Қайталау | Бастауыш сынып

Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Есептеу тәсілдерін қолдануға машықтандыру. Есептеулер жүргізудің сәйкес тәсілін көрнекілікке сүйене отырып енгізу, оны қолданудың үлгісін көрсету.

Дамытушылық: Екі амалмен шығарылатын есепті (артық не кем, қосындыны табу) шығаруды пысықтау. Құрылымы күрделі санды өрнектер мен әріпті өрнектермен әр алуан іс – әрекеттер орындауға машықтандыру. Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым – қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқу материалын бекіту сабағы.

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс.
Көрнекілік: Қосу және азайту кестесі, геометриялық фигуралар, периметр табу кестесі.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру: 3 – тапсырма

Білімді жан – жақты тексеру кезеңі.
Ауызша және жазбаша есептеулер.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі
Жаңа сабақ.

1 – тапсырма Есептеудің ерекшеліктеріне көңіл бөлу. Екі бағанын мұғалім басшылығымен орындау, қалғаны өзіндік жұмыс ретінде беру.

83+7 —- 92 – 2 —- 68+2 —- 74 – 4 —- 5+85 —- 93 – 3
83+9 —- 92 – 9 —- 68+6 —- 74 – 8 —- 8+85 —- 93 – 8
2 – тапсырма.»биік», «аласа» сөздері – «артық», «кем» сөздерінің баламасы екенін түсіндіру.

Әділет – 12 дм
Марлен -?, одан 1 дм ұзын
12+1=13 (дм) – Марлен
Ж: Марленнің бойы 13 дм.
Қайталау. жүктеу

Қайталау математика 2 сынып күнделікті сабақ жоспары

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар