Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар. | Бастауыш сынып

Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды зат есімнің негізгі және туынды түрлерімен таныстыру. Негізгі және туынды зат есімді таныту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін – өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ – жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: «Сөз таптары» картасы, Сөйлем, суреттер, қимақағазар

Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Білімді жан – жақты тексеру кезеңі.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Зат есім

Жекеше
Көпше
Жалқы есім
Жалпы есім

Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
1. Оқушыларды зат есімнің негізгі және туынды түрлерімен таныстыру.
2. Негізгі және туынды зат есімді таныту.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
——————————————————————–
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.

19 – жаттығу.
1. Сөздерді салыстырып оқы.
2. Олардың әрқайсысына сұрақ қой, айырмашылығын байқа.
3. Қосымшалы сөздерді көшіріп жаз.
4. Сөз құрамына талда.
өнер – өнерпаз
балық – балықшы
күй – күйші
көл – көлшік
сый – сыйлық
орын – орындық
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар. жүктеу


Негізгі және туынды зат есім қазақ тілі 3 сынып күнделікті сабақ жоспары

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар