Алма ертегісі | Бастауыш сынып

Табиғаттың жас жанашырлары

Топ: І сәбилер тобы

Білім беру салалары: «Коммуникация»

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Алма» ертегісі

Мақсаты: Түрлі педагогикалық технологияларды қолдану арқылы «Алма» ертегісін түсіндіру.
Міндеттері: Балаларды мейірімділікке тәрбиелеу.
Ертегі желісі арқылы балалар өз көзқарастарын білдіруге, әңгімелесуге баулу. Эмоцияларын білуге үйрету. Сахналауда кейіпкерлерді дұрыс қолдануды үйрету.
Көрнекіліктер: Тақырыпқа сай суреттер, алма ағашы, қарға, аю, қоян, кірпі, үстел – үсті театры. Кубик, интербелсенді тақта.
Билингвальды компоненті: алма – яблоко, аю – медведь, қарға – варон, қоян – заяц, кірпі – ежик, ағаш – дерево.
Әдіс – тәсілдері: Ойын, трек – сызба, сәйкестендіру. Сергіту сәтін музыкалық терапия арқылы өткізу.

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбер
Сәлем, сәлем, басым,
Сәлем, сәлем, көзім,
Сәлем, сәлем, бетім,
Сәлем, сәлем, тісім,
Сәлем, сәлем, балалар,
Сәлем, сәлем, апайлар!

Іздену ұйымдастырушы
– Балалар, біз ертегілер еліне саяхатты жалғастырамыз.
– Біз бірнеше ертегілерде қонақта болдық.
– Бүгін де біз сендермен ертегіге қонаққа барайық. Ал,
қай ертегі екенін мынау сыйқырлы қорапша арқылы білеміз.

Ғажайып сәт:
– Балалар, қараңдаршы, мына әдемі қорапты, ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?
(ашылмайды)
– Ой! Балалар, мына қорап ашылмай жатыр!
– Бұл не болғаны?
(Хат жатады)
– Қораптың үстінде хат жатады. Хаттың сыртында: «Осы жұмбақты шешсеңдер ғана қорап ашылады»,- екен.
Олай болса, балалар, жұмбақты шешеміз бе?
Жұмбақ:
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.

Жарайсыңдар, балалар!
Сендер жұмбақтың шешімін таба білдіңдер. Олай болса, балалар, ертегіміздің аты қандай екен, қалай ойлайсыздар?
Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі ертегіміздің аты –
«Алма»ертегісі.

«Алма» ертегісін тірек-сызба арқылы көрсету

Балаларға ертегі желісі бойынша сұрақтар қою

– Алма қандай ағашта өседі?
– Алмаға нелер таласады?
– Аю алманы қалай бөліңдер деді?
Бәрекелді! Енді, балалар,
үстел үсті театры арқылы кім маған сахналап береді?

Билингвальды компоненті:
алма – яблоко, аю – медведь, қарға – варон, қоян – заяц, кірпі – ежик.

Сергіту сәті.
Музыкамен орындайды.
Дидактикалық ойын:
«Төлдерін ата»
Мақсаты: Жануарлардың төлдерін таба білу.
Жүргізілу барысы:
Балалар кезегімен интербелсенді тақтаға шығып, төлдерін жануарлармен сызық арқылы сәйкестендіру керек.

«Қарлығаш» бөбектер бақшасы
Тәрбиеші: Нургалиева Жанар Ақылбековна
Алма ертегісі. жүктеу

Алма ертегісі ертегілер көркем әдебиет эмоциялар сахналау

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар