Сөз құрамы | Бастауыш сынып

Тақырыбы: Сөз құрамы
Мақсаты: а) 2 – сыныпта өткенді қайталау, жүйелеу; сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін пысықтау;
ә) сөзді талдау қабілеттерін дамыту; сөз мағынасын ұғыну қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін дамыту;
б) ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: қайталау сабағы
Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.
Әдіс – тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру

II. Өткен сабақты еске түсіру. Сұрақ – жауап.
Көп мағыналы сөздер деген не? Мәндес сөздер деген не?

III. Сөз құрамы.
Сөз дыбыстардан құралады. Дыбыстар әріптермен таңбаланып жазылады. Дыбыстарды айтамыз, естиміз. Әріптерді көреміз, жазамыз. Мысал келтіріп оны сөз құрамына талда ауызша.
1 – жаттығу. Ауызша орындау.
2 – жаттығу. Сызбаға қарап, оны толықтыр.
3 – жаттығу. Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат. Сөйлем құрастырып жаз.
Құр – ақ, құр – ақ – тар, күй – ші, күй – ші – нің, оқу – шы, оқу – шы – ның, теңіз – ші – ні, теңіз – ші – лер, теңіз – ден, кітап – тар, қобыз – шы – лар, ауыл – дар – ға, үй – ге, өнер – лі, орау – шы – лар.
4 – жаттығу. Сөздерге жұрнақты жалғап жаз.
1. Мүсін – ші, қой – шы, ел – ші, мал – шы, би – ші.
2. Саз – гер, қала – шық, іс – кер, көл – шік.
3. Мұнай – лы, көктем – гі, қыс – қы, дала – лы, жылқы – лы.

IY. Сергіту. Ойын: кім жылдам?

Y. Өзіндік жұмыс. Қима қағазбен жұмыс.

YI. Бекіту. Сұрақ – жауап.
1. Түбір деген не? 2. Қосымша деп нені айтамыз?
3. Жалғау деген не? 4. Жұрнақ дегеніміз не?

YII. Бағалау. Үйге: 5 – жаттығу. 115 бет.
Сөз құрамы. жүктеу


Сөз құрамы күнделікті сабақ жоспары қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспары

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар