Жабайы жануарлар | Бастауыш сынып

Табиғаттың жас жанашырлары

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Жабайы жануарлар.

Мақсаты: Жабайы жануарлар мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір – бірімен байланысы туралы түсінік беру. Жануарлардың келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөнінде білімдерін кеңейту. Табиғаттың бір бөлігі – жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, құрастыру, ойын, модульдік технология.
Көрнекіліктер: жабайы аңдардың суреттері, карточкалар.
Билингвальдық компонент: Жануарлар – животные.

Мотивациялық – қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң, балалар
Қайырлы таң, қонақтар!

Ұйымдастырушылық – ізденушілік
– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі еске түсіріп жіберейікші!
– Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
– Аптаның қай күні?
– Балалар, суретте нені көріп тұрсыңдар?
– Балалар осы жануарларды бір сөзбен қалай атайды? (Жабайы жануарлар).
– Балалар біз бүгінгі сабақта осы жабайы жануарлар туралы әңгімелесеміз.
– Орманды мекендеп, өз бетімен тіршілік ететін аңдарды жабайы аңдар деп атаймыз. Олар: қасқыр, аю, түлкі, қоян, піл, кірпі, маймыл, сусиыр т. б. Жабайы аңдар азықтарын орманнан тауып жейді. Қыста қардың көп түсуіне байланысты аңдардың азық табуы қиынға соғады. Осы кезде аңдар адамдардың көмегімен қажет етеді. Сендер жабайы аңдарды қайдан көрдіңдер?
– Иә, балалар аңдарды, теледидардан, хайуанаттар бағынан көрдік. Хайуанаттар бағында аңдарға арнайы күтім жасалады, онда

жұмыс істейтін мамандар жануарларды қоректендіреді. Ал аңдарды көруге
келген адамдардың тамақ беруіне рұқсат етілмейді, өйткені аңдар өте қауіпті. Кейбір аңдар орманда, далада, тауда да тіршілік етеді.
– Суретте қандай аңдар бейнеленген?

Қоян – заяц, рэбит.
Аю – медведь, вэа.
Түлкі – лиса, фокс.
Қасқыр – волк, вульф.
Кірпі – еж, хеджихог.
Тиін – белка, скуирэл.
Піл – слон, элифант.
Маймыл – обезьянка, манкей.
Жолбарыс – тигр, тайгэ.
Арыстан – лев, лайэн.
Жабайы аңдардың да балалары болады.
Қасқырдың баласы – бөлтірік.
Қоянның баласы – көжек.
Түлкінің баласы – жәутік.
Аюдың баласы – қонжық.
Жолбарыстың баласы – шөнжік.
Арыстаннның баласы – абдан.

– Балалар қараңдаршы белгісіз біреу біздің топқа хат әкеліпті.
Бізге берілген тапсырма жұмбақ шешу екен. Сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?
– Иә.
– Ендеше, мұқият тыңдаңдар.
1. Сыбдыр шықса қашады,
Қырдан бірақ асады. (Қоян).
2. Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (Аю).
3. Сұр түсті, ақсиған көп тісті. (Қасқыр).
4. Қанжардай тісі бар,
Суық, үрейлі түсі бар. (Арыстан).
5. Тарғыл түсі, ерен күші. (Жолбарыс).
6. Тұмсығы ұзын, күшті,
Өзі ерен, мықты. (Піл).
Енді балалар, тірек сызба арқылы тақпақ жаттаймыз.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп – теріп алайық
Қалтамызға салайық.

Балалар екі топқа бөлініп отырамыз. Шығармашылық топ жабайы жануарларды суретке қарап, құрастырасыңдар.
Екінші топ жабайы жануарлар мен үй жануарлары немен қоректенетінін өз орнына қою керек.
Орнымызбен екі топ ауысамыз.

Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы – қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
– Балалар, суретте кандай жабайы жануарды көріп тұрмыз. (Пиктограмма).
– Аю.
– Аюдың түсі қандай? (қоңыр). Аюдың баласы – қонжық.
– Аюдың бірінші басы, құлағы, қолы, денесі, аяғы болады.
– Аю нені жақсы көреді? (бал мен құлпынай).
– Аю қайда тұрады? (орманда).
Біз оны жақсы көреміз.
Ойын: «Орнын тап».
Шарты: екі жерге құрсау қойылады. Бірінші құрсауда (шеңбер) үй жануары суретін алып ішіне тұрамыз. Екінші шеңберге жабайы жануарларды тауып, карточканы алып, ішіне кіріп тұрамыз.
– Балалар бірінші шеңберде қандай жануарлар тұр, ал екінші шеңберде ше?
Жабайы жануарлар. жүктеу

Жабайы жануарлар жануарлар животные аңдар табиғат жабайы аңдар

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар