Ұқыпты бала – әдепті бала | Бастауыш сынып

«Өзін – өзі тану» сабағының жоспары №19

3 сынып
Тақырып: Ұқыпты бала – әдепті бала
Құндылық: «Ақиқат», «Сүйіспеншілік»
Қасиеттер: Мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік, таза ниет, адал еңбек.
Мақсаты: Оқушыларға әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсінік беру арқылы сүйіспеншілік құндылығын ашу.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларды ұқыптылық арқылы әдептілікке үйрету.
Дамытушылық: Сыпайылылық қарым – қатынастарын дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
Үнтаспа, бейнетаспа, плакат, түрлі түсті қарындаштар, көбелектер, жұлдызшалар, слайд

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» сақтау)
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтағы 83 – беттегі Б. Әділовтың «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» әңгімесінің түсінігін сұрау.
 Саған қай пышақ ұнады?
 Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
 Қара пышақтың әрекеті дұрыс па?
 Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
 «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Абай
Оқушылар дәйексөзді 3 – 4 рет қайталап оқып, дәптерлеріне көшіріп жазады.
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қорытынды жасаймын.
Адам, ең бастысы, еңбектенуге, бір іске күш – қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
Ұқыпты бала – әдепті бала. жүктеу


Ұқыпты бала әдепті бала мейірімділік қайырымдылық ізгілік таза ниет адал еңбек

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар