Қасиетті ана тілім тақырыбындағы «Тіл мерекесі» онкүндігінің қорытынды кеші | Тәрбие сағаты

«Қасиетті ана тілім» тақырыбындағы «Тіл мерекесі» онкүндігінің қорытынды кеші

Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ ойындарын ойнату, ой – толғау, полиглот, жат оқу т. б.
Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар мен рефераттар.

Өтілу барысы:
Мемлекеттік әнұран
Мұғалім: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Полатова.
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар міне біз бүгін бүкіл Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлағалы отырмыз. Бұған дейін «Тіл мерекесіне» байланысты 15 қыркүйектен бастап жоспар бойынша іс – шаралар жүргізілді. Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Бүгінгі өткізгелі отырған «Қасиетті ана тілім» тақырыбындағы іс – шарамыз 22 – қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге деген сүйіспеншілік сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса, тілім деп жүректері соғып тұрған жалынды жастарымыздың «Тіл мерекесіне» арнап дайындаған «Қасиетті ана тілім» тақырыбындағы қорытынды кешін бастауға рұқсат етіңіздер.

Қ. Шабасовтың «Тілім – тірегім» атты өлеңі.
Нағашбек:
Тілім менің – тірегім, дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің?!
Өз халқыма жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің.
Сәмбет:
Тілім менің – қуатым, күшім менің,
Күшім кетсе не болар ісім менің.
Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,
Тілімменен тірлікті мүсіндедім.
Қуаныш:
Тілім менің – асылым, арым менің,
Арым кетсе не пайда барым менің.
Бас кескендер тілімді кесе алмаған,
Тілден бұрын кетеді жалын демім.
Есет:
Тілім менің – қазынам, қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,
Бола көрме, Ана тіл, қасіретім.
Қанат:
Тілі өлсе болмайды тірі халық,
Бірі өліп, тұра алмас бірі қалып.
Басқа емес өз Ана тілінде тек
Тіршілігін білдірер ұлы халық.
Бақтияр:
Тілім менің – ғасырлардан аманат,
Аманатқа адал болсын Қанағат,
Ар – намысқа келтірмейік жаманат.
Қазақ болып туылдың ба, Ендеше
Өз тіліңді өзгелерге бағалат.
(Ана тіліне тағзым етіледі.)
Арайлым:
Өте ертеде бір қадірлі шешен қария келте дүниеден көз жұмарында қасына ұлын
шақырып алып:
– Балам, мен ұзамай дүние салам. Әкем қазына қалдырмады деп қамықпа. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле дейді. Сонда баласы аманатынын орындайтындығын айтады, бірақ ол көп іздеп ештеңе таппайды. Сосын ол Абзал атаға келеді. Абзал ата оның әбден шаршап, шалдыққандығын көріп, не іздеп жүргендігін сұрайды. Сонда бала:
– Әкемнің аманат еткен асыл мұрасын іздеп таппадым. Ол сонда қандай мұра болды екен? – деп сұрайды. Абзал ата оған:
– Әй, балам – ай, әкеңнің сөзіне еш шүбә келтірме! Оның саған қалдырған мұрасы – тіл! Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз де сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ, балам! Әкеңнің саған қалдырған қазынасы – сол! – дейді. Осы қымбат
қазынамыз ғасырлардан ғасырларға жетіп, толығып келеді. «Тіл – уақыт өзеннің
өткелі», ол бізді өткен бабаларымыздың мекеніне бастап әкеледі.
1 – жүргізуші:
– Ассалаумағалейкум құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі «Қасиетті ана тілім» атты тіл мерекесіне қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші:
– Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар.
Білеміз шаттық хабар қайдан ұшты,
Бәрі енді өзімізге байланысты.
Қаумалап, тік көтеріп әкетейік,
Қанатын жаңа ғана жайған істі!
1 – жүргізуші:
Бүгінгі өткізгелі отырған ойын – сауық кешімізде туған тілін сүйіп оқитын қазіргі заман жастарымыздың өнерлерін тамашалайтын боламыз. Ал олай болса ойын – сауық кешін бастауға рұқсат етіңіздер. Ойын – сауық кешімізге 9 а, ә, б сыныптарынан 3 топ
қатысады. Топтар өзара сайысқа түседі. Осы сайыстарға әділ бағасын беретін әділ –
қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1. Директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары Н. Әуезов
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ. Алтаева
3. Шет тілі пән бірлестігінің жетекшісі Р. Мейірбекова
4. Орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі С. Тәшімбаева
Бағдарламамыздың бірінші бөлімі – «Алтын тамыр» деп аталады. Осы атаумен бабалар мұрасынан қол үзбегендігімізді білдіргіміз келеді яғни әр топ өздерін таныстырады. Таныстыру бөліміне ұран, төсбелгі, қабырға газеті кіреді.
1 – жүргізуші:
Ал олай болса іске сәт!
1топ: «Қазақ тілі – өрісі мол қазына»
Ұраны: Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте.
ІІ топ «Тіл – рухи күре тамыр»
Ұраны: Егер тілім ертең болса құрымақ,
Біз дайынбыз өлуге де бүгін – ақ.
ІІІ топ «Туған тіл – басты байлығым»
Ұраны: Ана тілім өркенде
Бола бер күшті көркем де.
1 – жүргізуші: Әділ – қазылар алқасынан топтардың ұпайларын сұраймыз.
1топ: «Қазақ тілі – өрісі мол қазына»
ІІ топ «Тіл – рухи күре тамыр»
ІІІ топ «Туған тіл – басты байлығым»
2 – жүргізуші:
Тарихқа, баяғы заманның деректеріне жіті көз жіберсек, өзге түркі халықтары сияқты қазақтың да жазу тарихы әріден басталатынын, жазудың алуан түрлерін жазудың арғы тегі суреттен басталғанын көреміз.
1 – жүргізуші:
– Тәңірі ортақ жаратқан,
Аузына халқын қаратқан.
Қара қылды қақ жарған.
Алдынан топты таратқан,
Мөңке, Төле, Қазыбек
Әйтеке, Алшын, би Кебек.
– Белгілі шешендер мен шешен билердің сөздері жазылып сақталмағандықтан, тек бізге ұзын – ырғасы, желі – жұрнағы ғана жеткен. Ауыздан ауызға көше жүріп, сырланып, бүкіл халық қазынасына айналған. Олар халық даналығын, тіл байлығын көрсетеді.
2 – жүргізуші:
– Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, Ғабит Мүсірепов айтқандай «Батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртында қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күй мен жырын бізге жеткізді». Ендігі кезекті термеге берейік.
Сартаева Гүлнәз апайдың орындауында «Ақынға өсиет»термесі.
1 – жүргізуші:
Бағдарламамыздың екінші бөлімі – «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады. Бұл сайысымыздың шарты кадаскопта көрсетілген, артына аталы сөз қалдырған, есімі ел жадында сақталған қазақтың келелі шешен билері мен бір туар ер азаматтарының даналық, шешендік сөздерінің түсіп қалған жерін жалғастыру және ол кімнің сөзі екенін табу.
1. Толғауы тоқсан…, (қызыл тіл)
Сөйлейін десең… (өзің біл)
(А. Құнанбаев)
2. Бар жақсылықтың басы -… (тіл)
(Махмуд Қашқари)
3. Ақыл көркі – тіл
… көркі – сөз.(Тілдің)
(Жүсіп Баласағұни)
4. Сүйемін туған тілді – анам тілін
… (Бесікте жатқанымда – ақ берген білім)
(С. Торайғыров)
5. Туған тіл – ақыл – ой дамуының негізі және… (барлық білімдердің қазынасы)
(К. Д. Ушинский)
6. Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары
қасиеті. Мұралардың ең қымбаты – сөз….(Сөз күн шалмас қараңғы көңілді
шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Асылы адам да, нәрсе де
тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.
(Ғ. Мұстафин)
7. Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры,…( жұмсайтын қаруының бірі.)
(А. Байтұрсынов)
8. Тіл мен мәдениет –… (тамыры қатаймаған егіз қос ағаш.)
( Хакім Алтай)
9. Айтылады тілменен сөз, сыр – ішің,
… (Жақсы сөз де білсең – бедел, ырысың) (Ж. Баласағұни)
10…. Көш бастау қиын емес –
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес –
Шабатын жерде жау бар.
… (Шаршы топта… сөз бастау қиын –
Шешімін таппас дау бар.)
(Бұқар жырау)
11. Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады,
… (Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады.)
(Асан қайғы)
12. Бір сөз айтсаң жақсыға,
Аталы сөзге тоқтайды.
Бір сөз айтсаң жаманға,
Өмірінде ұқпайды.
… ( Надандықтың белгісі
Өзін – өзі мақтайды.
Көкірегі соқырға,
Өмірде таң атпайды.
Шешеннің сөзі шын асыл,
Қап түбінде жатпайды…)
(Жанқұтты шешен)

Толық нұсқасын жүктеу


тіл мерекесіне арналған қасиетті ана тілім тәрбие сағаты 22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар