Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы | Тәрбие сағаты

Қыз өссе елдің көркі

Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт — дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал — мәтелдер, қанатты сөздер

Барысы:
1 — жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ата — аналар!
2 — жүргізуші: Бүгінгі «Қыз өссе елдің көркі» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

1 — жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

2 — жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар сахна төріне шақырылады)

2 — жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтып,
Әділқазы алқасымен танысайық
1 — жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, өз өнерлерін көрсетеді.

Сайысымыз 5 турдан тұрады.
1. Өзін — өзі таныстыру.
2. мақал — мәтел сайысы
3. Ас мәзірін даярлау
4. Шығармашылық сайысы
5. Сұлулық сыры

2 — жүргізуші: Кел, достар, бастайық,
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.
Ұлдардың орындауында «Ай дидарлы анашым» өлеңін қарсы алайық
Таир, Ербол, Данияр

1 — жүргізуші: Бірінші сайыс өзін — өзі таныстыру.
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін — ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі
2 — жүргізуші: Екінші сайыс — мақал — мәтел сайысы көрінеді білімімен.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Ұлдардың орындауында би «Қазақ қыздары міне» Ерсултан, Даниал, Мади
1 — жүргізуші: Ата — бабамыздың ежелден келе жатқан салт — дәстүрлерінің бірі — қонақжайлылық. Қандай жағдайда да «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, қолдағы барымен дегендей, шамасы келгенше сый — құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Ендеше, үшінші сайысымыз – ас мәзірін дайындау.
«Менің анам алтын өлеңін» қарсы алыңдар Адиль, Даниал, Абдурахим
2 — жүргізуші: Аруларға қызығып қарасын деп, — келесі сайысымыз шығармашылық сайысы.
Орталарында «Қамажай» би
2 — жүргізуші: Сымбатына сай киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп, — келесі сайысымыз сұлулық сыры сайысы.
1 — жүргізуші: Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше
өнерпаздардың өнерін тамашалайық.
«Ақ мамам» өлеңін тамашалаңыздар
Робот көрінісі.
«Апатайым анашым» Арғынбай Абдурахимнің орындауында
2 — жүргізуші: Енді сөзді төрешілерімізге берейік. (Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп — тұрғанын бәрін де есептеген жөн)
Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді ару, дарынды ару, тапқыр ару) жүлде тағайындайды.
1 — жүргізуші: Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
2 — жүргізуші: Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт — береке, бірлік әкелсін.

Қыз өссе елдің көркі қыз сыны сайысы әдептілікке инабаттылыққа ізеттілікке тәрбиелеу

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: