10 саны және цифры | Бастауыш сынып

Білім саласы: Таным
Ұйымдастыру іс – әрекеті: ҚМТҚ
Тақырыбы: 10 саны және цифры
Мақсаты: 10 санымен цифрымен таныстыру, құрамын анықтау.
Білімділігі: 10 санының пайда болуы және оның цифрымен таныстыру.
Дамытушылығы: Логикалық ойларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Санамақтар айтқызып, математикада ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту.
Тәрбиелігі: Зейінділігі; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілікт ер: Суреттер, тапсырмалар, 1 – ден 10 – ға дейінгі сандар. Ыдыстағы құм.
Әдіс – тәсілдер: Ғажайып сәт, түсіндіру, көрсету, салыстыру, өзін – өзі бағалау.
Технологиялық қамтамасыз ету: Вен диаграммасы.
Сөздік қоры: Құрамы, өрнек

Мотивация қозғаушы.
Шыттық шеңбер
Кел, балалар, санайық.
Айналаға қарайық.
Зымыран ұшпас аспанға
Санмен бұйрық бермесек.
Жасырынбақ ойынын
Ойнай алмас есепсіз
Ендеше оқып үйренейік
Қатар – қатар санауды.

Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар, жаңа келе жатсам Буратиноны көрдім. Ол өте көңілсіз, сендер оны көрдіңдер ме? Оған не болды екен?!
Буратино кіреді. (ренжіп)
– Мен оқығым келеді. Санауды білгім келеді. Мектепке барамын, бірақ ештеңе білмеймін.
– Буратино, уайымдама, біздің балалар саған көмектеседі.
Буратино: – Мен келе жатып кілт тауып алдым, және мынандай қорапша. Оның ішінде сандар бар екен.
– Буратино, бұл сандар емес, әріптер. Әріптер артында тапсырмалар бар екен. Кім тапсырмаларды орындайды, осы кілт ашатын құпия есікті табады.
1. «М» әрпі. 1 – 9 – ға дейін кері санау.
Жоғалған сандарды тап. Ауызша.
2. «А» әрпі. Логикалық есептер. Жауабын құм салынған ыдыста жазады.
5 тен4 – ті алайық
Қанша қалды санайық
Қарайық та санайық
Санайық та табайық.
3. «Т» әрпі. Саны бір – біріне артық, кем заттарды теңестіру, салыстыру.
2 *4 3*5 4*4
4. «Е» әрпі. Сан құрамын анықтау.
9 санының құрамын табу.
5. «М» Сиқырлы сан.
10 санын көрсету. 10 саны екі цифрдан тұрады. 1 және 0 цифры арқылы жазылады.
10 саны 9 санынан кейін тұрады.
9 затқа 1 зат қосылу арқылы 10 – ды шығарып алуға болады.
Ағылшын т. ТЭН.
6. «А» Сергіту сәті.
7. «Т» әрпі. 10 санының құрамын табу.
10 саны және цифры. жүктеу


10 саны және цифры 10 саны сабақ жоспары қысқа мерзімді жоспар

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар