1 – ден 20 – ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы | Бастауыш сынып

Табиғаттың жас жанашырлары

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 1 – ден 20 – ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. 1 – ден 20 – ға дейінгі сандардың таңбалануын үйрету. Тиянақты жауап беруді талап ету. Балаларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Қызмет кезендері/
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Дәлелдеу – ояту
Ұйымдастыру – іздену
1) 1 – 10 санату. ( тура және кері)
2) Математикалық диктант:
4+3=
5+4=
3+6=
10 – 4=
8 – 4=
9 – 5=
Балалар берілген есептерді шығарды.

– Өткен сабақта қандай санмен таныстық?
Жаңа тақырыпты ашу үшін «Бауырсақ» ертегісіне саяхат жасап, сол жерде кездесетін жануарлардың тапсырмаларын орындату. ( Интерактивті тақтаны пайдлану)

1. 1) Жолдардағы сандарды салыстыру.
1 – ден 20 – ға дейін тура және кері санау.
Мына сандардың алдында қандай сандар тұрады?
2 4 6 8 10 12 14 16 18 20

2. 2) Қалқанқұлақтың қатесін тап:
8+2=9 3+3=9
6 – 2= 4 4+2=7
5+3=7 6 – 5=2
Сергіту сәті
1. Санамақ айту
Бір дегенім – білім, Білімсіз жоқ — күнің. Екі деген – елім, Далам, тауым, көгім. Үш дегенім – үміт, Үміт аптар жігіт. Төрт дегенім – төзім, Төзе білем өзім. Бес дегенім – – бесік, Шықтық содан өсіп, Алты деген – ақыл, Тыңдағаның мақұл. Жеті деген – жалау, Жүректегі алау. Сегіз деген – сөзің, Серт беретін кезің. Тоғыз деген – тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. Он дегенім – Отан, Қорға оны, ботам!

Ақмола облысы,
Целиноград ауданы,
Қоянды орта мектебі
Шидерхан Таня
1 – ден 20 – ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы. жүктеу

1 – ден 20 – ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар