Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі | Бастауыш сынып

Табиғаттың жас жанашырлары

Сабақтың тақырыбы: Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі
4 сынып

Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар: Әбіш Кекілбаев «Тасбақаның шөбі» атты үзінді әңгімесімен таныса отырып, мәтіндегі түйінді ойды ашуға мүмкіндік тудыру.
Алдыңғы оқу: Тасбақа жайлы біледі.
Ресурстар: ғаламтор дереккөздері, тасбақа суреттері, постер
Тілдік мақсат: Теңеу, әсірелеу
Глоссарий –
Көсік – далада, құмдақ жерде өсетін сәбіз тәрізді жабайы өсімдік
Кібіртік – тоқтап, сүрініп жүреді.
Мимырт – жай жүреді, шабан жүріс.
Талқылауға арналған сұрақтар
– Тасбақаның адамға қандай пайдасы бар екен?
– Әңгімеде киелі тасбақа туралы не айтылады?
– Сені таңғалдырған жайт болды ма?
Құндылықтар
– ынтымақтастық;
– еңбек пен шығармашылық;
– өмір бойы білім алу белгіленді.

Басталуы 2 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылықты ояту
Суретті сөйлет: «Тасбақа…..»

Ортасы
Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру
Әбіш Кекілбаев. «Тасбақаның шөбі»
Табыс критерийлері:

Автордың өмірі мен шығармашылығымен танысамыз. Тақырып мазмұнын түсінеміз.
Ырым – нанымдар туралы білімдерімізді толықтырамыз. Үзіндідегі тілдің көркемдігі жөніндегі әсірелеу сөздерін табамыз.
Киелі тасбақа ерекшелігін аңғарып, өз ойларымызды дәлелді жеткізе отырып, тапсырмаларды орындаймыз.
Әбіш Кекілбай 1939 жылы Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында дүниеге келген. Қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері. Еңбек ері. 2015 жылы 77 жасында өмірден өтті. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деп аталады. «Бір шөкім бұлт», «Үркер», «Дала балладалары» т. б. роман, повестері бар.

2 – сыныпта – «Күйші»;
3 – сыныпта – «Ауыл таңы»
4 – сыныпта – «Тасбақаның шөбі»әңгімесімен танысқалы отырмыз
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді мәнерлеп оқу (Әр топқа мәтін бөліктері беріледі)
«Үштік» әдісі мазмұндау.
Сұрақ – жауап:
А,, В, С оқушыларға
– Жазушы «кісі мінсе кібіртік, бос жіберсең суаяқ құла» деп нені айтып отыр?(А)
– Қарабала келе жатып нені көрді?(В)
– Оның есіне халықтың қандай ырымы түсті?(С)
Жұптық жұмыс
Өзің білетін ырымдарды кестеге жаз.

Мектеп:№14
Мұғалім: Джамбаева Б. А.
Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі. жүктеу
Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі. слайд жүктеу

 

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар