ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ әдебиеті екі идеялық бағытта дамыды: қарапайым халықтың және басқарушы таптардың мүдделерін қорғау. ХІХ ғасырдың 20-60 жылдарында қазақ әдебиетінің дамуына Ресей империясының бодандығына қарсы азаттық күрестермен тығыз байланысты. Бұл уақытта ауыз әдебиетінің барлық жанырлары әрі қарай дамыды, сонымен қатар маңызды тарихи оқиғаларды сипаттайтын жаңа эпикалық өлендер пайда болды, мысалы казак отрядтарының, Қоқан және Хиуа феодалдарының шапқыншылықтарынан қорғаған қазақ батырларының ерлігіне арналған. Хандық бодандыққа қарсы қазақтардың күресі туралы «Бекет батыр», «Айман — Шолпан» поэмаларында айтылады, ал 1837-1847 жж. қазақтардың азаттық күрестерінің басшылары «Кенесары – Науырызбай» эпосының кейіпкерлері атанды.

Қазақ поэзиясында Шернияз Жарылғасұлының шығармашылығы көрнекті орын алады (1807-1867жж). Ол қазіргі Ақтөбе облысында кедей отбасында дүниеге келді. Шернияз Исатай Тайманұлының көтерілісіне белсенді ат салысқан, жеңілістен кейін ауылдарда жасырынып Махамбет пен Исатай ерліктерін жырлаған. Оның әдебиеттегі еңбегі – поэтикалық суырыпсалма көркем өнерді жетілдірді. Оның Баймағамбет сұлтанға арналған өлеңі де кеңінен таралған. Сонымен қатар, ХІХ ғасырдың І жартысындағы керемет жазушылардың бірі–Жанақ Сағындықұлы (1770-1856 жж). Ол өз өлендеріне қобыз үнін қосқан Жанақ қазақ даласының көптеген жерлерінде болған, Түбек және Орынбор ақындарымен айтысқа қатысқан, қазақ халқының арасында эпикалық поэмаларды таратқан. Оның арасында «Қозы Көрпеш – Баян сүлу» поэмасы сақталған.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиетінде қазақ жазба әдебиетінің жаңа түрі пайда болды, оның көрнекті өкілі ұлы ағартушы, ақын, классик Абай Құнанбайұлы болды. Абай Семей облысында Шыңғыс тауларында ауқатты отбасында дүниеге келген. Білімді үйден алғаннан кейін 8 жасында мұсылмандық философияны, әдебиетті, наным–сенімді оқытатын Семей медресесіне оқуға түседі. Медреседегі оқуын жалғастыра отырып, Абай орыс мектебіне түседі.

Оның ертедегі шығармалары, лирикалық үзінділері, махаббат жолдаулары, көбінесе шығыс классикалық поэзиясының әсерінен жазылғанымен, оқуын жалғастыра алмады. 80-ші жылдары Абай айдалған революционерлермен, орыс революциялық интеллигенциясының өкілдерімен кездесті. Е.Михаэлиспен, П.Долгополовпен, С.Гросспен достығы оған революциялық-демократиялық идеяларды терең зерттеуге көмектесті. 1886 ж. бастап Абай Крыловтың, Пушкиннің, Лермонтовтың шығармаларын қазақ тіліне аудара бастады. Абай орыс мәдениетімен жақындастығында әлемдік мәдениетке шығудың жалғыз дұрыс жолын көрді. Оны халықтардың туысқандық және достық қатынастары жайлы идеялар толғандырды.

Капитализмнің Қазақстанға енуі, орыс шаруаларының орталықтан жаппай көшірілуі және осымен байланысты шаруашылықтың терең дағдарысы қазақ көшпелі ауылдардын моральдық құқықтық жағдайы көп ақындар тобын толғандырды. Олар өз шығармаларында бұл құбылысты «Зар заман» басталуы деп бағалады. Әдебиетте бұл поэзияның бастаушысы ақын Шортанбай Қанайұлы болды (1818-1881 жж.). Өзінің «Зар заман» шығармасында ол қазақ тарихындағы Зар заман кезеңі деп Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейінгі жағдайды атаған. Шортанбай далада тауарлы-ақшалай қатынастың дамуы нәтижесінде пайда болған қазақ қоғамындағы жаңа әлеуметтік топтарды, яғни байларды сынаған. Ол бір жылда тапқан еңбекақысын салық төлеуге жұмсаған кедей-жатақтардың қиын өмірін бейнелеген және адамдардың қатыгездігін, мінездерінің бұзылуын қамтыған. Оны көшпелі мал шаруашылығының және дәстүрлі әлеуметтік қатынастардың бұзылуы уайымдатқан. Ақын дәстүрлі шаруашылықтың бұзылуынан кейін қазақ қоғамының моральдық-экологиялық жағдайында дағдарыс басталады деп есептеген. Шортанбай – пессимист ақын. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолын таппағандықтан, ол адамдарды діннен қорғаныс іздеуге және діни рәсімдерді сақтауға шақырады.

Шортанбай поэзиясымен Дулат Бабатайұлының (1802-1874 жж.) шығармалары ұйқас. Өзінің «Өсиет нама» өлеңінде қазақ халқының өткен өмірін жырлаған. Жаңа дәуір деп ол жалпы моральдық деградация уақытын атаған. Дулат ХVІІІ ғ. қазақ жеріне орыстарды жіберіп алған қазақ хандарының іс-әрекетін талқылаған. Және қазақтардың болашағын қайғылы түрде суреттеген. Ол өмірдің дәстүрлі бейнесінің сақталуы жайлы сөз сөйлеген. Жергілікті биліктің өкілдерін, отаршыл әкімшіліктің тонау мінезін әшкерелеу арқылы Дулат өзінің шығармаларында патшалық аппаратта қызмет еткен қазақтарды талқылаған. Дулат Қазақстанның Ресейге қосылуын халықтың ең үлкен қасіреті деп бағалаған.

Көптеген орыс шаруаларының Қазақстанға көшірілуінің куәгері ақын Мұрат Мөнкеұлы (1843-1906 жж.) болған. Оның шығармашылығы осы жағдайларға байланысты қазақ халқының көңіл күйін білдірген. Өзінің «Қазтуған», «Үшқиян» еңбектерінде көшкендерге деген дұрыс емес қарым-қатынасты көрсеткен, халықты жаңа жерге көшуге шақырған. Ол қазақтардың өткен уақытын идеалдаған, және оның ойынша, орыстарды қазақ көшпелілеріне жібермеген, мемлекеттің қорғаушысы болған, кейбір хандарға саяси баға берген. Мұрат капитализмді және жергілікті билік органдарының өкілдерін сынаған. «Сарыарқа» өлеңінде қазақтардың кедейленуінің негізгі себебі орыс билеушілерінің жаппай көшіру саясаты деп көрсеткен.

Діни мұсылмандық қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әубәкір Кердері Шоқанұлы (1858-1903 жж.) болған. Өзінің шығармаларында діни сұрақтарға көп назар аударған, бірақ діни емес өмірдің мәселелерін де кері тартпаған. Ол Ресейдің «мәдени миссиясын» мойындаған. Оның шығармаларында антиорыстық мотивтер жоқ. Керісінше, ол «ақ патша» мемлекеттің барлық халықтарына қамқор деп есептеген. Әубәкір 1867-1868 жж. реформаны жақтаған. Оның ойынша, Ресейдің экономикалық өмірі қазақтардың шаруашылығына жағымды әсер етеді. Отандастарды техникалық және өнерлік білімдерге шақырған.

Бөлісу