Кемеңгер көшбасшымен – татулық кемесінде | Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Кемеңгер көшбасшымен – татулық кемесінде»
Мақсаты: Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру; Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі – өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты, халықтар арасындағы бірлікті көрсету.
Көрнекілігі: Портреттер, фотосуреттер,, Н. Ә. Назарбаевтың кітаптары.
Қазақстан Мемлекеті Гимні орындалады.

Құрметті, мұғалімдер мен оқушылар бүгінгі «Кемеңгер көшбасшымен – татулық кемесінде» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Ертеде әлемді аузына қаратқан, төрткүл дүниені тамсандырған, дәулеті мен сәулеті тасқан, халқы бір – бірімен тату тұратын, қаласы көркем, даласы дархан, аққуы ұшып, қазы қонған, ел бастаған көсемі, сөз бастаған шешені бар бір ел болыпты. Жаны таза, жүрегі адал паң даланың иесі, сұлу сөзбен садақ иген, ешкімге ұқсамайтын, дара болмысты мұндай халық жер бетінде болмаса керек. Тағдырдың тар жол тайғақ кешуіне дес бермеген қажыр – қайраты, қаһармандығы, адалдығы, бірлік – берекесі біте қайнасқан ерекше қасиетімен әлем жұртын назарына аударыпты. Бақыт деген құстан қайда барып тұрақтайсың десе ынтымағы жарасқан елге деген екен. Ал, бақыт құсы бұл елден ешқайда кете алмапты. Сол бақыт құсы қонған ел – біздің туған, өскен жеріміз Қазақ елі екен.
Қазақстанға оның байлығын игеруге көптеген елдер өз инвестицияларын салуда, соның бірі көршіміз Ресей, мұхиттың ар жағындағы Америка Құрама Штаты. Осы елдер өкілдерімен және өз еліміздің өкілдері бірігіп бүгінгі тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Олай болса ортаға үш мемлекеттің өкілдерін шақырамыз.
Қазақстан елі Ресей елі АҚШ елі
Біздің елімізге қош келдіңіздер. Құрметті, қонақтар, сіздер біздің ел туралы қаншалықты білетіндеріңізді, осы кездесу арқылы саралайық.
Бүгінгі кездесуіміз бейбітшілік тұрғыда болғандықтан, ұпайлық жүйе қойылмайды.
Ендеше, кездесуіміздің жұмыс кестесі төмендегідей жоспар бойынша өтеді.
1. Тәуелсіз – Қазақ елі. Сұрақтарға жауап.
2. Нұрлы мекен – нұрлы ғұмыр. Әр топ өз елімен таныстырады.
3. Өз елім – өзегім. Ұяшықты таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.
4. «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында видео – роликтер көрсету.
«Тәуелсіздік тұғыры»атты өлең оқитын Бағытова Н.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
№1 жалпы білім беретін орта мектептің
география пәні мұғалімі Уналбаева Назира

Кемеңгер көшбасшымен – татулық кемесінде жүктеу


Туған жер Отан туралы кемеңгер көшбасшымен татулық кемесінде

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар