18 ғасырдын ортасы — Қазақ өлкесінің саяси — экономикалық дамуында жаңа өзгерістер қалыптасты.
Отарлау саясатына қарамастан қазақ — орыс сауда байланыстары жэне шетелдермен қатынас өзара тиімді жағдайда дамыды. Осы кездегі сауда айналымының орталығы — Орынбор қаласы.
18 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ -орыс саудасының белгілі орталықтары: Жәміш, Железинск, Омбы, Семей, Өскемен, Бұқтырма (1761ж.).
Әскери тірек ретінде қалыптасқан Ертіс бойындағы, Шығыс Қазақстандағы бекіністер әскери қызметін жоғалтып, сауда айналымының орталықтарына айналды.
• 18 ғ. 60 жылдары-қазақ — орыс сауда байланыстарынын кеңейген кезені.
Қазақтардың жиі саудаласатын тауарлары: мал өнімдері, киіз, көбінесе мал. Ресейлік тауарлар — көшпенділердің күнделікті өмір қажеттерін қанағаттандыратын заттар.
Қазақтармен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс ұқіметі бекіністерде мешіттер салғызды, айырбас сарайларын кеңітті. Батыс Сібір, Орта Азияны сапалы ас түзымен қамтамасыз ететін орталықтар пайда болды: Керекудің маңындағы Қалқаман, Қарасу тұз көадері.
1766 жыл — Әбілмәмбет хан Екатерина патшайымға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін ірі керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды.
1767 ж. 15 қараша — II Екатерина Бұқар саудагерлеріне Қазақстан территориясында еркін сауда жасауға рұқсат берді
• Орта Азия хандықтары жэне Қашғар көпестерінің жиі келетін сауда орталығы — Қызылжар (Петропавл) қаласы. 
• Шыңжаңмен сауда байланысының орталықтары — Семей, Өскемен, Бұктырма қоныстары.
► XVIII ғ. 60 ж. соңы — 70 ж. басы — Семейде 330-ға жуық казак көпестері сауда жасаған. 
► 1765 жыл — барлығы 350 қазақ, 158-і Қазыбек би мен Абылай жіберген саудагер Жәміш бекінісінде болған.
Қазақ — орыс саудасындағы отарлық белгілер кейін бұл сауданың бір жақты дамуына жол ашып, Қазакстанның Ресейге тэуелділігін күшейтті.

Бөлісу