Үй жануарлары. | Бастауыш сынып

Технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің түрі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Үй жануарлары.

Мақсаты: «Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез — құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, үй жануарлардың пайдасы бейнелейтін суреттер, үлестірмелі материалдар.

Мотивациялық — қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шеңбер бойына тұрып, педагогпен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.
Арым таза, ақ көңіл,
Адамдыққа сенемін.
Абыройлы, ақ ниет,
Адалдыққа сенемін.

Үйымдастырушылық — ізденістік
1. Білімді өзектендіру.
— Ферма дегеніміз не?
— Фермада қандай жануарлар ұстайды?
2. Үй жануарлары және олардың пайдасы туралы әңгіме.
— Ферма — барлық үй жануарларын өсіріп ұстайтын шаруашылық орын. Үй жануарларын адам күтіп — баптайды.
Жануарлардың еті, сүті,
Жұмыртқасы — азық, ал жүні, терісі және мамығынан қаншама тұрмысқа қажетті заттар жасалады.

3. Билингвальды компонент:
Үй жануары — домашнее животное, сиыр — корова, ешкі — коза, тауық — курица. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Олар мыналар: қой,
ешкі, сиыр, түйе, жылқы.

Түйенің төлі — ботақан.
Қойдың төлі — қозы.
Ешкінің төлі — лақ.
Жылқының төлі — құлын.
Сиырдың төлі — бұзау.

4. Үй жануарлары туралы өлеңді оқу.
Шөре, шөре, лағым,
Секеңдеме, деміңді ал.
Тентек болма шырағым,
Селтендемей құлағың.
— Өлең ненің төлі туралы?
— Ешкінің қандай пайдасы бар?
Әукім — әукім әукешім,
Сипайыншы әукесін.
Енең, әне, келеді,
Ақ мамасын береді.

— Сиырдың қандай пайдасы бар? Тағы қандай үй жануарларын білесіңдер?
— Дұрыс, үй құстары және ти, мысық та үй жануарларына жатады.
Қалай ойласыңдар тауық қандай пайда әкеледі? (Еті мен жұмыртқасы — тамақ. Мамығынан жастық жасайды).
5. Динамикалық үзіліс.
«Шип — шип шөжелерім» әнің үнтаспадан тыңдады.
6. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Тапсырманы қалай орындау
Керектігін түсіндіреді
7. Жеке жұмыс өткізеді.
Үй жануарлары. жүктеу

Үй жануарлары домашнее животное сиыр корова ешкі коза тауық

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: