Сыр мен сымбат | Бастауыш сынып

Өзiн – өзi тану сабағының жоспары
Тақырып: Сыр мен сымбат
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Сұлулық, жақсы көру, аялай білу, мейірімділік, адалдық
Мұғалiм: Темирбекова К. К.

7 сынып
Сабақ мақсаты: Оқушыларға қоршаған орта, табиғат сұлулығы жөнінде адамның сыртқы ортаға деген қатынасының үндестігі туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1. Оқушыларға сұлулық ұғымын түсіндіру.
2. Оқушыларды сұлулықты сезіне білуге, аялап қорғай білуге, жақсы көруге үйрету.
3. Оқушыларды адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
ә) оқушылар назарын сабаққа аудару
б) Тыныштық сәті

Үй тапсырмасы:
1. Сыртқы бейне сұлулығы дегенді қалай түсінісіңдер?
2. «Сұлулық» деген сөзді басқа сөзбен қалай айтуға болады?

Дәйексөз.
«Адам бойындағының бәрі де – бет пішіні де, киім – киісі де, жан дүниесі де, ақыл – ойы да сұлу болуға тиіс».
А. П. Чехов

Әңгiмелеу
Өткен сабағымызда ішкі жан сарайы сұлулығы мен сымбат сұлулығы адамға тән құндылықтар болса, бүгінгі сабағымызда қоршаған орта сұлулығын сөз қылмақпыз.
Сұлулық – бұл ең алдымен адам баласына тән сипат, әйтсе де сұлулықты айнала қоршаған ортадан, табиғат тынысынан да кездестіруге болады.
Сыр мен сымбат. жүктеу


Сыр мен сымбат өзiн өзi тану сабағының жоспары сұлулық жақсы көру аялай білу мейірімділік адалдық

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар