Заман талабы қазақ халқының Ұлттық Кеңес Мемлекеттігін құруын қажет етті.

Жүзеге асыруға тиісті шаралар :
1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру. 
2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру.

Қырғыз әскери – революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, болашақ республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Кейбіреулер Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты, басқалары, керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін және т. б. қосуды да талап етті.

Орынборды Қазақстан құрамына енгізу маңызды мәселе болды. 1919 жылғы қыркүйектің 19–ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 жылғы шілденің 7 – ісінде Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920 1924 жж.) болды. 1924 – 1929 жж. астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана – Алматы.

Батыс Сібірге еніп келген Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізу оңай болған жоқ, оған Сібір ревкомның кейбір мүшелері қарсы шықты. 1920 жылдың екінші жартысында олар Қазақстанмен шекараны белгілеу мәселелерін бес рет қарады. Ақыры 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан КАКСР – не берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір халқына қайтарылды.

КАКСР құрамына енгізілген аймақтар:

Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері.

Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, уездері және Омбы уезінің бір бөлігі.

Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері.

Орал облысы – Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі.

Закаспий облысы – Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары. Астрахань облысының бір бөлігі.

Бөкей ордасы және Каспий теңізі жағасындағы болыстар.

Орта Азияны ұлттық – мемлекеттік жағынан межелеуді және Оңтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді (1924 ж.).

Нәтижесінде:
1) Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды.
2) Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды.

Соның нәтижесінде Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашол уезіндерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Республика аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2,7 млн. шаршы шақырымға жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды. Қазақтар – 61,3 % — ін құрады (1926 жылғы санақ деректері бойынша).

1925 жылы 15–19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің бүкіл Қазақстандық V съезінде «қырғыз – қазақ» атауы берілді, ал 1936 жылғы 9 ақпанда КАКСР Орталық Атқару Комитеті қаулысымен «қазақтар» атауы берілді.

Сөйтіп, қажырлы күреспен келген өзін — өзі билеу құқығы қазақ халқы үшін нақты шындыққа айналды.

Бөлісу