Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе | Бастауыш сынып

Табиғаттың жас жанашырлары

Білім беру саласы: Әлеумет
Кіріктірілген білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері. Аппликация
Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе

Мақсаты: Балаларға қазақ халқының қонақжайлығы ұлттық салт – дәстүрінің бірі екендігі жөнінде түсіндіре отырып, оларды қонақ күту әдебімен таныстыру, таным – түсініктерін кеңейту. Қонақтарға жайылатын дастарханға қойылатын тамақтармен ыдыстар жөніндегі білімдерін жетілдіре отырып, дайын түрлі – түсті қағаздан қиылған кесені қызғалдақ гүлімен әшекейлеп, желімді ұқыпты пайдаланып жапсыра білуге үйрету.

Білімділігі: Балалардың қонақ күту әдебі жөніндегі түсініктерін кеңейту.

Тәрбиелігі: Балаларды мейірімділік, қонақжайлылық, кішіпейілділік, сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілі: Шаттық шеңбер, сұрақ – жауап, ой – қозғау, сергіту сәті, көрмені шарлау.

Пайдаланатын көрнекіліктер: Суретті слайд, тақырыпқа сай суреттер.

Қажетті – құралдар: Түрлі – түсті қағаздан қиылған кесе, қызғалдақ гүлі, желім, ақ қағаз, дымқыл шүберек.

Жүру барысы:

Шаттық шеңбер.
Күндей жарқырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жайнап
Судай таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық!

– Балалар бір аптада неше күн бар?
– Бір аптада 7 күн бар.
– Балабақшаға неше күн келеміз?
– Балабақшаға 5 күн келеміз.
– Балалар аптаның бейсенбі күні бізге қандай оқу – қызметі болады?
– Экология негіздері. Аппликация
– Балалар осы экология негіздерінен өткен тақырыптарымызды есімізге түсірейікші?
– Жарайсыңдар балалар!
– Біздің табиғат бұрышымыз. Мамандықтың бәрі жақсы. Өзім туралы. Менің көмекшілерім. Туған өлкенің өсімдіктері т. б.
– Балалар бәріміз тақтаға назар аударайық.
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін қонақ әдебі туралы әңгімелейміз. Қазақ халқы – қонақжай халық. Қонақ келген кезде ең әуелі амандасамыз. Үйге кіргізіп төрімізді ұсынамыз. Дастархан жаямыз.

– Қазақ халқы қашаннан қонақжай халықпыз, дастарханнан дәм кетпеген «Қонақ келсе – құт» әкеледі деп ән тәтті тамақтарын қонақтарына қойған. Үйіне келген қонағын қадірлей білген, сый – құрмет қошемет көрсетіп кішілік танытқан.

Дидактикалық ойын: «Не жасырылғанын тап»

Шарты: Тақтада ыдыстардың түрлі суреттері ілулі тұрады.

Тәрбиеші белгісінен кейін балалар көздерін жұмады, тез бір сурет жоқ екенін айтады.
Тәрбиеші: Келген қонақтарға көрсетілетін құрметіміз мамаларымыздың толтырып жайған дастарханы екен.
– Балалар мамаларың үйлеріңе қонақтар келгенде дәмді тамақтар пісіреді ме?
– Қандай тамақтар пісіреді?
– Ата – аналарың келген қонақтарды күтіп, құрмет көрсетеді ме?
– Ия
– Келген қонақты қайда отырғызады?
– Үстел басына шақырады.
Үстелге не төсейміз?
– Дастархан.
– Дастарханға не қоямыз?
– Әр түрлі тағамдар қоямыз.
– Тағамдарды неге саламыз?
– Ыдыстарға
– Ыдыс – аяқтың қандай түрлерін білесіңдер.
– Бұларды балалар бір сөзбен ыдыстар деп атайды екенбіз.

Атырау қаласы, Индер ауданы, Елтай ауылы
«Қызғалдақ» мектепке дейінгі бөбекжайы
Тәрбиеші: Жамиева Алтынай Уразовна
Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе. жүктеу

Экология негіздері аппликация қонақтарды күтеміз әдемі кесе қонақжайлылық

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар