Жетім көрсең жебей жүр | Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты: Жетім көрсең жебей жүр
Тәрбие сағатының мақсаты: 1. «Жетім» сөзінің мән-мағынасын аша отырып, оқушыладың ұғымын кеңейту, өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту.
2. Жетім ақысын жемеуге, өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету, жетімге көмек қолын соза білуге дағдыландыру.
3. Жетімге құрметпен қарауға, жәрдем көрсетуге, мейірімділікке, ізгілікке, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, өмірді қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнеқойылымдар.
Тәрбие сағатының түрі: ауызша журнал.

Тәрбие сағатының барысы: І Ұйымдастыру Сәлемдесу.

ІІ Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сынып сағатының тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
«Жетім көрсең, жебей жүр» деп дана бабаларымыз жетім – жесірін жылатпаған. Адам баласының бәрінің баратын жері – біреу. Бірақ біреуге – ерте, біреуге кеш. Жастай үзілген жандардың артында еңіреп аяқтанбаған ұрпағы қалады. Тұл жетім қылған тағдырға дауа бар ма, ал қазіргі заманда жетімнен тастанды бала көп.
Жетімін жылатпауға Үкіметіміз барынша жағдай жасаған. Оларды жан – жақты қолдайтын заң да бар, қаржы да аямай бөлінуде. Жетімдер үйін аралап жүріп бұған көзіміз жетті. Бірақ қамкөңіл жандардың әлі де барлық мәселесі шешілді деп айтуға болмайды.
Бүгінгі «Жетім көрсең жебей жүр» атты ашық альбом сағатымызда осы мәселелерге кеңінен тоқтала кетуді жөн көрдік.

1 – жүргізуші:
Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды жігерге жанығандай.
Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып
Достықтарың жарасып дәл осылай.

2 – жүргізуші:
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақта шыдатады,
Мына өмір бірақта қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.

1 – жүргізуші:
Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу.
Өмір деген – алланың берген сыйы. Өмірдің ащы да, тәтті кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы, жарқын өмір сүруі тиіс. «Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа, жетім балалар үйін көре отырып, әлі де ойланбайтын адамдар көп екеніне көз жеткіздік. Сондықтан біз бүгін сіздерге өмірдің көлеңкелі жақтарын бейнелейтін «Жетім көрсең жебей жүр» атты ашық альбомымызды ұсынамыз.

2 – жүргізуші:
Алдымен «жетім» сөзінің астарына үңілелік. Олай болса альбомның бірінші беті «Жетімдер үйі көбірек»
Оқушы:
Жетім атауының өзі кезінде соғыс заманында ата – аналары қайтыс болған кезде баланың қараусыз қалып отырған. Міне осындай соғыс, қиын – қыстау, ашаршылық кезеңдерде пайда болған болатын. Оның өзінде Тәуке ханның – Жеті Жарғы, Есім ханның – Ескі жолы сияқты заңдарында жетімдерді бай қауқарлы адамдарға асырап алуға беріп отырған. Х – ХХ ғасыр аралығындағы «жетім» ұғымының анықтамасы – толық жанұялық тәрбие көрмеген. Оларға тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Кейінгі жылдары әлеуметтік – экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда.
Оқушы:
Жетім – ата – анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата – анасы қайтыс болған бала. Сондай – ата – ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата – анасы хабар – ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата – анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата – анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата – анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай – ақ ата – анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата – анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала.
Оқушы:
Жетімдіктің түрлері
Әлеуметтік жетім – ата – анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата – ана өз келісімдерімен баладан бас тарту, сондай – ақ ата – ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу.
Тұл жетім – ата – анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата – анасының біреуінің қайтыс болуы. Қазіргі таңда әлеуметтік жетім тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл жетімдер.

Жетім көрсең жебей жүр жүктеу


Жетім көрсең жебей жүр тәрбие сағаты жетім ақысын жемеу қамқорлық адалдық

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар