Спорт – жан серігі /Спорттық сайыс ойыны/ | Бастауыш сынып

Табиғаттың жас жанашырлары

Тақырыбы: Спорт – жан серігі /Спорттық сайыс ойыны/

Мақсаты: Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығаюы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.

Көрнекі құралдар: жалау, қадауыш, кітап, доп, батут, есеп жазылған қима қағаздар. т. б.
Өтілетін орны: Спорт зал
Спорттық құралдар: Спорттық құралдар, доп, ысқырғыш, шар т. б құрал жабдықтар.

Өту барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар Бүгінгі «Спорт – жан серігі» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер
Уа халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың дені сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда

Риза: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

Мұғалім:
Салауатты өмір салтын сақтайтын
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын
Қыран тобы келді бүгін сайысқа
Өз топтарын жақтайтын – деп ортаға «Сұңқар» тобын шақырамыз

Риза:
Ұстанған салауатты өмір салтын
Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық «Тұлпар» тобын

Мұғалім: Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі: Мұхамбетова Жаңылсын
Мектеп психологы: Төлекбаева Гүлнұр

Мұғалім: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен – тек жоймайық! – дей келе бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

Бүгінгі спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрады.

1. «Эстафеталық» сайысы.
2. Ептілік
3. Шар жару
4. Есеп шығару.
5. Доппен секіру
6. Паровоз Топтастыру
7. Арқан тарту

Таныстыру
Сұңқар тобы:
Сұңқардай қалықтаймыз,
Іздеуден жалықпаймыз!
Тұлпар тобының ұраны:
Тұлпар болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.

Мұғалім: 1 сайыс: Эстафеталық
Кегли арасымен жүгіріп барып, жүгіріп қайтып таяқшаны келесі ойыншыға беріп жалғастыру
Мұғалім: 2 сайыс: Ептілік
Басымызға кітап қойып кегли арасымен жүріп өту
Мұғалім: 3 сайыс: Шар жару
Қадауышпен шар жару қай топ көп жарады
Мұғалім: 4 сайыс. Есеп шығару
Бара жатқанда жүгіріп барып берілген есепті шығарып, қайтарда жайылған кілемшеден қайтарда домалау.

Мұғалім: 5 сайыс: Доппен секіру
Мұғалім: 6 сайыс Паровоз
Оқушылар паровоз болып барып берілген тапсырмаға топтастыру жасап, әділ қазыларға тапсырып. қайтарда паровоз болып қайтады.

Мұғалім: 7 сайыс: Арқан тартыс
Қай топ мықты? Екенін анықтау

Енді сайысымыздың жеңімпаздарын таныстыру үшін сөзді әділ – қазылар алқасына береміз. Әділ қазылар алқасы қорытынды баға шығарғанша, сыныбымыздың дайындаған флэш мобын тамашалайық!

Мұғалім:
Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!
Денсаулық – басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
Спорт – жан серігі /Спорттық сайыс ойыны./ жүктеу

Спорт жан серігі спорттық сайыс ойыны салауаттану денсаулықты нығайту салауатты өмір салты

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар