Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар | Бастауыш сынып

Табиғаттың жас жанашырлары

Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір – бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін – өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс – тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ – жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем, суреттер, қимақағазар

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Білімді жан – жақты тексеру кезеңі.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
1. Сөздің түбірі мен қосымшасын таба алу;
2. Түбір сөз және қосымшалы сөзді қатыстырып сөйлем құрай алу;
3. жұрнақ пен жалғауды бір – бірінен айыра алу;
4. Жұрнақ пен жалғау жалғанған сөзді қатыстырып сөйлем құрау.

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
——————————————————————–
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.

Сөз жұптарын салыстыру.
Ән – әнші
қаз – қаздар
Жаңа – жаңалық
егін – егінші
Оқу – оқулық
сурет – суретші
305 – жаттығу.
1. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
2. Сөздерді салыстыр. күй – күйші, балық – балықшы, құрылыс – құрылысшы, жылқы – жылқышы.
3. Әр сөздің мағынасын айыр.

Ереже: Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір (түбір сөз) дейміз: көк, күріш, қобыз.
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз: көкшіл, күріштің, өріктің, қобызшы.

306 – жаттығу.
Өлеңді оқы
Қарамен жазылған сөздердің түбірін қосымшалардан сызықшамен бөліп, көшіріп жаз.

Суретші ме, мүсінші ме – әлде кім?
Бояп кетті терезенің әйнегін.
Түс кезінде ғайып болды әлгісі,
Бақсам, оным – қысқы каяздың белгісі.

307 – жаттығу орындалады.
Түбір сөзге қосымшалардың тиістісін жалғап жаз.

Түбір сөздер. ————————— Қосымшалар.
Қала, жұмыс, сый, біл, өнер, ——ді, – шы, – лық, – ты,
түсін, ұш, күрек, ойын. ———– – ті, – шық, – гіш, – ім.
Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар. жүктеу

Түбір мен қосымша қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар