2 санына көбейту және бөлу кестесін бекіту. Қимылды ойындар | Бастауыш сынып

Табиғаттың жас жанашырлары

2 сынып

Бөлім: Көбейту және бөлу. Есептер
Сабақ тақырыбы: 2 санына көбейту және бөлу кестесін бекіту. Қимылды ойындар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру және білу, қолдану. Тақ және жұп сандар.
Тілдік мақсаттар: Көбейту және бөлу кестелер. Ұлтты ойындар
Құндылықтарды дамыту: Оқушылардың бір – бірімен ұйымшылдылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар: қазақ тілі, дүниетану
АКТ қолдану дағдылары: компьютер, проектор, суреттер
Бастапқы білім: Қосу, азайту, көбейту, бөлу

Сабақтың басы
Топқа бөлу:
Мұғалім:
– Сап, түзел! Сааанал! (оқушылар 1 – ден – 22 – ге дейін саналып шығады)
– 1 – ші, 2 – шіге бөлін!
– 1 – шілер бір қадам ал – ға!
– Неше топ болды? (2)
– Әр топта неше оқушы? Ендеше 22: 2 =11 Демек 11•2=22
– Орнына тұр!
– Сап, түзел!
– 1 – ші 3 – шіге бөлін!
– Әр топта қанша оқушы? (тең емес)
– Тақ сандар алға бір қадам, бас!- деп мұғалім бұйырады
– Тақ сандар шапалақтайды, жұп сандар супееер деп бас бармақтарын алға көрсетеді.
– 1 – ші 4 – шіге санал!
– 1 – ші орнында қалады, 2 – шілер бір қадам алға, 3 – шілер екі қадам, 4 – шілер 3 қадам алға.
– Әр бір топта неше оқушыдан шықты?
– 22: 4 =7+1
– Бұл жаттығулар математика пәніне қандай қатысуы бар? (бөлу)
Ендеше бүгінгі сабақ мақсаты: көбейту және бөлуді үйрену.
1 – шілер: Асхана тобы
2 – шілер: Спортзал тобы
3 – шілер: Ұлттық ойындар тобы
4 – шілер: Кабинет тобы

Психологиялық ахуал:
Мен дайынмын сабаққа,
Барлық қызық сабақта.
Оқып, білім аламыз,
Озат оқушы боламыз!

Сабақ мақсаты:
2. 1. 2. 4. 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру және білу, қолдану. Тақ және жұп сандарды ажырата білу.

Мұғалімнің аты – жөні: Ещанова Р. Т.
2 санына көбейту және бөлу кестесін бекіту. Қимылды ойындар. жүктеу

2 санына көбейту және бөлу кестесін бекіту қимылды ойындар тақ және жұп сандар

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар