Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның экономикалық дамуы – Qazbrand.info

Фрация өзінің басты қарсыласы Германияны талқандаған соң, Батыс Европадағы ең жетекші елге айналды. Ол өзіне Эльзас пен Лотарингияны қайтарды. Франция отарлық империясының құрамына бұрынғы неміс және түрік иеліктері кірді: Африкадағы Камерун мен Тогоның бір бөлігі, Таяу Шығыстағы Ливан мен Сирия. Франция француз империализмінің позициясы мығым болмаса да Европадағы гегемондыққа ұмтылды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Францияға үлкен шығын әкелді. 1300 мың солдат пен офицері өлді, 2800 мыңы жараланды. 10 мындай фабрика-заводтары зақымданды, оның көбі Германия оккупациялаған солтүстік-шығыс департаменттерде. Француз сауда флотының жартысы күйреді. Францияның соғыстағы жалпы шығыны – 134 млрд. алтын франк. Францияға шетелдік капитал салу күрт қысқарды. Ол кредитор елден қарыз алушы елге айналды. Франция өз одақтастарына 60 млрд. франктен астам берешек болды, оның 40 млрд. франкке жуығы АҚШ-қа беріледі.

Соғысган кейін елдің онеркәсіби бейбіт өмірге бағыттауға байланысты Францияда экономикалык дағдарыс басталды. Ол 1918-ден 1921 жылға дейін созылды. Азық-түлік, күнделікті қажет ишарлар бағасы соғыска дейінгі денгейден 5-7 есе, салық 4 есе өсті. Францияда саяси жағдай да керағар болды. Бір жағынан национализм мен шовинизм күшейді, екінші жағынан жұмысшы және демократиялық қозғалыс өрледі.

Соғыстан кейін Клемансо үкіметі ұлттық көңіл күйді күшейтуге тырысты. Ол осы мақсатта Эльзас пен Лотарингияның қайтарылуына байланысты ресми салтанат және Парижде жеңіс парадын ұйымдастырды. Германиямен келісім күні 11 қараша ұлттык мереке деп жарияланды. Перден түбіндегі ұрыс даласынан әкелінген белгісіз солдат қалдығы Елисей алаңындағы Триумфальдық арка түбіне жерленше, мәңгілік от жағылды. Соғыс мүгедектеріне, бұрынғы майдангерлерге айрықша құрмет көрсетіледі. Оларға жеңіліген Гермаия төлентін репарациядан ерекше зейнетақы тағайындалды.

Клемансо үкіметі өзінің басты міндеті большевизм мен Кеңестік Ресейге қарсы күресу деп есептеді. Батыс майданда соғыс қимылдары тоқтағаннан кейін көп ұзамай-ак француз үкіметі Англия мен АҚШ үкіметтерімен бірге Кеңестік Ресейге қарсы соғыс интервенциясын ұйымдастырды. 16 караша 1918 жылы ағылшын-француз эскадрасы Қара теңізге түсірілді. Француз әскері ақ гвардияшыларға көмек көрсетіп жатқан Одесса, Совастополь сияқты қалаларға енді. Француз әскері Англия, АҚШ, Жапоиия әскелерімен бірге Архагельск, Сібір, Қиыр Шыгысқа жіберілді. Франция үкіметі Колчак, Деникин, Враигеь, онан соң ак поляктарға поляктарға көмек көрсеті.

Соғыстан кейін Фрапция халқының басым көпшілігі национализм ықпалында болды. Алайда жұмысшы табы мен интеллигенцияның алдындағы тобы революциялық познцияға ауысты. Қазан ревлюциясының әсерінен металлистер, құрылысшылар,механиктердің экономнкалытық, саяси талаптар қойған ереуілдерелдіңбарлықжеріндеболыпөтті.Француз интернационалистері әрекеттерінің басты бағыты Кеңестік Ресейдегі интервенцияға қарсы күреске арналды. Интрвенцияға қарсылар мерзімді басылымдар беттерінде қарсы кампания, демонстрациялар, митингілер ұйымдастырды. Оған француз мәдениетінің көрнекті өкілдері қатысты: жазушылар Анатоль Франс, Ромен Роллан, Анри Барбюс; атактьт физик Поль Ланжевен; суретші Поль Синьяк; көрнекті тарихшылар Альфонс Олар, Алі.бер Матьез. Кей жағдайларда оңшыл социалистер мен центристер де интервенаияга карсы шықты.

Ресейдегі француздық оккупациялық жауынгерлердің ішінде большевиктер үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Сонын ішінде РКП/б/ француздық тобыньщ мүшесі мұғалім Жанна Лябурб та болды. І919жылдың сәуірінде Севастопольде орналаскан француз эскадрасы теңізшілерінің көтерілісі бүрк ете қалды. Теңізшілер интервенцияиы тоқтатуды, елге қайтуды талап етгі. Дәл осы мезгілде Тирасполь мен Одессадагы француз әскерлерінің арасында толқу басталды. 24 соғыс кораблі мен 16 эскери бөлім ереуілге шыкты. Француз үкіметі Қара теңізден өз корабльдерін әкетуге, Ресейден әскерін кайтаруға жәпе интервенциядан бас тарту жөнінде мәлімдеуге мәжбүр болды.

Француз әскерлерінін Ресейден әкетілуі 1919 жылдың сәуірінің соңында аяқталды. Бұл елде жаппай жұмысшы қозғалысының өрлеуіне және революциялық көптеген күйдің өсуіне ықпал етті. 1919 жылдьщ 1 мамырында бүкіл Франция көптеген митингілер, демонстрапиялар, ереуілдер болып жатты. Оған 3 миллионнаң астам адам қатысты. Демонстранттар Кеңестік Ресей мен Кеңестің Венгрияға қарсы ұйымдастырған шет революциясынады, Қара теніз кетерілісіне қатысқандарға амнистия беруді талап етгі. І920жылы Польша үкіметі Кеңестік Ресейге қарсы соғыс бастағанда француз докерлері мен теңізшілері қару-жарақ пен әскери жабдықтарды арту мен түсірудеи бас тартты, орыс революцясымен тілектестік демонстрациясын өткізді.

Еңбекшілердің Кеңестік Ресейді қорғау күресін домократиялық еркіндікті Кеңес әлеуметтік заңдарды жақсарту, өмір сүруді көтеру күресімен ұштастырды. Ереуілшілерлің иеленген экономикалық талаптары 8 сағаттық жұмыс күшін және жалақыны көбейту болды. 1919-1920 жылдары ереуілдік қозғалыс шырқау шегіне жетті, жыл сайын оған I миллионнан астам адам қылмсты, бұл 1917 жылға қарағанда 3-4 есе көп. Франпуз жұмысшыларының ең ірі ереуілі – 1920 жылы болған» теміржолшылардың ереуілі. Оның ірі қара темір жолды национализациялау талабы қойылды.

Жұмысшы қозғалысынын өрлеуі Социалистік партия мен кәсіподақ қызметіне әсерін тигізді.Соғыстан кейін көптеген жұмысшылар мен солдаттар Социалистік партия мен кәсіподаққа кірді. 1918 жылы ВКТ саны 4 еседен асты,1,5 млн. адамға жетті. Социалистік партия екі жылда 1918-ден 1920 жылға дейін 5 еседен астам өсті. Жалпы Еңбек Конфедерациясында (ВКТ) «революциялық,синдикалистік» ықпал күшейді, олар социалреформистікбасшылыққа қарсы күрес жүргізді. Француз кәсіподақ жалпыұлттық кәсіподақ орталығы құрылды. 1919 жылы жұмысшылар мен қызмткрлердің діни көңіл күйдегі топтары христин еңбекшілердің француз конфедерациясын (ФКХТ) ұйымдастырды. ФКХТ-ның құрылуы француз жұмысшы қозғалысында социал-реформистік ағымды күшейтті.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз үкіметі экономиканы әскери-мемлекеттік реттеу жүйесін өлерпі Карточкалық жүйе жойылды, әскери кезеңнің шикізатқа, тапсырыстарға, жұмысшы күштеріне байланысты заңдары тоқтатьыды. Соғыс кезінде құрылған әскери заводтардың біразы жеке адамдарға сатылды. Дегенмен мемлекепік-монополистік тенденция жойылмады. Әсіресе ол соғыс кезінде бүлінген территорияны қалпына келтіруде айрықша білінді. Үкімет өнеркәсіпті қалпыиа келтіру министрлігін құрды және оған кайта құрулар жұмыстары үшін 100 млрд. франкке жуық қаржы бөлінді. Үкімет кәсіпкерлер мен банкирлер ұйымдарымен бірлесе қимылдап, жеке фирмаларға ірі субсидия мен мемлекеттік тапсырыстар берді. Мемлекет кейбір соғыс заводтары мен теміржолдарды басқаруын жалғастыра берді, электротсхника, авиаиия, кеме жасау, химия өнеркәсібінің ірі фирмаларын басқаруға өз өкілдерін қойды.

Клемансо үкіметі Қара теңіз көтерілісінс қатысушыларды аяусыз жазалады: түрмеге жабылды, каторгаға айдалды. Осыған қарамастан үкімет еңбекшілердің кейбір талал-тілектерін орындауға мәжбүр болды. 1919 жылдьгн сәуірінде ереуілдік қозғалыс өріс алған жағдайда үкімет парламентте жұмысшылар талабына сай екі заң қабылдата алды: 8 сағаттық жұмыс күні туралы заң және ұжымдық келісім туралы заң. Алайда оларды іс жүзіне асыру баяу жүрді.

1919 жылдың қарашасында Францияда парламенттік сайлау жүргізілді. Сайлау қарсаңында оңшыл топтар бір сайлау коалиииясына – Ұлттық блокқа бірікті. Оған радикалдардың біразы қосылды. Ұлттық блоктың басты мақсаты: «большевизмге қарсы» және «әлсуметтік тортіпсіздіктерге қарсы» күрес. Ұлттық блоктың санлау программасы: елде «әлеуметгік және діни бейбітшілік» сақтау, «тортіп» орнату, республикалық құрылымды қорғау, бүлінген аудандарды қалпына келтіру, бұрынғы майдангерлер мен соғыс мүгедектеріне қамқорлык жасау, Версаль бітімшартын «қатаң сақтауды» талап ету, нақтылағанда Германияның репарацияиы төлеуі көрсетілген.

Ұлттық блокқа социалистер мен радикалдардың біраз бөлігі қарсы шықты. Социалистік иартияның сайлау қарсанындағы программасында жұмысшылардың көңіл күйіне сай «капиталистік буржуазияға» қарсы күреске шақыру және реформа жүргізу, 8 сағаттық жұмыс күні мен кәсіподақтардың құқғын қорғау, транспорт, металлургиялық заводтар, несие мекемелерініц кейбіреулерін национализациялау, тегін оқу, жаппай қарусыздану сияқты мәселелер көзделген.

© Дереккөзі

Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: