Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар | Бастауыш сынып

Табиғаттың жас жанашырлары

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар
Сабақ түрлері және оның құрылымы

Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т. б.
Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция, талқылау т. б.
Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т. б.
Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында.

Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.
Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында.
Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.
Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау.

Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту.
Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету.
Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.
Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.

Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.
Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.

Сабақ жоспарын жасаудағы талаптар

1. Тақырыбы:
2. Мақсаты:
а) дамытушылық
ә) тәрбиелік
б) жалпы білімділік
3. Күнделікті жоспарды жасаудағы градация – күрделендіру.
а) ұйымдастыру кезеңі
ә) тіл дамыту
б) жаңа тақырыпты енгізу, сол бойынша жұмыс
в) бекіту
г) үй тапсырмасы (үйге берілген тапсырма, өтілген сабақтың 30 пайызынан көп не аз болмауы керек)
д) балалардың жұмысын бағалау
4. Дидактикалық принциптер:

1. Жай және күрделі
2. Жүйелілігі
3. Белсенділігі
4. Білімділігі
5. Көрнекілігі
6. Коммуникативті бағдары
7. Даралап оқыту
8. Ана тіліндегі оқытылуы
9. Жеке дара оқыту

Сабақ беру кезеңіндегі талаптар

1. Тақырыпты жоспарлау
2. Сабақ жоспары
3. Өз білімін көтеру жоспары
4. Жаңа бағдарламаның мазмұнын меңгеру жоспары
5. Сабақтың мақсатын айқындай білуі
6. Сабақ мақсатына қарай мазмұндай білу қабілеті
7. Түрлі әдіс қолдана білу қабілеті
8. Бағдарлама бойынша тәжірибе жұмыстарының өтілу барысы.
9. Сабаққа қызығушылығын тудыру қабілеті
10. Пән аралық байланыс
11. Сабақ кезіндегі тәртібі
12. Мақсатына қарай бағалай білуі
13. Үлгермеушілік себебін анықтай білу қабілеті
14. Кабинет жабдықтарына қосқан үлесі
15. Көрнекілікті пайдалана білу дәрежесі

Сабақтың құрылымдық сәттері

1. Ұйымдастыру кезеңі – 2 – 3 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау – 10 – 15 мин.
Әдістері: сұрақ – жауап, жазба жұмысы арқылы, әңгімелесу, жаттау, оқу, талдау, тест.
3. Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту – 1 – 2 мин.
4. Жаңа сабаққа кіріспе – 1 – 2 мин.
5. Жаңа сабақ – 15 – 20 мин.
Әдістері: әңгіме, баяндау, көрнекі, техникалық құралдар, өткенмен байланыс т. б.
6. Жаңа сабақты пысықтау, қорыту – 1 – 2 мин.
7. Үй тапсырмасына даярлық – 2 – 3 мин.
Әдістері: сыныптағы жұмысқа ұқсас, нормаға сай 1/3 бөлік, түсіндіру, жас, жеке ерекшелікті ескеру.
8. Үйге тапсырма беру.
9. Қорытынды.

Сабаққа қойылатын негізгі талаптар

І. Сабақ мазмұнының халықтығы.
ІІ. Оқу материалының ғылымилығы.
Сабақ барысында берілетін мәліметтерді айрықша тексеріп барып пайдалану. Материал сенімді, дәлелді болуы керек. Негізгі айтылар ой алдын ала саралану керек.
ІІІ. Сабақтың тәрбиелік мәні төмендегі тәрбие түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін қамтиды.
1. Ақыл – ой тәрбиесі.
2. Адамгершілік тәрбиесі:
а) ұлтжандылық;
ә) ұлтаралық қатынас сыйластығы;
б) мейірімділік, ізгілік, имандылық.
3. Саяси – идеялық тәрбие.
4. Еңбек тәрбиесі.
5. Әсемдік тәрбиесі.
6. Дене тәрбиесі.
7. Құқық тәрбиесі.
8. Экологиялық тәрбие.
9. Экономикалық тәрбие.
10. Отбасы тәрбиесі
ІV. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.
Бұл талаптар негізгі сабақ жұмыстарында көрсетіледі. Сабақ мерзімі, тақырыбы, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат, көрнекілік, қолданылатын әдістер жүйесі.
Өткен сабақпен байланыс, проблемалық жағдайларды шешу жолдары да көрсетіледі.
V. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар.
Мұғалімнің өзін – өзі ұстауы, дұрыс көңіл – күйі, балалармен ұстаздық этикаға сай қатынаста болуы.
VI. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар.
Бұл балалардың артық шаршамауы, физкультминут, ойын элементтерін дұрыс қолдану. Сынып бөлмесі, кабинеттердің, ойын алаңдарының талапқа сай болуы.

Қостанай ауданыны әкімдігінің білім бөлімі «Садовый орта мектебі» ММ
Бастауыш сынып мұғалімдері: Алибеков Ж. С.

бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар