Л дыбысы мен әрпі | Бастауыш сынып

Табиғаттың жас жанашырлары

Тақырыбы: Л, л дыбысы мен әрпі

Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс – қызметі: «Сауат ашу»
Тақырыбы: Л, л дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру. Ойын арқылы тілдерін, ой – өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Л әрпінің баспа түрлері, суреттер, текшелер, карточкалар. «Сауат ашу. Әліппе – дәптер».

1. Кіріспе
«Көңілді күн» жаттығуы (интерактивті тақтамен жұмыс)
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
Здравствуй школа, здравствуй класс,
Школьный день встречает нас.
Вот уже звенит звонок,
Начинается урок.

Тұсау кесер
Топқа бөліну. Балалар бүгін бізде сауат ашу оқу – қызметі
Сабақты бастамас бұрын А, Т, П әріптерін балаларға таңдатып 3 топқа бөлемін

Ой қозғау
Біз өткен оқу іс – қызметінде қандай дыбыспен танысып едік есімізге түсірейікші
– Дұрыс айтасыңдар.(Р – дыбысын тақтаға ілу)
-«Р» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз дыбыс па?
– Дұрыс айтасыңдар.
«Р» дыбысын қандай текшемен белгілейміз?
«Р» әріпінен, және кездесетін сөздерді маған кім айтып береді?
Радио, қасқыр, ысқырық, ара, зымыран (слайд)
Алдымен қазақ алфавитінде неше әріп бар? – Балалар, дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?
Дыбысты айтамыз, естиміз
Әріпті жазамыз, көреміз.
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты және дауыссыз

«2 топ сурет қиындыларын жинау арқылы лақ пен лимон бейнесін құрастырады)

Жұмбақ жасыру. (слайд)
Түсі сары сүйкімді,
Дәмі қышқыл бір түрлі.
Ащы дей де алмайсың,
Шекерсіз жей алмайсың? Ол не?
«Мә – мә»деген әні бар
Секірер ор, жары бар
Селтеңдейді құлағы
Секіргіш бір жануар
Ол не екен балалар?
– Лимон, лақ сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі? (Л)
– Олай болса, бүгінгі Л дыбысымен және әрпімен танысамыз.
– Қане, бәріміз бірге айтайықшы
-«Л» дыбысы қалай айтылып тұр?
Езуімізді жиырамыз, тістерімізді бір – біріне жақындатамыз. «Л» деп айтамыз
Л дыбысына дыбыстық артикуляция жасау. Кедергімен бе, әлде кедергісіз бе?
– Дұрыс, тіліміз тісімізге тиіп Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр.
– Өте жақсы, олай болса «Л»дыбыс қандай дыбыс екен?
– Л дыбысы қандай дыбыс, дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

№5 орта мектептің МАД тобында ұйымдастырылған
оқу іс – қызметінің технологиялық картасы
Сапарбаева Құралай Жұмабекқызы
Л дыбысы мен әрпі. жүктеу

Л дыбысы мен әрпі сауат ашу әліппе дауысты дыбыстар дауыссыз дыбыстар

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар