Отан – отбасынан басталады | Тәрбие сағаты

1 сыныптарға
Тәрбие сағат тақырыбы: Отан – отбасынан басталады
(ата – аналар мен оқушылармен бірлесе өткізген тәрбие сағаты)
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға отан, отбасы, ұғымдарын қалыптастыру; Танымдық ойлау қабілеттерін арттыру; Топта жұмыс жасата отырып, бірінің пікірін бірі тыңдай білуге үйрету; Ата-ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Елін, жерін, құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Өлеңдер, мақал – мәтел,
Тәрбие сағатқа қатысушылар: Ата – аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер.
Тәрбие сағат әдісі: тренинг «Шаттық шеңбері», Сайыс, СТО әдістемесі элементтері

Тәрбие сағат барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: треннинг«Шаттық шеңбері» Топқа бөліну.
І. Сөзжұмбақ шешу. (Тақырып ашу).
Оқушылар үлкен шеңбер құрады, ата – аналар ішкі шеңберде тұрады.
Оқушылар:
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз
Ту ғып ұстап бірлікті
Тату тәтті жүреміз
Ата – аналар:
Достық – өмір тірегі,
Достық баршаның тілегі
Татулық дәйім сақталса
Қуанып соғар әр адамның жүрегі
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Құрметті ата – аналар, әріптестер, балалар. Бүгін біз бірлесіп өткізгелі отырған еліміздің тәуелсіздік күніне, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай және кішкене отанымыз Отбасымызға арналған Отан – отбасынан басталады атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Қазір балаларыңыздың әзірлеген кіріспе сөзін тамашалаңыздар.

Тоқтар: Қазақстан тәуелсіз ел.
«Жауына табынбаған,
От болып жалындаған..»
Азаттық қоныс қылған,
Елінде бақыт тұнған.
Шыңғыс. Қыраны еркін самғап,
Аспанда қалықтаған.
Желбіреп жалаулары,
Әнұраны шарықтаған.

Әнұран айту….
Әйгерім: 1991 жылы желтоқсанның 1 – де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.

Ясмин: Шықты тарап ой данадан,,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
Әмір: Шырақ етіп өмір нұрын
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым – ол.

Санат: Президент туралы өлең

Мұғалім: Иә, Халқымыздың «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата – бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істер – елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан – ұрпаққа дарыса деген асыл арманы.
Қазақ қоғамында отбасы – өмірдің тұтқасы, Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан – жақты тәрбиелі болып өсуіне өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата – ана мен баланың және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым – қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. «Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы осы отбасынан басталады. Ендеше «Отан отбасынан басталады» атты тәрбие сағаты сәтті өтсін.

ІІ. Топқа ат қою, постер салу, қорғау.

ІІІ. Оқушылар мен ата – аналарға сұрақтар мен тапсырмалар: әр топқа 3 сұрақтан беру, жауапты орыннан айтады.
а) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заң қай жылы, күні, айы қабылданды? (1991, 16 желтоқсан)
ә) Тәуелсіздік алуымызға қандай оқиға себеп болды? Осы оқиға қашан болды
(желтоқсан оқиғасы, 1986жыл, 16 желтоқсан)
б) Президент қай жылы, қай күні алғашқы рет ант берді? (10. 12. 91ж)
в) 2013 жылы ұлттық валютамыздың неше жылдығы тойланды? (20 жыл)
г) Тілдер мерекесін қай күні тойлаймыз? (22 қыркүйек)
ғ) Еліміздің Ата Заңы қай жылы қабылданды? (1995ж, 30 тамыз)
д) Ақмола қаласы Астана қаласы деп қай жылы аталды? (6. 05 1998ж)
е) Еліміздің Рәміздері қашан қабылданды? (1992ж, 7 маусым)
е) Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
ж) Елтаңбаның авторы кім? (Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)
з) Алматы қаласының бұрынғы аты? (Верный)
и) Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні қай күн? (1 желтоқсан)

ІҮ. Жоғалған сөзді тап ойыны. Көп нүктенің орнына тауып жазу.
1 – топ: 1. Туған жерге…….. (туың) тік.
2. Отансыз адам,
Ормансыз………. (бұлбұл).
3. Басқа елде…….. (сұлтан) болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
2 – топ: 1. Отан……..(отбасынан) басталады.
2. Ел үмітін…… (ер) ақтар.
3. Туған жерім, алтын…… (бесігім)
3 – топ: 1. Өз үйім өлең…….. (төсегім)
2. Туған жердей…..(жер) болмас,
Туған……… (елдей) ел болмас.
3. Отан -……… (оттан) да ыстық.

Павлодар облысы, Качир ауданы,
Қ. Оспанова атындағы №3ЖББОМ
Сынып жетекші: Каражанова Нурсулу Байназаровна

Отан – отбасынан басталады жүктеу


Отан отбасынан басталады отан отбасы отбасы құндылықтары

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар