Менің тәуелсіз, Отаным Қазақстан | Тәрбие сағаты

Менің тәуелсіз, Отаным Қазақстан
Тәрбие сағатының мақсаты; Тәуелсіздікті аңсаған қазақ елінің сан қилы тарихын әр баланың санасына жеткізу. Әр жеткіншектің Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Тәуелсіз еліміздің өсіп – өркендеуі, қол жеткізіп отырған табыстары, ел мен жердің өркениетті елдер қатарынан көрініп отырғаны туралы мәліметтер беру.
Сабақтың көрнекілігі; дайындалған слайдтар

1 слайд. Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіз Қазақстанымыздың 19 жылдық мерекесіне арналған бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сүйем сені, туған жер,
Әжем жөргек жуған жер.
Шапқан жауды еліме
Батыр бабам қуған жер,
Байлық, бақыт тұнған жер.
Миллиард пұт астықты
Қамбаға жылда құйған жер
Сүйем сені, туған жер,
Өнер, білім қуған жер.
Ұшу үшін ғарышқа
Тоқтар белін буған жер
демекші, « Отан» деген сөзді күн сайын етіп жүреміз. Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын адамдардың ата-мекені.
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болды. 1991 жылы жетоқсанның 16 – да Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Дүниежүзі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп таныды. 1995 жылы 30 тамызда еліміз Конституциясын бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдады. 2 слайд Бұл Ата Заңда – мемлекеттің құрылысын, басқарушы, атқарушы, мемлекеттің ішкі сыртқы саясатын анықтап ашып берді. 3слайд. Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібекұлы. Енді елтаңбаға қарайық! Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі, рухын көруге болады. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. «Қазақта шаңырағын биік, керегең кең болсын!» деген сөз бар. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген жылқы малы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Жеті буыннан тұратын мүйіз таңдаған. Қазақ мүйізді қастерлеген. Пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың баулаған сәтін еске салады. Дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. 4 слайд
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков
Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ, жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенімен аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де ал, күнге келетін болсақ, да барша ортақ, күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Қазақ халқы қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы егемен алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
5 слайд Н. Ә. Назарбаев
6 слайд Мемлекеттің келесі белгісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны. Авторлары; Сөзі – Жұмекен Нәжімиденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әні – Шәмші Қалдаяқов
Мемлекеттік белгілерді – нышандарды құрмет тұту әрбір қазақстандық азаматтың міндеті.
7 слайд Біздің еліміз – табиғаты таң қаларлықтай бай өлке болып табылады. Бірнеше кен байлықтарымыз бар; темір, көмір, мұнай, фосфорит, марганец, хромит, алтын, тұз т. б. Қазақстан – Солтүстігінде Ресеймен, Оңтүстік шығыста Қытаймен, Оңтүстікте Қырғызстан, Түркменстан, Батыста Каспий арқылы Әзербайжан Республикаларымен шектеледі.
8, 9, 10, 11 слайд 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп шеруге шықты. Олар; «Тәуелсіздік керек!», «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын!»- деп тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінәлар тағылды.
12 слайд Міндет айқын жоспарыма қарашы
Тебіреніп жатыр қазақ даласы
Болашақтың басталғаны емес пе?
Зымыранды басқарып, ұшты қазақ баласы.
Егемендігіміз арқасында қазақ халқын аспанға көтерер тосын оқиға 1991 жылғы Тоқтар ағаның ғарышқа ұшуы еді. Тоқтар Әубәкіров еліміздің мақтанышы. Оның жолын кейінгі ағалар жалғастыруда.
13 слайд – 20 слайд Жаңа, жас мемлекетке дамыған, өркениетті елдердің қатарынан көріну үшін жаңа типтегі салынған жаңа Астана керек болды.

1997 жылы
10 желтоқсан айында жаңа Астананың туылған күні болып тарихымызға алтын әріппен жазылды. Дүние жүзінің картасында жаңа «Астана» қаласы болды.
21 – 22 слайд 1 – 2 желтоқсан 2010 жыл біздің Республикамыз үшін маңызды күндер болды. ЕҚЫҰ Саммиті барша қазақстандықтардың жетістігі мен мақтанышы! Еуроатлантика және Еуразия аумағында жалпыға ортақ, бөлінбейтін және ұжымдық қауіпсіздікке арналған маңызды мәселелерді талқылау үшін Қазақстан Астанасына ЕҚЫҰ – ға мүше 55 мемлекет пен 12 серіктестік елдің басшылары мен үкімет жетекшілері, 69 халықаралық ұйым жетекшілері, 500 – ге тарта үкіметтік емес ұйым өкілдері мен 1000 – нан аса журналистер келді.

Менің тәуелсіз, Отаным Қазақстан жүктеу


Тәуелсіздік туралы менің тәуелсіз Отаным Қазақстан 16 желтоқсанға арналған тәрбиелік шара жоспары

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар