Қош бол, сүйікті Әліппем! | Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаттары «Қош бол, сүйікті Әліппем!» 1 сынып
Мақсаты:
1. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тексеру 4 айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлерімен жан – жақты білімдерін ата – аналарға көрсету.
2. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бір – бірін сыйлауға, өзін – өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі:
Тақырып жазылған билборд, мазмұнды суреттер, әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулығының макеттері.

І – жүргізуші: Уақыт…. Уақыт – жарыса ескен жел секілді, бір күннің артынан екінші күнін қалай туып, жатқанын байқамай қаласың.
Уақыт – жөңкіле көшкен бұлт секілді, бүгінгі күнінің қалайша өзіңнен алыстап бара жатқанын аңғармай қаласың.
Уақыт – жарысы аққан су секілді, ертеңгі күніңнің қалай жақындап қалғанын байқамай қаласың. Шынында да 2 тоқсан тез зымырап, өте шығыпты. Ол біреуге аз, біреуге көп көрінер. Бұрынғы сәттерің кімнің есімде қалған екен.

Көрініс:
Кенже. Ол менің есімде:
Есімде ұстаздың алғашқы қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Ерасыл: Иә, иә есімізге енді түсті. Ол кезде біз әр үйдің мәпелеген кіп – кішкентай ерке балалары едік. Тіпті кейбіреуіміз мектепке кіруден қорқып, әндете жылағанбыз. Кейін үйрене келе барлығымыз бір – бірімізге бауыр басып, бір отбасының балаларындай достасып кеттік емеспе. Ал, бүгін әліппемен қоштасқалы жатырмыз.

І жүргізуші:
Армысыздар аналар!
Бармысыздар балалар.
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші:
Шашу – шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын бастайық (музыка ойнайды, шашу шашылады)

І жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен, құрметімізді көрсетіп
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға (оқушылар ортаға шығады)

ІІ жүргізуші:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен ( оқушылар)

Болашаққа жол ашар –
Ол сүйікті – Әліппе!

І жүргізуші:
– Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық. (Әліппе әнін оқушылар айтады, әліппе ортаға шығады)
Әліппе ортаға шығады:
– Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата – ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!

ІІ жүргізуші:
Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.

Кенже: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе

Муса Жанерке: Жақсы кітап әліппе
Үйретеді әріпке
Қуыршақпен қоштастым
Әріптермен достастым

Арулан: Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен

Мұратбек Жанерке: Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа

Бастауыш сынып мұғалімі: Елубаева Лязат Алпысбаевна

Қош бол, сүйікті Әліппем! жүктеу


Әліппемен қоштасу сценарийі әліппемен қоштасу ертеңгілігі қош бол сүйікті Әліппем

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар