Ұстаз – ұлы тұлға | Тәрбие сағаты

Ұстаз – ұлы тұлға

1 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата – аналар және оқушылар!
2 – жүргізуші: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
1 – жүргізуші: Қажымас қайрат,
2 – жүргізуші: Шығармашылық табыс,
1 – жүргізуші: Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!
2 – жүргізуші: Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз өздеріңізге арналады.
1 – жүргізуші:
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.

2 – жүрізуші:
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс – жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де қол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –

Хор «Ұстазым»

Ұстаздарға арналған нақыл сөздер

1 – жүргізуші: «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
2 – жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»
1 – жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
2 – жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
1 – жүргізуші: «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы»

2 – жүргізуші: Нұрасыл, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Кезекті сыныптастарымыздың өздері жақсы көретін ұстаздарына деген слайдтарға берсек.

1 – жүргізуші: жақсы оқушылар сіздерге де осы ұстаздар сияқты ұлы тұлға болып қалыптасуларыңызға тілектеспіз.

1 – жүргізуші:

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал – бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында

2 – жүргізуші:
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!

1 жүргізуші:
Тікелей эфир
Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол – ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер сонымен қатар студиямызға тікелей қоңырау шалуыңызға болады. Біздің телефон нөміріміз 8701 ————- қоңырауларыңызды күтеміз.

Ұстаз – ұлы тұлға жүктеу


Ұстаз ұлы тұлға ұстаздарға арналған мұғалімдер күніне арналған кеш сценрийі

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар