Қосындыны санға көбейту (көбейтудің үлестірімділік қасиеті) | Бастауыш сынып

Математика 3 сынып
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға көбейту (көбейтудің үлестірімділік қасиеті)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Көбейтудің қасиеттерін есепті шығару барысында қолдану жолдарын пысықтау.
Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым –
қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік көрсету ‚ практикалық іс – әрекет
арқылы түсіндіру, жарыс.
Көрнекілік: «Көбейтудің қасиеттері» кестесі.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
– Көбейту амалының әр түрлі қасиеттері:

5×3=3×5=15 Көбейтудің ауыстырымдылық
6×4=4×6=24 қасиеті
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
(3×2)×4=6×4=24 Көбейтудің терімділік
3×(2×4)=3×8=24 қасиеті
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
(2+4)×2=2×2+4×2=12 Көбейтудің қосуға қатысты
(3+5)×2=3×2+5×2=16 үлестірімділік қасиеті
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––-
1. Әр түрлі тәсілмен есептеп тап.
Тік төртбұрыштың ауданы – 4×2=8(см ) немесе 2 см × 4 см =8 см
Яғни – 2 см × 4 см = 4 см × 2 см = 8 см Мұнда көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдандық
Тік төртбұрыштың периметрі –
4 см + 2 см + 4 см + 2 см = (4 см + 4 см) + (2 см + 2 см )=8 см + 4 см = 12 см немесе
4 см × 2+ 2 см ×2=2 × (4 см +2 см)= 12 см Мұнда бірінші жағдайда көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдандық.
Қораптың көлемі (3 см × 1 см)× 2 см=6 см Мұнда көбейтудің терімділік қасиетін пайдаландық.
Қосындыны санға көбейту (көбейтудің үлестірімділік қасиеті). жүктеу


Қосындыны санға көбейту көбейтудің үлестірімділік қасиеті математикадан күнделікті сабақ жоспары

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар