Тура теңдіктер қасиеттері негізінде қарапайым теңдеулерді шешу | Бастауыш сынып

Математика 3 сынып
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Тура теңдіктер қасиеттері негізінде қарапайым теңдеулерді шешу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларға қарапайым теңдеулер мен оларды шешу жолдарын үйрету. Теңдеулерді шешу тәсілдерін көрсету. Ауызша көбейту және бөлу тәсілі жайлы білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу, теңдеу және оны шешу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс.
Көрнекілік: Көбейту кестесі.

Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Пысықтау жұмысы.
Теңдеуді, оның екі бөлігін де бірдей санға бөлу арқылы шеш және оның шешімін тексер:

а) х×4=80;
х×4=80: 4
х=20
20×4=80
80=80

ә) 10×х=90;

б) х×5=100;

в) 3×х=60.
Тура теңдіктер қасиеттері негізінде қарапайым теңдеулерді шешу. жүктеу


Тура теңдіктер қарапайым теңдеулерді шешу тура теңдіктер қасиеттері негізінде қарапайым теңдеулерді шешу

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар