Мамандығым мақтанышым атты ашық тәрбие сағаты | Тәрбие сағаты

«Ең қиын мамандық – адам болып қалу» Хосе Хулиан Марти

Тақырыбы: «Мамандығым мақтанышым» атты ашық тәрбие сағаты
Мақсаты:
Білім алушыларды өз мамандық майталмандарымен кездестіре отырып, пікір алысуға, электромонтер мамандығына жүйелі көзқарас қалыптастыруға, электромонтер мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Электромонтер мамандығының маңызы туралы түсінік қалыптастыру

Кештің бағдарламасы:
1. Кіріспе сөз.
2. Қонақтарды таныстыру..
3. Сұрақ бізден – жауап сізден (қонақтармен пікірлесу)
4. Қонақтарға сый.
5. Қорытынды.

1. Кіріспе сөз
1 – жүргізуші: Кеш жарық, құрметті ұстаздар, студент жастар! Баршаңыз да бүгінгі «Мамандығым мақтанышым» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Еңбастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен айналысқан жөн.

2 – жүргізуші: Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 – ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін электромонтер мамандығын таңдадық. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл – кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Бүгін бізде қонақта осы мамандықтың майталмандары деп айтсақ та артық болмас. Сонымен құрметті қонақтарды таныстыруға рұқсат етіңіздер.
2. Қонақтармен таныстыру
1. «Қызылорда су жүйесі»мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас энергетигі – Нарикбаев Бақытжан Ильясұлы
2. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Қызылорда қаласы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының банкіге дейінге сүйемелдеу бойынша кеңесшісі – Ундирбаева Шолпан Жетібаевна
3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Қызылорда қаласы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының стартаптар бойынша кеңесшісі – Жомартов Бағдат Әмірханұлы
4. Психолог – Кішкенбаева Ақнұр
5. Электрик – Жоламанов Еркебұлан

1 – жүргізуші:
Ия, уақыт деген зымыран! “Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа”, – деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, алдарыңызда кеше ғана колледж табалдырығын аттап, бүгінгі таңда бірден – бір кәсіби маманға айналып ел болашағының дамуына өз үлестерін қосқалы отырған. Көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтаған егемен еліміздің ертеңі мен келешегі.
2 – жүргізуші:
Біз жастар – ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениет өсіретін, аға – апаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтар. Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан білікті мамандар қадамдарыңа нұр жаусын.
3. Сұрақ бізден – жауап сізден (қонақтармен пікірлесу)
1 жүргізуші. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т. б Осы тұста құрметті қонағымыз Бақытжан Ильясұлына сұрақ:
1. Бұл мамандықты таңдауға не себеп болды?
2. Жақсы электрик болу үшін адам бойында қандай қасиеттер басым болуы керек?
3. Әттеген – ай деген шақтарыңыз болды ма?

2 жүргізуші. Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт. Ол үшін өзіңнің мамандығыңа деген, жұмысыңызға деген махаббат болу керек. Бүгінде электрик болып жұмыс істеп жатқан, өзінің мамандығы туралы, жұмысы туралы, ұнайтын, ұнамайтыны, қалай түскенін сұрап білу үшін қонағымыз жас маман ________________________ сұрасақ:
Осы мамандыққа жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?

1 жүргізуші Бүгінгі таңда әрбір жас тәуелсіз болып, өз ісін бастағысы келеді. Өзіне өзі қожайын болып, еліміздің дамуына үлкен үлес қоссам екен деген ой осы отырған жастардың көкейінде. Бірақ қалай бастау керек, қандай жолдары бар, өз кәсібімді ашсам көп қаражат керек, оны қайдан алам деген сұрақтар мазалайды. Осы сұрақтарға дұрыс жауап ала алмай жас маман өз кәсібін дамыта алмай қалып жатады. Осы тұста «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Қызылорда қаласы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының стартаптар бойынша кеңесшісі – Жомартов Бағдат Әмірханұлына сөз бергім келіп отыр.

М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі
Абдирасил Кенжегуль Санакуловна

Мамандығым мақтанышым атты ашық тәрбие сағаты жүктеу


Мамандығым мақтанышым ашық тәрбие сағаты мамандық түрлері

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар