Ұлт бірлігі – ұлы байлық! | Тәрбие сағаты

Қайырлы күн, әріптестер мен тыңдаушылар!
1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Ұлт бірлігі – ұлы байлық!» атты іс – шарамызға қош келдіңіздер!
Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.
Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз ешқашан бұзылмасын.
Қазақстан Республикасын мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату – тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат – мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт – дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай – ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығын ерекше бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

Бірлік пен ынтымақ бар жерде ғана тірлік бар, дегендей, біздің де тыңдаушыларымыз бірлесіп бүгінгі сабағымызда өз өнерлерін сіздердің назарларыңызға ұсынбақшы. Ендеше, алдарыңызда жаңа форматтағы орыс халқының Үйшік ертегісі, қабыл алыңыздар!
Үйшік ертегісі
Автор: Ботина О. В.
Кейіпкерлер:
Тышқан – Айтымова Дарья (қазақ)
Бақа – Ашимова Наташа (хохол)
Қоян – Свириденко Елена( неміс
Түлкі – Морозова Елена (орыс)
Ешкі – Соложонкина Галя (грузин)
Мысық – Мишина Светлана (ағылшын)
Аю – Шашура Юра (белорус)

Музыка: В гостях у сказки

Автор: (Қазақша амандасады)(құстар әндері, музыка)
Бұл орманда болған оқиға. Ашық алаңқайда бір үйшік тұрған. Бір күні орманға бір тышқан қыдырып келеді.
(қазақша музыка, ақ сиса)
Тышқан:
( қазақша амандасады)
Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым!
Қазақстан – бұл біздің Отанымыз,
Қазақстан – бұл біздің ардағымыз.
Кең байтақ Қазақстандай жерде туған
Біздің сірә, барма екен арманымыз?!
(орманды бір айналып шығады)
– Әдемі, бұл үйшікте кім бар екен?
Автор: Ешкім жауап қайтармады. Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін орманға секіріп бақа келеді.
(украин халық музыкасы)
– Бақа: ( украин тілінде амандасады)
Қандай әдемі орман! Қандай әдемі үйшік!
Әдемі, кішкентай бұл үйшікте кім бар екен?
– Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын! Ал, сен кімсің?
— Бақа: Мен бақылдауық бақамын.
– Тышқан: – Кел, бірге тұрайық!
Автор: тышқан мен бақа екеуі тіл табысып, бірге тұрады.
Енді орманға ытқып – ытқып қоян жетеді.
(неміс халық музыкасы)
– Қоян: ( немісше амандасады)
Ерте заманда біздің халқымыз осы елге қоныс аударған. Қазақ жері бізді жақсы, құшақ жая қарсы алды. Сонымен біз осы жерде қалдық.
Әдемі, кішкентай бұл үйшікте кім бар екен?
Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын!
– Бақа: Мен бақылдауық бақамын.
Бірге (вместе) – Кел, бірге тұрайық!
Автор: Қоян да үйшікке кіреді, осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.
Автор: Бір күні орманға қу түлкі келеді.(орыс халық музыкасы)
– Түлкі:( орысша амандасады)
Бұрыннан орыс пен қазақ бірге тату тұрады.
Автор: Ол алыстан бұл үйшікті көреді. Үйшікке қарай жақындап келеді.
– Түлкі: Әдемі, кішкентай бұл үйшікте кім бар екен?
Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын!
– Бақа: Мен бақылдауық бақамын.
– Қоян: Мен қорқақ қоянмын.
Бірге (вместе) – Кел, бірге тұрайық!
Автор: үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болды.
Осы кезде бір ешкі жәрмеңкеден келе жатады.
(грузин халық музыкасы)
Ешкі: ( грузин тілінде амандасады)
Біз, грузин халқы жомарт халықпыз. Алыңыздар, жеңіздер!
Әдемі, кішкентай бұл үйшікте кім бар екен?
– Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын!
– Бақа: Мен бақылдауық бақамын.
– Қоян: Мен қорқақ қоянмын.
– Түлкі: Мен қу түлкімін.
– Бірге (вместе) – Кел, бірге тұрайық!
Автор: Ешкі де олардың үйшігіне кіреді. Олар енді бірге тұрады.
Автор: бір күні бір ерекше мысық орманды аралап жүреді
(итальян халық музыкасы)
– Мысық: (итальян тілінде амандасады)
Мен орман қонағымын. Әдемі табиғаттарыңызды тамашалауға келдім. Сіздерге әкелген сыйлықтарым да бар.
– Бірге (вместе) – Кел, төрлет! Жоғары отыр.
Автор: Әлгі мысық енді олармен дос болып кетеді.
Автор: Бұл орманда бір аю тұрған екен. Бөтен дыбыстарды естіп, барып көргісі келеді.
(белорус халық музыкасы)
– Аю:(белорус тілінде амандасады)
Сіздерде бүгін көңілді екен.
– Автор:
Енді олар осы үйде бірге, тату және бақытты тұрады
(Барлық ұлт өкілдері дастархан басында отырады, қосылып
«Туған жерім» әнін орындайды).

Туған жерім
1Асқарлы, қарлы шың
Аялаған ән құсым
Туған жер, армысың
Саған мың алғысым
Туған жер, тірегім
Сен деп өтті тілегім
Өзің деп үнемі, соғады жүрегім
Қайырмасы;
Туған жерім, туған елім
Ардақтағаным айбыным
Арманымсың арман, думан елім
Асқар белім, шалқар көлім
Құшағын жайған айбыным
Мәңгілік тек пана өзің ғана

2. Много слов сказано
Сколько песен сложено
И стихов искренних
на разных языках
О степях ветренных
Снегом запорошенных
О тебе вечная
Цветущая земля

Припев:
Своих детей храни земля
Пусть ночи будут мирными
У нас на всех одна, одна страна
Своих друзей цени земля
Мы вместе будем сильными
Дорога впереди у нас одна
(проигрыш)
Қайырмасы;
Туған жерім, туған елім
Ардақтағаным айбыным
Арманымсың арман думан елім
Асқар белім шалқар көлім
Құшағын жайған айбыным
Мәңгілік тек пана өзің ғана
Своих детей храни земля
Пусть ночи будут мирными
У нас на всех одна, одна страна
Своих друзей цени земля
Мы вместе будем сильными
Дорога впереди у нас одна

Қорытынды сөз: Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Мереке құтты болсын! Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт – береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ақмола облысы, Бурабай ауданы,
Щучинск қаласы, Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
Абленова Нұргүл Мырзаболатқызы


1 мамыр Халықтар бірлігі мерекесі бірлік пен ынтымақ күні тәрбие сағаты 1 мамыр туралы

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар