Сәлем, Жаңа жыл | Тәрбие сағаты

«Сәлем, Жаңа жыл!»
Мерекелік ертеңгілік.

1 – жүргізуші: – Құрметті ата – аналар,
Қадірменді ұстаздар мен
Ең сүйкімді балалар!
– Сіздерді келе жатқан 2018жыл Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз! Жаңа келген жылымыз дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке – бірлік, шадыман шаттық, көңілдеріңізге қуаныш әкелсін деп тілейміз!
2 – жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі жаңа жыл кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін
Мына отырған барша жан бәрімізге!
1 – жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
2 – жүргізуші:
Кел, жаңа жыл! Төрле – төрле жеріме!
Құт береке боп келгейсің еліме.
Үміт артып армандарға аяулы
Шаттығыңа бөлегейсің бәрін де! – дей келе
бүгінгі «Сәлем, Жаңа жыл!» атты шағын орталық тобы мен мектеп – алды даярлық тобының мерекелік ертеңгілігін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Жаңа жылдық құттықтау сөз: мектебіміздің директоры Қайрат Тұрсынұлына беріледі.

Тәрбиеші: – Балалар, қазір қай мезгіл?
Балалар: – Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: – Мынау қандай мейрам?
Балалар: – Жаңа жыл.
Тәрбиеші: – Балалар, ортамыздағы әсем не? Балалар: – Шырша! Тәрбиеші: – Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! – Бәрекелді, қараңдар, балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! – Қарайықшы. Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша! – Келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (Көңілді муз. ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Сайқымазақ атып шығады)
Сайқымазақ: – Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап – қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен бірге жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы!
Тәрбиеші -: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, Ата – аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кімдер жетіспейді?
Балалар: – Аяз ата, Ақшақар.
Тәрбиеші: – Қане, онда Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: – Аяз ата, Ақша қар, кел, кел. (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді.)
Жалмауыз кемпір: – Ойбай түрлерін қара! – Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!
Тәрбиеші: – Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе? Жалмауыз кемпір:- Білсем бұйырмасын!
Тәрбиеші: – Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сияқты үлкен әйел адамға ескертудің өзі ұят. – Сен не, мектепте оқымадың ба?
Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын! Маған бір танысым – Орман перісі – мектепте сондай қызықты болады, бір барып көрсең, көрсең ғой деп қой – мап еді, ал, бардым…. Онда кешке дейін тақпақ – әндер жаттатады, ал тәрбиешілері бұрамалы ойыншық сияқты: – Қанша? Неше? Қайда? Ойланыңдар, ойланыңдар дейді де жатады, не одан басқа сөз жоқ па? Тәрбиешілері өздері біледі де, білгендерін балалардан сұрайды. Бүйтіп, мектепте оқығанша сыпыртқыма мініп алып жүрмеймін бе?
Тәрбиеші: – Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Мектепте көңілсіз бе? Айтыңдаршы мектепке не үшін барады? Балалар: – Оқимыз, ойнаймыз, тақпақтар жаттаймыз. Тәрбиеші: – Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз кемпірге қарап) – Түсіндің бе? – Сен өзі қайдан шықтың? – Біз Аяз атаны шақырып едік қой?! Жалмауыз кемпір: – Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? Аяз ата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды «ха – ха – ха» (деп секіреді) Тәрбиеші: – Неге олай еттің? – Аяз ата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл болмақ? Жалмауыз кемпір: – Ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе мектеп… оқу… жазу… Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы бола – ды. Бүгінгі сабақта, біз бет – аузымызды қисаңдатып үйренеміз.
Тәрбиеші: – Тоқта, тоқта!
Жалмауыз кемпір: – Жарайды, жарайды. (балаларға қарап: балалар шырша әдемі болып жану керек қой иә?)
Балалар: – Иә!
Жалмауыз кемпір: – Онда, қане жағып жіберейік! (қолына сіріңкесін алып, жаға бастайды)
Тәрбиеші: – Жоқ! Жоқ! Мына Жалмауыз кемпірден құтыла алмадық қой! (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Жалмауыз кемпір тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата – аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды)
Алыстан Аяз атаның дауысы естіледі.
Тәрбиеші: – Балалар, Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!
Балалар: – Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата: – Саламатсыңдар ма, балалар! – Жаңа жылдарың құтты бол – сын! – Сабақтарыңды «4» пен «5»- ке оқыңдар. – Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. – Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! – Қуант, бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: – Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтатады) (Шырша жарқырайды)
Аязата: – Балалар, менің қарша қызым қайда жүр екен, кім тауып береді екен, маған? – Сайқымазақ, сен барып Ақшақар қызымды тауып әкелші, жарай ма?
Жүргізуші: – Аяз ата, Сайқымазақ Ақшақар қызыңды тауып әкелгенше бір өлең айтайық, көңілімізді көтерейік.
Хор: «Жаңа жыл».
Жүргізуші: – Аяз ата, менің бір жұмбағым бар.
– Ертегідей орманнан Көктей өтіп келеді. Сұңғақ бойлы бір сұлу Табыңдаршы, аты кім?
Балалар: – Ақшақар!
(музыкамен Ақшақар мен Сайқымазақ келеді)
Сайқымазақ: – Аяз ата, мінекей, орманда жоғалтып алған қызыңды тауып әкелдім.
Ақшақар: – Саламатсыңдар ма, балалар! Орманда адасып қалған едім, мені Сайқымазақ тауып алды. – Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!
– Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге Мен бастаймын, ал, сендер Аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар! Ақшақар:
1 -. Қарға мүлгіп дала тұр, Келе жатыр….
Балалар: – Жаңа жыл!
Ақшақар: 2.- Қызыл мұрын, ақ мұртты, Білсең атын тез ата, Келеді бізге….
Балалар: – Аяз ата!
Ақшақар: – Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі……
Балалар: – Әдемі!
Ақшақар: – Көңілсіз бір бала жоқ, Ойын – күлкі таралсын, Құтты болсын…..
Балалар: – Жаңа жыл! (3 рет)
(Жаңа жыл келеді).
Жаңа жыл: – Кім десеңдер, мен жаңа жылмын. Мен сіздерге үлкен табыс, денсаулықтарың мықты, сабақтарыңды «4» пен «5»- ке оқыңдар демекпін.
Аязата: – Бәрекелді, үлкен сый кәмпитімізден Жаңа жылға да беріп қояйық.
– Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!
Балалар тақпақтарын айтуға шығады.
Шағын орталық тобының монтаждары.
«Түлкі, түлкі, түлкішек»
Ән: «Қошақаным»
Ойын: «Кім шапшаң?»

Аяз ата: – Жалмауыз кемпір, дорбаңда не бар?
Жалмауыз кемпір: – Менің дорбамда балаларға арнап сыйлықтар әкелдім, сен сияқты. – Мінекей, мынау бар, мынау бар. (Сыйлықтарын көрсетеді.) – Мына табаға балаларды салып, қуырып – қуырып жіберсем, өте дәмді болады.

Аяз ата: – Тәйт, сыйлықтарыңды сал да, залдан шығып тұр. Әйтпесе, боранға, аязға үсітіп жіберемін.
(Жалмауыз кемпір шығып кетеді.)

Тәрбиеші: – Мінекей, балалар, біз Жалмауыз кемпірден де құтылдық. (Аяз ата мен Жалмауыз кемпірді салыстыру)
Әрі қарай мерекелік кешімізді жалғастырайық.

Мектепалды даярлық тобының монтаждары.

«Апам үшін» әні. Шағын орталық тобының бүлдіршіндері.
Ойын: Ата – аналармен «Дүкенші»

Аяз ата мен ақшақар: – Балалар өнерлерің өте тамаша екен! Өнерлерің өрге жүзсін! Енді біздің де қайтатын уақытымыз болды! Баратын жерлеріміз де көп. Қош аман – сау болыңдар!

Жүргізуші: – Мектеп алды даярлық тобы мен шағын орталық тобының « Сәлем, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіміз аяқталды! Келгендеріңізге көп – көп рахмет!

Сарықамыс негізгі мектебі.
Тәрбиеші: Суюндикова Айгүл


Жаңа жылдық сценарий сәлем жаңа жыл жаңа жылдық сценарий қош келдің жаңа жыл

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар