Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі

Көшпелі мал шаруашылығы

Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі

Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі. 1723 жылғы қасіретті  оқиға салдарынан  сол кездегі  қазақ халқының  тең жартысына жуығының  қырылуы  халықты есеңгіретіп қана қойған жоқ,  қатты ойландырды да.  Жұртшылық елдің  елдігін сақтау үшін  бірігу қажет екенін түсінді.  Ел билеген хандар да,  оларға ақылшы бола білген  билер де осындай  түйінге келді. Қиын-қыстау заманда  халық арасынан  елі мен жерін қорғайтын  батырларын шығарды.  /қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына/

Бұл туралы Бұқар жыраудың  толғауында: «Өңкей батыр жиысты, Абылай салды жарлықты», — деп көрсетеді. Шоқан Уәлихановтың «ХVІІІ ғасырдың батырлары  туралы тарихи аңыздар» атты еңбегінде Малайсары, Баян, Байқозы, Оразымбет, Баянбай, Елшібек, Есет, Жаулыбай,  Томаша, Үсен, Алтай сияқты батырлардың  есімдері аталады.

Тарихи деректерге қарағанда, қазақ халқының  басқыншыларға  қарсы бірігуі «Ақтабан шұбырындыдан» кейін-ақ басталған. Бұған 1725 жылы Әбілқайыр ханның  Түркістан қаласын  жоңғарлардан күшпен  қайтарып алғаны дәлел. Халық ел қорғау ісін  өз қолына алып, әрі батыр, әрі ұйымдастырушылық қабілеті  бар ерлердің  соңынан ерді.

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: