Көліктер | Бастауыш сынып

Табиғаттың жас жанашырлары

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Көліктер

Мақсаты: Сөз бен сөз тіркестерін (қонжық машинада отыр) түсінуге үйрету.

Міндеттері:
Білімділік: Қарапайым сөйлеммен айтылған өтінішті түсіну және орындау.
Дамытушылық: Баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, тілін дамыту;

Тәрбиелік:

Әдіс – тәсілдер: Шаттық шеңбері, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ойын
Сөздік жұмыс:

1. Мотивациялық қызығушылық
1. Шаттық шеңбері: «Әсем күлкі сыйлайық» атты шаттық шеңберге тұрғызады. Тәрбиеші балаларға бір-біріне шырайлы күлкілерін сыйлауды ұсынады.
2. Ұйымдастыру кезеңдері
2. Әңгімелесу:
– Балалар, біздің ұлдарымыз қандай ойыншықпен ойнайды?
– Дұрыс, машиналармен. Мына машинаның атын кім біледі? (бір-бірден әртүрлі көлікті көрсетеді).
– Дұрыс, ал оның барлығын бір сөзбен қалай атаймыз, кім біледі?
– Ал, көліктер не үшін бізге керек? Кім біледі? Көлік бізге көмектеседі, Қалай?
– Әрине, көлікпен жол жүреміз, алыс жерге тез жетеміз.
– Тамаша, енді балалар бізге қонаққа өз көліктерімен бірге жануарлар келеді. Ал, сендер бұл жануар атап, қай көлікте келгенің айтып, не істеп отырғаның айтасыңдар, жақсы ма?
– Ал, кім көп жауап берсе, дұрыс жауап берсе жануарлар бізге сыйлық сыйлайды.

Сергіту сәті:

Соз қолыңды оң жаққа,
Соз қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай
Шеңбер жасап тұрғандай
– Енді балалар, мына суретке қарайық, не бейнеленген?
– Қайталайық, көліктер. Атап көрейік…
– Дұрыс, ал көліктермен тағы не істейміз? Киім тасуға бола ма? Ал, тағы…?

Дидактикалық ойын: «Суретті жинап ал!»
М: Ойлау және қол маторикасын дамытады.
Ш: Бөлінген көліктердің суреттерін жинап құрастыру.

Көліктер көліктің түрлері сөйлеуді дамыту бастауыш сыныптарына арналған сабақ жосары

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар