Көбейту және бөлу. Амалдардың мән мағынасы | Бастауыш сынып

Табиғаттың жас жанашырлары

Көбейту және бөлу

Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу. Амалдардың мән мағынасы

Мақсаты: Білімділік: көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балаларды ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа, қазақтың салт — дәстүрлерін құрметтеуге үйрету, Отанға, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақ типі: Білімді бекіту, бір жүйеге келтіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ — жауап, көрнекілікпен жұмыс, іздену, кіріктіру, топтық жұмыс.
Құрал — жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, ұлттық ойындар, дидактикалық үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану, ағылшын

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басты иіп бәріміз
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде
Математиканы оқимыз
Миымызға тоқимыз
— Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!
Топқа бөлу (берілген өрнек мәнін табу арқылы)
1 — топ 12 2*6
2 — топ 14 7*2
3 — топ 10 5*2

Үй тапсырмасы қорытылады.

«Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақ — жауап ұйымдастырылады. «Сен маған, мен саған» әдісі бойынша. «Келісемін, келіспеймін» сөздерін пайдаланады.

1 тапсырма. Жеке жұмыс. Тақтаға орындалады.
3х2 =6
5х4= 20
8х3=24
10: 5= 2
18: 9= 2
15: 3=5

Жана сабақ

2+2+2=6 Екі — екіден үш рет алғанда 6 шығады. 2*3= 6 Екіні үшке көбейткенде алты шығады. «*» — көбейту амалының таңбасы; 2*3 — көбейтінді; 6 — көбейтіндінің мәні.
6 — 2 — 2 — 2=0 Алтының ішінде екі — екіден үш рет болады. 6/2=3 Алтыны екіге бөлгенде үш шығады. «/» — бөлу амалының таңбасы; 6/2 — бөлінді; 3 — бөліндінің мәні
Қосу — plus азайту — minus көбейту — multiply бөлу — divided тең болады — equal to
№1 Қосындылардың қайсысын көбейтіндімен алмастыруға болады?
7+7+7
4+4+4
3+3+3
5+5+5
2+2+2
6+6
7+7
8+8

№2Көбейтіндіні қосумен алмастыр. Онын мәнін тап.
3+3+3
4+4+4+4
5+5+5
6+6+6
7+7+7
8+8+8
9+9+9

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

№5 Суретті пайдаланып тиісті сандарды тап:
5*3 3*5 15/3 15/5
Көбейту және бөлу. Амалдардың мән мағынасы. жүктеу

Көбейту және бөлу амалдардың мән мағынасы математикадан сабақ жоспары Көбейту және бөлу

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: