Шыңғыс наме. Шыңғыстың өмірбаяны

Шыңғыс наме. Шыңғыстың өмірбаяны

Шыңғыстың өмірбаяны – XVI ғасырдың орта шенінде жазылған шығарма. Шығарманың авторы Өтеміс қажы. Еңбекте Қыпшақ даласын билеген Жошы хан әулетінің тарихы баяндалады. Шығармадағы құнды мәліметтің бірі- ол өлімі аңыз болып келген Жошы хан туралы дерек. Жошы әкесі Шыңғысханның босқа қырғын жасап отырғанын, реті келгенде әкесін өлтіріп, жаулаушылықты тоқтататыны туралы айтады. Мұны Шағатай әкесіне жеткізеді. Ашуға басқан Шыңғыс хан ұлдары Шағатай мен Үгедейді Жошыны жазалауға аттандырады. Алайда олар Жошыға жетпей, оның қаза болғанын естиді. Соған қарағанда, Шыңғыс хан Жошыны жазалайтын өзінің ең сенімді адамдарын алдын ала жіберген тәрізді. Сонымен қатар еңбекте Дешті Қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты мерзімді көші қоң мәселесіне ерекше назар аударылған. «Шыңғыс намеде» Жошы ұрпақтарының тарихы баяндалған.

Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: