Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз | Тәрбие сағаты

Тәрбие сағат. Тақырыбы: Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз

МАҚСАТЫ: Оқушыларды Отанымызды сүйе білуге деген және туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тарихын, тілін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, суреттер, қанатты сөздер, әріптер, сандар, шарлар,
Өтілу барысы.
1. «Тәуелсіздік шежіресі»
2. «Тәуелсіздік деп жырлайды ұланың» поэзия минуты
3. «Отан деген немене?»
4. Сұрақ – жауап
5. Сен өз құқығыңды білесің бе?

І. Кіріспе сөз.
Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгін міне, тәуелсіздік мерекесіне орай өткізгелі отырған «Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз» атты 3 «Б»сынып оқушыларының сынып сағатына қош келдіңіздер!!
Еліміздің егемендігіне ең алғаш қадам жасаған Желтоқсан оқиғасына 25жыл толыпты. Бүгінгі жарқын өміріміз сол ызғарлы күндердің жеңісті жемісі іспетті.
Тәуелсіздігіміз баянды болғай, ағайын. Қане, менің көмекшілерім!!
1 – жүргізуші келеді. 2 – жүргізуші қолын санап тұрады.
1 – жүргізуші: Сен не істеп тұрсың?
2 – жүргізуші: Тәуелсіздік сөзінің әріптері не мағына береді деп ойлап тұрмын.
1 – жүргізуші: Оны ойлап әуре болмай, балалардан сұрайық.
Мұғалім: Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл. (балалар келеді, қолдарында әріптер)
Т – білдіреді теңдікті,
Ә – әдептілік, әлдікті,
У – уайымсыз уақытты,
Е – егемендік елдікті,
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді ең
І – ілтипат қой
З – зиялылық тілек қой
Д – шақырады достыққа
І – ізет қой
К – дейді күн боп көктегі
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.
1 – жүргізуші: Міне, біліп алдық. Тәуелсіздік сөзінің мағынасын.
2 – жүргізуші: Ал, Тәуелсіздік жылы қай жылы болғанын білесің бе?
1 – жүргізуші: Иә, білемін, бірақ оны барлығымыз есітеміз. Кезек тағы да балаларға.

ІІ. ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ
(балалар қолдарында жыл жазылған қағаздар)
– 1991ж Тәуелсіздік алған жыл.
Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суың да,
Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да.
Ұраның да жасасын!
Егемен тәуелсіздігің жасасын!
– 1992жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ – ға мүше болып кірді.
– 1993жылы 15қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006жылы қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
– 1994жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз – ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
– 1995жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.
– 1996жылы 20қаңтарда Қазақстан Республикасының І сессиясы болып өтті.
– 1997жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу» жылы деп аталды.
– 1998жылы 6 мамыр Астана күні. Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
– 1999жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
– 2000жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500жыл толды.
– 2001жыл 21ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10жыл толды.
– 2002жыл «Денсаулық жылы» деп жарияланды.
– 2003 – 2005жылдары «Ауыл жылдары» деп жарияланды.
– 2004жылы «Қазақстан – Ресей» жылы болды.
– 2005жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
– 2006жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15жыл толды. Атақты желтоқсан оқиғасына 20жыл толды.
– 2007жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.
– 2008жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н. Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
– 2009жылы Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жасалынды.
– 2010жылы Қазақстан 56 ірі ел бас қосатын мәртебелі ұйым – Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етті.
VІІ Қысқы Азия олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында спорттық жарыстар болды. Біздің еліміз 32алтын, 21күміс, 17қола барлығы 70медальға ие болды. Оның бойтұмары «ақ барыс» еді.
– 2011жылы Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі
«Желтоқсан оқиғасына» 25жыл, Тәуелсіздігімізге 20жыл толды.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
1 – жүргізуші: Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
2 – жүргізуші: Біздің бүгінгі мерекемізге тәуелсіздіктің төл құрдастары келіп отыр, Ол кісілерді ортаға шақырайық.

ІІІ. (Тәуелсіздіктің төл құрдастары өз тілектері мен құттықтауларын жеткізеді)
1 – жүргізуші: Рақмет сіздерге!
2 – жүргізуші: Біздерге сіздердің жолдарыңызды берсін дейміз!
1 – жүргізуші «Тәуелсіздік деп жырлайды ұланың»
2 – жүргізуші Кезек тағы да балаларға. (Тәуелсіздік жыры оқылады)
1 – жүргізуші: Отан деген немене?
2 – жүргізуші: Осы сөздің мағынасын да ашып тастайық ендеше.
1 – жүргізуші: Отан отбасың, ошақ қасың емес пе? Жоқ одан да Отан туралы балалар не дер екен соны тыңдайық.

ІV. (балалар Отан туралы бір – бір ауыз тақпақ айтады)
1 – жүргізуші: Енді балаларды пікірлесуге шақырайық.
2 – жүргізуші: Жоқ, алдымен білімдерін тексерейік..
1 – жүргізуші Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?
2 – жүргізуші Тудың авторы кім?
1 – жүргізуші Елтаңбаның авторы кім?
2 – жүргізуші Енді қандай сөз шықты оқиық. «Құқық»
1 – жүргізуші Олай болса біз құқық туралы не білеміз, білгенімізді ортаға салайық.
2 – жүргізуші Онда балалар көрініс дайындап келіпті, көрініске кезекті берейік

V. Сен өз құқығыңды білесің бе?
(қойылым көру арқылы пікірлесу)
1 – көрініс.
Екі оқушы аулада ойыншықпен ойнаған сәбиді жолықтырады.
– Ойыншығың әдемі екен кім алып берді?
– Ата – анам.
– Ата – анаң саған тағы не үйретті?
– Үлкендерді сыйлауды.
– Біз үлкенбіз бе?
– Иә.
– Онда аяқ – қолыңды көтеріп тұр.
Сәби аяқ – қолын көтеріп тұрады. Ал оқушылар оны мазақ етіп кетіп қалады.
1 – жүргізуші: Сұрақ:- қандай жағымсыз әдет көрдіңдер?
2 – жүргізуші: Бұл заң бұзушылыққа жата ма?
1 – жүргізуші:- Сәбиді ата – анасы дұрыс тәрбиелеген бе?
(оқушылар пікірлерін тыңдау)
Түйінді ой: Сәбиді ата – анасы дұрыс тәрбиелеген. Бірақ 17бапты үйретпепті. Ата Заңымыздың 27бабында «балаларды тәрбиелеу ата – ананың басты міндеті делінген.
Ата Заңымыздың 17бабында «ешкімді азаптауға, оған зорлық – зомбылық жасауға, адамдық қадір қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды» делінген.
2 – көрініс:
Үш оқушы келе жатыр. Бүгін демалыс қой, қалай демаламыз?
Ішім пысты. Бірдеңе жасайықшы. – Таптым – таптым бәрің аузыңды ашып қаласың, анау ағашқа от тигізсек өте үлкен алау болады да сендер ауыздарыңды ашып қаласыңдар. От тигізейік – деп жүгіре жөнелді. Екеуі ол баланы от керек емес деп әрең тоқтатты.
1 – жүргізуші: Сұрақ: қандай жағымсыз әдет көрдіңдер?
2 – жүргізуші: Бұл заң бұзушылыққа жата ма?
(оқушылар пікірлерін тыңдау)
Түйінді ой: Балалар 24бапты білгенмен, 38бапты білмейді екен. Ата Заңның 24бабында: «әркімнің тынығу құқығы бар» делінген. Ата Заңның 38бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға міндетті» деген.
1 – жүргізуші: Міндетті түрде құқықтарымызды оқып түсініп оларға мән берген жөн.
2 – жүргізуші: Сауатты болғаның жақсы емес пе?
Мұғалім: Бүгінгі мерекеге ата – аналар да қатысып отыр. Ол кісілерді ортаға шақырамыз. Балалар мен бірге мереке баршамызға ортақ, сондықтан ауылдың алты ауызын тыңдасақ.
(ата – аналар ән айтады)
Сергіту сәті: «Орныңды тап!» Сөздер құрастыру
Жанеркенің ән шашуы
Қорытындылау. Міне, бүгін балалар, өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктеріңді, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын: Жұбан Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі.- деген екен.
Олай болса, халқымыздың бүгінге дейінгі жеткен жетістігі өздеріңе аманат. Қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімдімін. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Мадина Әншашу: «Саржайлау»
Хор: Егеменді Қазақстан

Шишимбаева Гульнара Батырхановна


16 желтоқсан күніне арналған Тәуелсіз елдің болашағымыз тәрбие сағаты

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар