Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер шығару | Бастауыш сынып

Табиғаттың жас жанашырлары

Математика сабағынан өткен ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер шығару
Мақсаты:

1. Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты оқушы ұғымын қалыптастыру.
2. Оқушылардың ауызша есептеу дағдысын, екі таңбалы санға көбейту, бөлу туралы білімін, мәтінді есептер шешу дағдысын нығайту.
3. Таза, ұқыпты жазу, ұжым болып жұмыстануға, ойын еркін айтуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

кестелер, «Математика» шрифтограммасы, фишкалар, тірек – сызбалар
Сабақ түрі Брейн – ринг
Сабақ типі жаңа білімді тиянақтау

Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру
ІІ. Ой шақыру ( үй тапсырмасын тексеру)
ІІІ. Қызығушылығын ояту (шрифтограмма шешу)
ІУ. Мағынаны ашу (есептер шығару)
У. Жанды сұрақ
УІ. «Кім тез» ойыны
УІІ. Кубизм стратегиясы
УІІІ Бағалау
ІХ. Үйге тапсырмасы

І. Ұйымдастыру

– Бүгінгі математика сабағы «Брейн – ринг»түрінде болмақ, жарыс түрінде өткелі отыр.
Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады. Әр топтың өз басшысын сайлап алады. Сабақта берілетін сұрақ, тапсырмаларға жақсы жауап берулерің сұралады., дұрыс жауапқа тиісті геометриялық фигуралар беріледі. Сабақ соңында фигуралар бойынша әр топтың ұпайын есептеу.

ІІ. «Ой шақыру»

Үй тапсырмасы тексеріледі. № 9 – мысалдың орындалысын тексеру
ІІІ. Қызығушылығын арттыру
Шрифтограмма шешу.
– Сендерге арналған шрифтограмма беріліп тұр, жауабын шешкенде жасырын сөзіміз шығады. Сендерге әр топқа 3 – 4 сұрақтар беремін, сол сұрақтың шешуін дұрыс шешкенде, жасырынған сөз шығады.

Сұрақтар

1. Метрдің екіден бір бөлігінде неше дециметр бар. (5 дм)
2. Үш ат 15 км шапты. Әрқайсысы неше км шапты. (15 км)
3. Ауданы 81 см шаршының периметрін тап. (36 см)
4. 25000 килограммда неше тонна бар ( 25 т)
5. 2 жыл 11 айда неше ай бар (35 ай)
6. 180 минутта неше сағат бар ( 3 сағат)
7. Қабырғасы 6 см шаршының периметрі қаншы (24 см)
8. Салт атты 4 км жол жүрді. Бұл оның жүруге тиісті жолдың төрттен бір бөлігі. Барлық жол неше километр. (16 км)
9. Жаяу адам 5 км/сағат жылдамдықпен 9 сағатта неше километр жол жүреді
10. 3600 секунд қанша сағат болады (1 сағат)
Шрифтограмманы шешкенде қандай сөз шықты. «Математика!»

ІУ. Мағынаны ашу

Бүгінгі сабағымызда шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер шығарамыз. Ұзындық, уақыт, масса, аудан, көлем, жылдамдық секілді өлшем бірліктерімен таныстық. Оларды өлшеуді де үйрендік. Бұрынғы өткен заманда ата – бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған, тәжірибесінің ұрпақтан – ұрпаққа өңдеп, ұмытпай жеткізген өлшеуді халықтық жүйесі қалыптасқан, Метр, қазіргі қолданылып жүрген таразылар жоқ кезде де ертеден – ақ өздерінің өлшеу әдістері болған. Өлшеудің халықтық жүйесі тұрмыс – тіршілікке қолданылып келген.

1. Елі – 2 – 2, 5см
2. Тұтам – 8 – 10 см (жұдырық ені)
3. Сынық сүйем – 13 – 15см (Бүгілген сұқ саусақ пен бас бармақ арасы
4. Сүйем – 17 – 20 см (бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық)
5. Қарыс – 20 – 22 см(бас бармақ пен ортаншы саусақ арасындағы қашықтық)
6. Кез – 7 – 9тұтам Саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі аралық)
7. Шақырым – 1 км (дауыс жететін жер)

Салмақ өлшемдері

1. пұт =16 кг
2 Қадақ = 400г
3 Ширек = 100 г.
4 1 қоржын= 40 кг
5 1 қап = 50 – 65 кг
6 батпан=300 – 450 кг. Т.. б

Шамалар арасындағы тәуелділік негізінен шамалар үштігінен құралады.

1. жылдамдық, уақыт, қашықтық
2. заттың бағасы, саны, құны
3. заттың массасы, саны, жалпы массасы
4. төртбұрыштың ені, ұзындығы, ауданы

Кітаппен жұмыс №1,№2 – кестені түсіндіру, ауызша берілген шамаларға есептер құрастыру.
№3 – есеп
4 бума – 560 теңге
12 бума -?
Шешуі: 560: 4. 12=1680
Жауабы: 12 бума жіп 1680 теңге тұрады
№4 – есеп
Барлығы – 74 вагон
1 – күні – 1140теңге -? в.
2 – күні – 1080 теңге -? В
Шешуі: (1140+1080): 74 = 30
1140: 30 =38
1080: 30 =36
Жауабы: 38 вагон, 36 вагон

Өткізген: Тәжіғұлова Батырхан
Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер шығару

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар