Халықаралық теңіз құқығы

Халықаралық теңіз құқығы халықаралық құқықтың жалпы жүйесінің бір бөлімі болып табылады. Сондықтан халықаралық қатынастарды реттейтін қазіргі халықаралық құқықтың көпшілікке танылған қағидалары мен нормалары, сондай-ақ Әлемдік мұхит кеңістіктері мен ресурстарын игеру процесіндегі мемлекеттердің қатынастары мен қызметтері – құқықтық реттеудің негізі болады.

1930 ж. Ұлттар Лигасының қамқорлығымен құрылған Гаага конференциясында басталған іспен, аймақтық сулардың құқықтық режиміне қатысты нормаларын бірінші жүйеге келтіруге әрекет, теңіздік ірі мемлекеттердің алауыздықтарынан табысты аяқталмады. Келешекте қайта қарап талқылауға Конвецияның жобасы ғана дайындалды.

28 жыл өткен соң Женевада БҰҰ-ның 1 Конференциясы барысында 86 елдің қатысуымен теңіз құқығы бойынша бірінші рет теңіз құқығының әмбебап деңгейде барлық маңызды әдетті құқықтық қағидалары мен еормаларын жүйеге келтіруге мүмкіндік туды. Теңіз құқығының дәстүрлі нормалармен қатар, “Континенттік қайраң” деген жаңа құқықтық ұғым, оның режимінің толық тәртіп белгілеуімен енгізілді.

Нәтижесінде 1958ж. БҰҰ-ның 1 Конференциясында 4 Конвеция қабылданды: “ Аймақтық теңіз және іргелес аймақ жөніндегі” Конвенция; “Ашық теңіз жөніндегі” Конвенция; “Балық аулау және ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау жөніндегі “ Конвенция; “Континенттік қайраң” жөніндегі Конвенция.

1994 ж. 16 қарашада БҰҰ-ның Конвециясы күшіне енді, сонымен бірге БҰҰ-ның 1982 ж. 10 желтоқсандағы Теңі құқығы бойынша Конвенциясының 9 бөлімін жүзеге асыру жөніндегі Келісімі күшіне енді.

Қазіргі халықаралық теңіз құқығын халықаралық құқық субъектілерінің қатынастарын әлемдік мұхиттағы қызметтері бойынша реттейтін заңдылық қағидалар мен нормалардың жүйесі ретінде сипаттауға болады.

Халықаралық теңіз құқығы жалпы халықаралық құқықтық құрамдас бөлімі болғандықтан, жалпы халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын басышылыққа алады. Бұл қағидаттар: -зара күш қолданбау,қорқытпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, мемлекеттердің қызметтестігі, барлық халықтар теңдей өз тағдарын өздері шеше алады, мемлекеттердің егемендігі бірдей, барлық мемлекеттер өздеріне алған міндеттерді ойдағыдай орындауға тиісті.

Өзмәні бойынша әмбебап және барлық мемлекеттерге кез келген қызметтер де міндетті, соның ішінде, әлемдік мұхитты зерттеу және пайдалану жөнінде мемлекттердің қызметтері, олар барлық халықаралық құқықтық қатынатарда болатын негізгі заңды ережелер мен нормалардан тұрады.

Халықаралық құқықта жер шарының барлық кеңістіктері, оның ішінде әуе және ғарыш кеңістіктері өзіндік құқықтық мәртебесі бойынша ең басты екі аймаққа бөлінеді:

  • құқықтық мәртебесі ішкі мемлекеттік заң нормаларымен белгіленетін кеңістік;
  • құқықтық мәртебесі халықаралық нормалармен белгіленетін кеңістік.

Жер кеңістігі сияқты, Дүниежүзілік мұхит кеңістіктері де жғадағы мемлекеттің мемлекеттік аймағын құрайтын теңіз кеңітіктерінен және құқықтық мәртебесі халықаралық құқық нормаларымен белгіленетін теңіз кеңістіктерінен тұрады.

Теңіз кеңістіктері құқықтық режим бойынша:

  1. құқықтық мәртебесі негізін ұлттық құқық нормалары құрайтын мемлекеттік аймақтар (ішкі теңіз сулары; аймақтық теңіз);
  2. мемлекеттік аймақтар құрамына кірмейтін, алайда жағадағы мемлекеттер мұндай кеңістіктерде Ұлттық заң және халықаралық шарттармен бекітілген белгілі егеменді құқықтарға ие болатын аралас режимдіаумақтар (құрлықтық қайраң және экономикалық аймақ);
  3. халықаралық шарттармен бекітілген барлық мемлекеттерге ерекше құқықтық режимді жалпы пайдалануға жататын халықаралық режимді аймақтар;

Ішкі теңіз сулары

Ішкі теңіз сулары – теңіз жағалауы бар кез келген мемлекет аймағының құрамдас бөлігі болып табылады. Халықаралық құқыққа сәйкес, ішкі теңіз сулары ұғымына аймақтық теңіздің енін есептеуге алнған, мемлекеттер жағасында және түзу негізгі сызықтармен орналасқан сулар жатады.

Аймақтық теңіз.

Аймақтық теңіз не аймақтық сулар – бұл жағалаудағы мемлекеттің ішкі теңіз суларына немесе аймақтық құрлығына жанасатын ені 12 теңіз миліне дейінгі теңіз белдеуі. Өзінің құқықтық мәртебесі бойынша аймақтық теңіз жағалауындағы мемлекет аймағының бөлігі ретінде танылады, ол өзінің егемендігін аймақтық теңіз суларына ғана емес, сонымен бірге оның түбіне, әуе кеңістігіне, аймақтық теңіз түбі мен қойнауына да жүргізе алады.

Ашық теңіз.

Аймақ суының сыртқы шекарасында орналасқан теңіз және мұхит кеңістігі ашық теңі деп аталады. Ашық теңіз анықтамасы 1958 ж. Ашық теңіз туралы Женева Конвециясында бекітілген.

Іргелес аймақ.

Іргелесаймақ дегеніміз, аймақ суыа жанасып жатқан аудан. Іргелес аймақтың ені, аймақ суының ені өлшенетін бастапқы сызықтан бастап 24 теңіз миль шегінен аспауы керек.

Континенттік қайраң.

Континенттік қайраң дегеніміз – теңіз түбі тігінің кенеттен белгіленетін, жағалау сызығынан тереңдігіне дейін жайылып жататын материктер айналасындағы су асты жазығы.

Айрықша экономикалық аймақ.

Айрықша экономикалық аймақ дегеніміз аумақ суы және аумақ суының енінен өлшенетін бастапқы сызықтан бастап ені 200 теңіз милін қосып есептегендегі аудан.

Халықаралық бұғаздар.

Бұғаздар – қандайда бір құрлық учаскелерін бөліп тұратын және көршілес су бассейндерін немесе оның бөлігін қосып тұратын біршама тар су кеңістігі.

Архипелагтік сулар.

Архипелагтік сулар – архипелаг мемлекеттердің төңірегін теңіздік басқа бөлімдерінен түзу негізгі сызықтармен шекараланатын, архипелагтің теңіздегі ең алыстатылған аралдары нүктесімен кебул теңіз жартастары құрамына кіретін аралдар арасында орналасқан сулардан тұрады.

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: