты. Финанс капиталының үстем болуы өнеркәсіп конфедерациясы, әскердегі басшылық, король сарайы, Ватикан -Муссолинидің үкіметті қолға алуына жағдай жасады. Осыларға сүйене отырып, Муссолини 27 қазан 1922 жылы «Римге жорық» жөнінде бұйрық берді. Ертеңіне 28 қазанда фашистік қарулы бандалар Римге енді, оларға ешқандай қарсылық керсетілмеді. Король Муссолиниді үкімет басшысы етіп тағайындады. Италияда фашистік диктатура орнады. Муссолини үкіметі фашистік партиядан, басқа буржуазиялық партиялар топтарынан 10 өкілден құрмлды. Үкіметтің алғашқы айларында-ақ оның реакциялық сипаты айқын болды. Жандармерия (карабинерлер) корпусының саны өсті (60 мыңнан 90 мі.іща дейін), жұмысыздарға берілетін жәрдемақы жойылды, салық түрі көбейді, өсті, барлық жұмыс фашистік ұйымдардың бақылауыпи алынды. Фашистер жұмысшыларды, коммунистерді аяусыз қудалап, террор ұйымластырды. Меселен, 1922 жылдың желтоқсанында фашистср Туринде коммунистердің үйіне басып кіріп, әйел-баласының көзінше коммунист үй иелерін атқан. Осы қанды оқиға итальяндықтардың естерінен шықпады. Сыртқы саясат та агрессорлық жолға түсті.

Елде фашистік диктатура кезеңі басталды. Алғашқы кездегі ерекшелік – диктатураның ескі конституция шеңберінде және ескі мемлекеттік заңдарды еш өзгертпей жүзеге асырылуы болып табылады. Фашистік диктатураның басты көрінісі екі жаңа институттың құрылуы: Үлкен фашистік кеңес және Ұлттық қауіпсіздіктің Ерікті милициясы. Фашистердің өкімет басына келуімен «заңдылық», «заңсыздық» деген үғымдардың мәні бірыңғайлыққа айналды. Заң шығарушы билік орындаушыға айналды. Жиналыс, сөз, ұйым құру шектелді. Италияда фашизм жеңісімен итальян капитализмі тұрақтану жолына түсті. Өнеркәсіп өндірісі өсті.

1923 жылдың сәуіріне қарай Муссолини коалициялық үкіметтен Халық партиясы өкілдерін шығарды, ал шілдеде фашистер парламентте жаңа сайлау заңын қабылдатты, автордың атымен Азербо заңы деп аталады. 1923 жылдың қарашасында жаңа сайлау заңын сенат мақұлдап, король қол қойды. 1924 жылдың қаңтарынан бастап саяси саладағы ең маңызды мәселе парламенттік сайлауға әзірлік болды. Парламентке сайлау 1924 жылы 6 сәуірде жүргізілді. Ұлттық блокқа – 4.5 млн., қалған партияларға – 3.5 млн. адам дауыс берді. Очербо системасы бойынша мандатгарды бөліну нәтижесінде фашистік депутаттар – 374, қалғандары 157-ге ие болды. Соңғысының ішінде 39 орынға ие болған Халықтық партия да бар. Бұл фашистердің өкімет басына заңды түрде 3-ші рет келуі: бірінші – корольдің Муссолини бастаған үкіметті құруға келісім беруі; екінші – парламенттің үкіметке сенім вотумын білдіруі; үшінші – сайлаушылардың фашистік блокқа көп дауыс беруі.

1945-1948 жыддардағы Италиядағы прогресшіл және реакцияшыл күштердің күресі. Фашизмнен азат болған соң жөне соғыс аяқғалғаннан кейін Италияға қарсыласу жылдары қалыптасқан прогресшіл партиялардың бірыңғай майданы терең ықпал жасады. Фашизммен қаһармандықпен күрес жүргізген Италия коммунистік партиясы (ИКП) үлкен беделге ие болды және елдің саяси партияларының арасында бірінші орынға шығып, каяиталистік дүниедегі ең ірі компартияға айналды. ИКП помещиктік жер иеленуді жоюды, өнеркәсіптің негізгі салаларын национализациялауды қамтитын “прогресшіл демократия”, республикалық құрылыс жолындағы курес бағдарламасын талдап жасады. Едді қайта кұру жолында күрес жүргізе отырып, коммунистер үкімет құрамына кірді. Саны жағынан екінші орында Италия социалистік партиясы (ИСП) тұрды, ол коммунистік парти-ямен одақтас бодды.

Реакцияшыл күштер 1943 ж. құрылған де Гаспери бас-қарған Христиандық-демократиялық, партия (ХДП) маңына бірікті. Оны АКДІ және Англия, Ватикан және ірі буржуа-зия барынша қолдап отырған еді. Ол елдегі католицизм ықпалын пайдаланып, таптық ынтымақтастықты насихаттап, реформалар жасауға және АҚШ-тың көмегімен экономиканы тез қалпына келтіруге уәде бере отырып, шаруалар, ортаңғы топтар мен жұмысшылардың бір бөлігі арасында үлкен беделге ие болды. Де Гаспери 1945 — 1953 жылдары үкімет басында бодды.

Осы екі лагерьдің шиеленіскен күресі жағдайында прогресшіл қайта құрулар да болып жатты. Монархиялық кұрылыс республикалық ққрылыспен алмастырыцды. 1947 ж. конс-титуцияда жалпыға бірдей сайлау құқығы, азаматтардың тендігі және демократиялық бостапдықгар, ішінара национализациялау мүмківдіктері жариялаңды.

1947 ж. күшіне енген Италиямен бейбіт шартта әскери қылмыскерлерді жазалау және фашистік үйымдарды тарату жөнінде пункттер бодды .Коммунистердің бастамасы бойынша аграрлық реформа жүргізіп, ол реформа жерсіз шаруаларға пайдаланылмай жатқан жерлерді берді, жалақының жылжымалы шкаласы енгізіліп, бағаларға бақылау қойылды.

Күш жинай отырып, реакция шабуылға шықты, бұған халықаралық аренада “қырғиқабақ соғысқа” бет бүру септігін тигізді. 1947 ж. мамырда АКДІ-тың талап етуі бойынша және ИСП-дан бөлініп шыққан социалистердің оңшыл қанатының қолдаымен де Гаспери укімет дағдарысын арандатып, өз кабинетінен коммунистерді, соңдай-ақ, олармен бір блокта болған социалистерді шығарды. Мүның өзі бүкіл ел бойьшша антикоммунистік жорықка белгі берген өзінше бір мемлекетгік теңкеріс болды.

1948 ж. тұңғыш республикалық парламентке сайлау кескілескен таптық курес жағдайында өтті. АҚШ-тың тікелей қол сұғуы, сондай-ақ, Ватиканның кеңінен жүргізген үгіт-насихаты ХДП-ның жеңіске жетуіне жөрдемдесті. Осының нәтижесінде оның үкіметтегі және елдегі монополиялық үстемдігі ұзақ уақыт сақталып қалды.

Экономикалық даму. ХДП-ның режимді қаталданды-руға бағыт ұстауы. 50-жылдардаң бастап 1964 жылғы құлдырауға дейін созылған және итальян “экономикалық ғажайыбы” деп жарияланған, ел шаруашылығының шапщаң дамуы бастады (өнеркәсіптік өндірістік өр жылдық өсімі орта есептеп алғанда 10 пайызға жетті). “Маршалл жоспары” бойынша берілген америкалық көмек экономикалық өрлеуге ал-ғашқы түрткі болды. Еддің “Ортақрынокқа” кіруі зат өткізу мүмкіндігін кеңейтті. Мемлекеттік-монополистік капитализмнің нығаюы, фашизм кезеңінен едеуір дәрежеде мұра болып қалған ірі мемлекеттік сектордың болуы шаруашьшық жағынан өсуге септігін тигізді.

Алайда экономикалық өрлеудің қарама-қайшы сипаты болды. Капитализмге тән қарқындардың өсуінің әркелкілігі ез өсерін тигізді, бұл қарқын 60-жылдарда құлдырай бастады және дағдарысқа алып келіп, атышулы “ғажайыптың” түбіне жетті. Америка капиталының баса-көктеп енуі Италияның АҚШ-қа экономикалық жағынан төуелділігін күшейпі. Терең диспропорциялар, аддымен ауыл шаруашылығының елеулі артта қалуы, сондай-ақ, өлі де жарты және жартылай феодаддық күйде қалған “Оңтустік меселесі” сақталып кадды. Бірақ басты қарама-қайшылық монополиялардың өсе түскен байлығы мен еңбекшілердің хал-жағдайы арасындағы кереғарлық болып қадды. Елде жаппай жұмыссыздық басталды. Еңбек өнімділігі шапшаң, ал жалақы баяу өсті. Еңбекшілердің жағдайлары тутас алғанда жақсарғаны-мен негізінен “экономикалықғажайыптан” үстем тап пайда тапты.

ХДП-ның ішкі саясатыңда ез бағдарламасына сөйкес ішінара реформалар, бірақ соның өзінде де бар болғаны өте-мөте кідіртуге болмайтын жағдайларда жөне жаппай баскөтерулердің қысымымен жасалды. Еңбекшілердің баскөтеруіне “христиандық” үкіметгердің жалпы жауабы де-монстранттарды жазалау, арнайы құрылған моторлы полиция “челеренің” көмегімен қанды қырғын жасау, мажоритарлық сайлау заңын енгізуге әрекеттену еді.

50-жыддары Италияда Италъян әлеуметтік қозғалысы партиясы болып саналатын неофашизм пайда бодды, үкіметтің әрекетсіздік жене тіпті өсіре оңшыддарды көтермелеу сая-сатының 1960 ж. жазда жоғары нүктесіне жеткені соншалық, неофашистердің съезін өткізу көзделген Генуя еңбекшілері компартияның және көсіподақгардың шақыруы бойынша көшеге шықты. Ашуыза кернеген демоистранттар үкіметгің отставкаға кетуін талап етті. Барлық жерде фашистік отрядтармен, полиция және өскерлермен қақғығыстар больп жатты. Ел азамат соғысы шегінде тұрды. Тек осыдан кейін ғана реакция шегінуге мәжбүр болды. Генуяда съезд болмады.

Италия НАТО-ны қүруға тек қатысып қана қойған жоқ, сонымен бірге АКДІ милитаризміне есікті айқара ашты, Ита-лияны НАТО-ның оңтүстік қанатының стратегиялық орталығына айналдыру бүкіл елдің сыртқы саясатын АКДІ-қа толығымен бағындырумен қатар жүрді. Бұл бағыт итальян-совет қатынастарының нашарлауына алып келді.

Италияның Батыс Еуропаның экономикалық интеграци-ясына қатысуы елдің экономикасын дамыту мүдделеріне сай келді. Алайда бұл үдеріс еңбекшілердің мүдделерін ескерместен, солардың есебінен дамыды. Италия Еуропалық экономикалық серіктестікте екінші дәрежелі орынға ие бодды. “Ортақ рыноктын” басқа елдері тауарларына кедендік шекаралардың ашық болуы көбіне итальян ұсақ жеке меншікшілері үшін шама жетпейтін бәсекелестікті білдіретін еді. Кептеген ескі кәсіпорындардың жабылуы, автоматтандырудың енуі жұмыссыздықгың өсуіне алып келді.

© Дереккөзі

Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: