Мемлекет басқарудағы мәжбүрлеу

Мемлекеттік басқаруды жүзеге асырушы уәкілетті органдардың негізгі қызметі болып заңдардың атқарылуын бақылау және қамтамасыз ету турады. Осы қызметін орындау үшін атқару билік органдары бағынышты органдар мен тұлғалардың мінез-құлқын анықтау және алдын ала қойылған мақсатқа жету үшін олардың еркіне ықпал ету мүмкіндігіне ие болу тиіс. Ерік бағындыруға әр түрлі әдістермен жетуге болады. Мемлекеттік басқарудың әдістері дегенде басқару субъектісі (мемлекет) басқару объектісінің (физикалық және заңды тұлғалардың) мінез-құлқына ықпал етудің тәсілдері, құралдары түсініледі.

Атқару билік органдарының іс-әрекетінде негізгі болып тікелей немесе жанама ықпал етудің әдістері тұрады. Жанама ықпал ету әдістеріне экономикалық немесе қаржылық, ұйымдастырушы әсер етудің тәсілдері жатады.

Тікелей ықпал ету әдісі дегенде өктем органның лауазымды адамның басқару объектісіне тікелей әсер етуі түсініледі. Ол сендіру не мәжбүрлеу арқылы жүзеге асады.

Сендіру бұл басқарылатынның мінез-құлқына , оның еркіне сана арқылы жүйелі , мақсатты ықпал ету процесі болып табылады. Осы шараның мақсаты басқару объектісінде заңды сақтау және оны құрметтеу дағдысы пайда болуына жету.

Дегенмен , мемлекеттік басқару процесінде құқықтық мәжбүрлеу сияқты шаралардан да колдану шарасыз болады.

Мәжбүрлеу дегенде бағыныштының еркін мойындамау және мінез-құлқына оның жеке мүдделері арқылы және оған тікелей ықпал ету арқылы белгілі жүріс-тұрысын қамтамасыз ету танылады.

Құқықтық мәжбүрлеу- бұл уәкілетті мемлекеттік органдармен (құқыққорғау, атқару органдармен және соттармен) қолданылатын және заңшығаруда бекітілген шаралардың шеңбері. Бұзылған қоғамдық қатынастардың түріннен, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттердің салдарыннан тәуелді мәжбүрлеу шаралар қылмыстықтарға, азаматтықтарға және тәртіптіктерге бөлінеді. Олардың арасында әкімшілік мәжбүрлеу өзгеше орынға ие болады.

Әкімшілік мәжбүрлеуді пайдалану әр түрлі хабардарлықтағы және деңгейдегі мемлекеттік органдардың күнделікті тәжрибесі. Ол алдын алу және жазалау мақсаттарда физикалық және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеу ретінде – заңшығаруда ескерілген әкімшілік санкцияларды колдану қатерімен орнатылған тыйым салу мен шектеулерге бағындыру мақсатында субъектілердің санасы мен мінез-құлқына ықпал ету болып табылады.

Әкімшілоік мәжбүрлеу – негіздері мен мақсаттары бойынша -алдын алу, бұлтартпау және әкімшілік жаза шараларына бөлінеді.

Әкімшілікалдын алу шаралар: құқықбұзушылық істеу мүмкіндігінің өзін жою үшін қолданылады. Оларға карантин, құжат тексеру, көлік қозғалысын тоқтата тұру, куәландыру, мемлекеттік шекраларды уақытша жабу, тағы сол сияқтылар кіреді.

Бұлтартпау шаралары: жасалып жатқан құқыққа қайшы әрекетті тоқтатуға және оның зиянды салдарын болдырмауға қаратылған. Олар жалпы, арнаулы және іс жүргізу шұараларға бөлінеді.

Жалпы шара: мәжбүрлеп емдеу және бас бостандығыннан айру мекемелеріннен қайтқан тұлғаларды әкімшілік бақылау, т.б. .

Арнаулы шара : тікелей күшті, арнайы құралдарды және оқ ататын қаруды қолданылу болады.

Іс жүргізу шара: күштеп алып келу, ұстау, жеткізу, тексеру, көлікті басқарудан шеттету, физикалық тұлға алкогольдық, наркотикалық немесе токсикоманиялық масаңдығын анықтау үшін күәландыру, т.б. Бұл шаралардың толық тізіми әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 618-бабында берілген.

Әкімшілік жаза шаралары : олардың толық тізіми мен мазмүны келесіде оқылатын 9-інші тақырыпта қаралады.

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: